Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстан Дүниежүзілік ядролық энергетика көрмесіне қатысты

Қазақстан Дүниежүзілік ядролық энергетика көрмесіне қатысты

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алдағы 15 жылда әлемде 150 жаңа атомдық реактор салу жоспарланып отыр.

Ал барлық атом электр станцияларының жиынтық қуаты 2050 жылға қарай екі жарым есе артуы мүмкін. Бұл болжамдар осы күндері Парижде өтіп жатқан Дүниежүзілік ядролық энергетика көрмесінде айтылды. Шараға 80-нен астам елден келген 1000 компания қатысуда. Олардың қатарында биыл алғаш рет Қазақстан да бар.

Алтыншы Дүниежүзілік ядролық көрменің ашылуында бәрі бір ауыздан ядролық саланың қайта өрлеуі туралы айтты. Бельгия мен Аргентинада бұрынғы реакторлардың қызмет ету мерзімі ұзартылып жатса, Франция мен Үндістанда - жаңа станциялар қосылып жатыр, ал Вьетнам мен Қазақстанда  алғашқы атом электр станциялары салынбақ. МАГАТЭ мен Халықаралық энергетикалық агенттік өкілдері атап өткендей, бейбіт атомға сұраныс бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсіп келеді. Бұған себеп - электр энергиясының тапшылығы, жасанды интеллекттің жаппай дамуы және климаттық өзгерістер. Осы ретте Халықаралық атом энергиясы агенттігі Қазақстанның рөлі артып келе жатқанын атап өтті.

Рафаэль Гросси, МАГАТЭ бас директоры: 

- Қазақстанның әзірге өз ядролық энергетикасы болмаса да, ол әлемдік атом саласында маңызды рөл атқарып келеді. Бұл ел уран өндіру мен өңдеуде жетекші мемлекеттердің бірі. Референдумнан кейін Қазақстан атом энергетикасын дамытуға  бет бұрды. Менің ойымша, мұндай шешім — инфрақұрылымы мен технологиялық базасы мықты ел үшін дұрыс қадам. Осы факторлардың арқасында Қазақстан бұл бағытта өзге елдерге қарағанда жылдамырақ ілгерілей алады деп ойлаймын. 

Әлемнің мыңдаған компаниясы жиналған ең ірі көрмеде биыл Қазақстан да бар.

Бұл жерде «Қазатомөнеркәсіп», Ядролық физика институты, Ұлттық ядролық орталық және Қазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттігі өз жобаларын таныстырып, әріптестерімен кездесулер өткізуде.

Дастан Көшербаев, «Қазатомөнеркәсіп» стратегия және халықаралық даму жөніндегі бас директоры: 

- Өте ауқымды іс-шара. Мұнда ядролық индустрияның негізгі ойыншылары түгел дерлік қатысып отыр. Қазақстан 2011 жылдан бері уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орынға ие. 2018 жылдан бастап біз жаңа қағидатты ұстанамыз: value over volume, яғни «көлемнен гөрі құндылық маңызды». Біз үшін басты мақсат - өндіріс көлемін арттыру емес, уранның әр фунтын мүмкіндігінше тиімді бағада сату.

Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры: 

- Тоқсан екінші жылдан бастап Қазақстан атом энергиясын бейбітшілік мақсатында қолданып жүргеніне әлемге кең таралып келе жатыр. Әлемге әйгілі Urano Франция компаниясына біздің ядролық физика институты радиоизотоп сатып жатқанына екі жылдай асып бара жатыр. Гренобль қаласында Лауэ-Ланжевен институты бар, жалпы Еуроодақтық сегіз ғылыми орталықтарының ең үлкеннің бірі, сол институтпен Ядролық физикалық институты 2016 дан бері тығыз жақсы қызмет істеп келе жатыр. 

Қазақстанның ғылыми қауымдастығы мен компаниялары көп жылдан бері Франция, Ресей, Жапония және басқа елдермен қауіпсіз атом энергетикасын дамыту, изотоптар өндіру және қолданбалы ғылыми зерттеулер салаларында ынтымақтастық орнатқан. Елде АЭС құрылысына байланысты атом энергетикасының жаңа дәуірінің басталуы осы әріптестікті нығайтып, салада жаңа кадрлардың өсуіне серпін береді,-дейді сарапшылар. Әлемдегі ең ірі электр энергиясын экспорттаушы Францияның бұл бағытта Қазақстанмен бөлісер тәжірибесі мол.

Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы Елшісі: 

- Біздің компаниялар инженерлік кеңесші ретінде Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жобасына қатысуда. Қазір коммерциялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келіссөздер жүріп жатыр, өйткені Қазақстанда болашақ станциялар құрылысына қатысу үшін инженерлер мен техникалық мамандарды даярлау қажеттілігі жоғары. Франция осы бағытта оқыту мен университеттік тәжірибесін ұсына алады.

 Күн мен жел секілді баламалы қуат көздеріне қарағанда, ядролық энергетика ауа райына тәуелсіз, төмен көміртекті электр энергиясын өндіреді. Оның тұрақтылығы CO₂-ны азайтуға, шығындарды бақылауға және желідегі тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Дәл осы туралы былтыр Дубайда өткен БҰҰ климаттық конференциясында да айтылған еді. Онда Қазақстанды қоса алғанда 20 мемлекет әлемдік ядролық қуатты үш есеге арттыру туралы декларацияға қол қойған. 

Айдана Айтбекқызы, Руслан Өміржан

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:269
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 23:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары