Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Жылу желілері жаңарады

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Кәсіптің кілті гаражда

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Юрген Боос: Қазақстан Франкфурт кітап көрмесіне қонақ болуға лайық

Юрген Боос: Қазақстан Франкфурт кітап көрмесіне қонақ болуға лайық

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлемдік кітап индустриясының ең ірі әрі беделді алаңы саналатын Франкфурт халықаралық кітап көрмесі жыл сайын мыңдаған баспагер, жазушы, әдеби агент пен мәдени ұйымды бір ортаға жинайды. Кейінгі жылдары еліміз Франкфурт халықаралық кітап көрмесіне белсенді қатысып келеді. Жыл сайын елдің ұлттық стендтері ұйымдастырылып, баспагерлер мен әдеби ұйымдар шетелдік әріптестермен байланыс орнатып жатыр. Бұл көрмеге қатысу арқылы қазақ әдебиетін, мәдениетін әлемге таныстыру бағытында түрлі іс-шара өткізілді. Осы көрменің директоры Юрген Бооспен сұхбаттасып, әлемдік нарыққа шығу, аталған кітап көрмесінің маңызы туралы әңгімелестік.

– Әлемдегі ең ірі кітап көр­месі ретінде Франкфурт кітап жәр­меңкесі қазір қандай мис­сияны көздеп отыр?

 – Бүгінде Франкфурт кітап жәрмеңкесі авторлық құқықтар мен контент алмасатын әлемдегі ірі алаң ғана емес, сонымен қатар мәдениеттер тоғысатын, кәсіби пікірталас жүретін жаһандық платформаға айналды.

Қазіргі геосаяси және техно­ло­гиялық өзгерістер үдей түскен заманда біздің басты міндетіміз – халықаралық баспа желілерін нығайту, сөз бостандығын қор­ғау, өңірлер арасындағы тұрақ­­ты ынтымақтастыққа жол ашу.

Біз қалыптасқан нарықтар мен жаңа қалыптасып келе жатқан әдеби кеңістіктерді бір-бірімен байланыстырып, жәрмеңке аяқталғаннан кейін де жалғасатын ұзақмерзімді серіктестіктің орнауына ықпал еткіміз келеді.

– Кейінгі жылдары әлемдік баспа индустриясында қандай ірі өзгерісті байқадыңыз?     

– Қазіргі уақытта баспа ин­дус­триясы терең құры­лым­­­­дық өзгерісті бастан өтке­ріп жатыр. Цифрлық тара­ту арна­ла­рының кеңеюі, аудио­кітап фор­матының дамуы, ли­цен­зиялық модельдердің жаңар­уы және жасанды интеллект тех­но­ло­гия­ларының қолданылуы бұл са­ланың келбетін айтарлықтай өзгертіп келеді. Тіпті әлемдік әдеби кеңістікте біртіндеп әртараптану үрдісі байқалады. Бұрын халықаралық деңгейде көп көріне бермейтін өңірлер енді өз әдебиетін жаһандық нарыққа шығаруға ұмтылып жатыр. Солардың қатарында Орталық Азия да бар. Бұл аймақ халықаралық әдеби байланыс­­тарды нығайтуға ерекше қызы­ғу­шылық танытып отыр. Мұндай жаңа әдеби қауымдастық әлемдік әдеби кеңістікке тың көзқарас қосатыны анық.

– Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект кітап нарығын қалай өзгертеді деп ойлайсыз?

– Сіз атап өткен бұл құрал­дар аударма үдерістеріне, мета­дерек­тер­ді басқаруға, авторлық құқық мәселесіне, кітаптарды іздеуге, нарықтық талдауға ықпал етіп жатыр. Оның әсері кейде оң, кейде күрделі болуы мүмкін. Дегенмен дұрыс бағытынан қа­ра­сақ, жасанды интеллект жұ­мыс тиімділігін арттырып, контентке қолжетімділікті кеңейте алады. Бүгінде ЖИ-дің бастапқы эксперименттік құралдан баспа ісінің күнделікті өміріне енген маңызды элементке айналып келе жатқанын көріп отырмыз. Соған қарамастан, әдебиет ең алдымен, адам рухының жемісі болып қала береді. Әңгімелеу өнерін, мә­дени астарды, ой тереңдігін ешбір алгоритм толықтай алмас­тыра алмайды. Сондықтан баспа саласының басты міндеті – техно­логиялық жаңалықтарды жауап­кершілікпен енгізіп, шығар­машылық еркіндік пен редак­ция­лық тәуелсіздікті сақтап қалу.

– Әдебиет халықтар арасын­да­ғы өзара түсіністікті нығайта ала ма?

– Әрине, әдебиет мұндай рөл атқара алады. Кітап арқылы оқырман басқа қоғамды саяси ұрандар арқылы емес, нақ­ты адам тағдырлары мен өмір­лік тәжірибелер арқылы таниды. Аударма мен халық­ара­лық деңгейдегі таралым шы­ғар­ма­лар­дың шекара сыр­тын­дағы әлемге жетуіне мүм­­кіндік береді. Осы арқылы адамдар арасындағы түсіністік пен мәдени сауаттылық артады. Ал кітап жәрмеңкелері мұндай байланыстарға нақты һәм кәсіби негіз қалайды. Олар бас­па­герлерді, авторларды және мәдени институттарды бір ор­таға жинап, ұзақмерзімді мәде­ни қарым-қатынастың қалып­­та­суына ықпал етеді.

– Қазіргі геосаяси жағдайда кітап пен мәдени диалогтің маңызы артты ма?

– Қазіргі белгісіздік пен саяси поляризация күшейген кезеңде терең мәдени диалогтің маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Кі­тап­ ойлануға жете­­­лейді. Кітап­тың күшімен әлем­ге бір­жақты саяси ұрандар ар­қылы емес, күрделі әрі жан-жақты көз­қарас арқылы қараймыз. Сон­дықтан баспа са­­ласындағы халық­аралық ын­тымақтастық жаһан­дық қа­тынастар жүйесін­де тұрақ­­тандырушы әрі сындарлы күш бола алады.

– Франкфурт кітап жәрмең­кесіне Қазақстанның қатысуын қалай бағалайсыз?

– Кейінгі жылдары Қазақстан жәр­меңкеге белсенді түрде қатысып келеді.  Біздің көрмемізге біраз уақыт жиі қатыса алмай жүрген кездері де болды. Бірақ көп өтпей қайта оралып, ұлттық стендін ұсынды, арнайы сахналық бағдарламалар мен кәсіби кезде­су­лер ұйымдастырды. Жәр­мең­кеге қазақстандық баспагерлермен қатар ұлттық бас­пагерлер қауымдастығының өкіл­дері де атсалысып келеді. Со­нымен бірге Қазақстан баспа қауымдастығының өкілі біздің арнайы кәсіби бағдарламамызға үшінші рет ат ізін салды. Бұл – Қазақстан мен жалпы Орталық Азия аймағының халықаралық баспа кеңістігіне шығуға деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсететін оң үрдіс. 

– Орталық Азия әдебиеті Гер­мания мен Еуропа баспагер­лері үшін қаншалықты қызық­ты?

– Орталық Азия әдебиетінде жаңалық ашуға мүмкіндік мол. Еуропалық баспагерлер әлі аударылмаған, халықаралық кеңістікке толық шықпаған әдеби шығармаларға қызығушылық танытады. Бұл жерде ең маңыздысы – танымалдылық, аудармаға қолдау көрсету және тұрақты кәсіби байланыстар орнату. Егер осы бағыттарда жүйелі жұмыс істелсе, аймақ әдебиеті біртіндеп еуропалық нарықта да өз орнын таба алады. Қазірдің өзінде бұл өңірдің әдебиетіне деген шынайы қызығушылық бар.

– Болашақта Қазақстан Франкфурт кітап жәрмең­ке­сі­нің Құрметті қонағы бола ала ма?

– Құрметті қонақ бағдарла­ма­сы – халықаралық баспа әле­міндегі ең беделді мәдени плат­формалардың бірі. Жеке пікірім бойынша Қазақстанның болашақта мұндай мәртебеге ие болуын елестетуге толық негіз бар. Өткен жылы Қазақстанға са­парым барысында елдің әде­би мұрасымен, қазіргі әдеби үрдістерімен, бай мәдени өмірімен жақын таныстым. Көргенім мен сезгенім ерекше әсер қалдырды. Қазақстан мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігі халықаралық аудиторияға да өте қызықты болары сөзсіз. Осы орайда «Nomad Culture Foundation» қорының директоры Баян Қабылаш ханымның атқарып жатқан жұмысын да атап өткім келеді. Қазақстан мәдениетін халықаралық баспа кеңістігіне таныстыру бағытындағы мұндай бастамалар ұзақмерзімді мә­дени ынты­мақтастықтың не­гізін қа­лып­тастырады. Егер бұл бағыт­тағы жұмыс жүйелі түрде жал­ғаса берсе, болашақта жаңа мүм­кіндіктің тууы әбден мүмкін. 

– Егер Қазақстан мұндай мәртебеге ұмтылса, қандай дайындық қажет?

 – Құрметті қонақ мәртебесін алу – бірнеше жылға созылатын мұқият дайындықты талап ететін күрделі үдеріс. Ең алдымен, Қазақстан баспагерлері Франк­фурт жәрмеңкесіне тұрақты әрі белсенді қатысып, халық­аралық кәсіби байланыстарын нығайтуға тиіс. Сонымен қатар қазақ әдебиетін әлемге таныстыру үшін аудармаларды қолдайтын жүйелі бағдарламаның болуы аса маңызды. Ұлттық баспа­гер­лер қауымдастығы мен мем­ле­кеттік құрылымдар арасындағы үйлесімді жұмыс та маңызды рөл атқарады. Кейбір елдер мұндай стратегиялық жұмысты жүргізуге арнайы ұлттық кітап институттарын да құрады. Түптеп келгенде, Құрметті қонақ болудың негізі – ел ішіндегі серпінді баспа нарығы мен халықаралық оқырманды шынайы қызықтыра алатын заманауи әдеби орта қалыптастыру. Сонымен бірге құрметті қонақ бағ­дарламаларының бар­лы­ғын­да бастама қонақ елдің өз тарапынан ұйымдастырылып, қаржыландырылып, алдын ала ұзақмерзімге жоспарланып дайындалады. Бұл – сол елдің мәдениет саласына деген байыпты көзқарасты көрсетеді.

– Франкфурт кітап жәр­мең­кесі жас авторлар мен тәуел­сіз бас­паларға қандай мүм­кін­дік­ береді?

– Біз жас баспа мамандары мен авторларға арналған халықаралық тағылымдамалар мен кәсіби даму бағдарламаларын ұсынамыз. Арнайы ұйымдас­­ты­рылған кездесулер мен құқық алмасу платформалары тәуелсіз баспаларға жаңа се­рік­тестер табуға мүмкіндік береді. Жаңа әдебиетшілерді қолдау және халықаралық әде­би кеңістіктегі әртүрлілікті сақ­тау –  жұмысымыздың басты бағыт­та­рының бірі.

– Алдағы он жылда әлемдік баспа индустриясы қалай өзгереді деп ойлайсыз?

– Цифрлық технологиялар мен түрлі медианың өзара байланысы одан әрі күшейеді, ал нарықтар бұрынғыдан да тығыз біріге түседі. Сонымен бірге жасанды интеллект дәуірінде сенім, мәдени шынайылық және мазмұнның сапасы ерекше маңызды болмақ. Аудармаға, халықаралық әріптестікке, мәдени ынтымақтастыққа страте­гия­лық тұрғыдан инвестиция салған баспа салалары жаһандық деңгейде өз орнын нығайта алады.

Әңгімелескен –

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

Оқиға • Кеше

Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді

Қоғам • Кеше

FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді

Ата заң • Кеше

Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді

Жануарлар • Кеше

Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды

Оқиға • Кеше

15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды

Футбол • Кеше

2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді

Оқиға • Кеше

Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды

Оқиға • Кеше

ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады

Көрме • Кеше

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты

Қоғам • Кеше

«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды

Елорда • Кеше

Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see126

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see119

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see118

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see117

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see117

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see115

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see115

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see114

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see113

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see112

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see109

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see109

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see108

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see107

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see107

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see104

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see102

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see101

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары