Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Қазақстан Еуропалық Одақ : Әріптестік нығая түседі

Қазақстан Еуропалық Одақ : Әріптестік нығая түседі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кейінгі жылдары Еуропалық Одақпен ынтымақтастық тұрақты оң серпін көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 45,2 млрд долларды құрады. 2026 жылдың алғашқы 4 айында өзара сауда көлемі 12,4 млрд долларға жетті. Бұл ретте отандық экспорт 9,27 млрд доллар болды. Шикізаттық емес сектор сапалық өсім көрсетті, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімінің ЕО елдеріне экспорты 34,3%-ға артып, 266,2 млн долларға жетті.

Отырысты ашқан Премьер-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшы­лығымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси, экономикалық өзгерістерге тоқталды. Жаңа Конституцияның қабылдануы­мен Қазақстан экономиканы сапалы әртарап­тан­дыруға әрі халықтың әл-ауқатын жақсарту­ға бағытталған дамудың жаңа кезеңіне қадам бас­ты. Үкімет қызметінің басым бағыттарының бірі – инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, проактивті инвестициялық саясат жүзеге асырылып, 2030 жылға дейінгі тұжырымдама жаңартылды. Инвесторлар мен жоғары білікті мамандар тарту мақсатын­да Altyn Visa арнайы визалық режімі енгізіледі. Сонымен қатар Kazakh Invest компаниясы­ның халықаралық қатысуы кеңейіп, Kazakhstan Investment House инвесторларды сүйемел­деу­дің бірыңғай орталығы құрылмақ. Бас про­кура­тура жанынан бизнесті қорғауды кү­шейту үшін Инвесторлардың құқықтарын қор­ғау ко­­митеті жұмыс істейді. Ал «Бәйтерек» ұлттық ин­вес­тициялық холдинг ретінде қайта құрылды.

Олжас Бектенов Қазақстанның инвестор­ларға қолайлы жағдай жасау бағытын ұстанып отырғанын айтты. Сондай-ақ Үкімет шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әрі ашық диалогті дамытуға басымдық беретінін жеткізді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді. Бүгінде біздің әріптестігіміз қарқынды дамып келеді. Қазірде еліміздің сыртқы саудасының 30%-дан астамы Еуропалық Одақтың үлесіне тиесілі. Еліміздің экономикасына құйылған еуропалық инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд доллардан асты. Бұл көрсеткіштер елдеріміз арасындағы өзара экономикалық қызығушылықтың жоғары деңгейін айқын көрсетеді. Еліміз энергетикалық қауіпсіздік, өнеркәсіп кооперациясы мен көлік байланысын дамыту мәселелерінде Еуропалық Одақтың сенімді әрі болжамды серіктесі болып қала береді», деді Үкімет басшысы.

Аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны да сөз болды. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға назар аударылды. Биылғы 5 айда маршрут бағытында транзиттік тасымалдау көлемі 69%-ға, ал көлік құралдарының саны 38%-ға өскен. Еліміз Орта дәлізді Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр, Global Gateway бастамасын одан әрі ілгерілетуге мүдделі. Отандық тарап сондай-ақ визалық режімді оңайлатуда диалогті ілгерілетуді де жақтайды.

Отырыс барысында Еуропалық Одақтың еліміздегі елшісі Алешка Симкич, Германия істеріндегі уақытша сенім білдірілген өкіл Ульрих Кинне, Қазақстанның Еуропалық бизнес-ассоциациясы (EUROBAK) төрағасының орынбасары Диас Асанов, Confindustria-ның Орталық Азия мен Кавказ бойынша бас директоры Ливио Маццуокколо және Xcalibur Smart Mapping компаниясының басқарушы директоры Саид Сұлтановтар баяндама жасап, ұсыныстарын айтты.

Алешка Симкич өз сөзінде зияткерлік меншік пен фармацевтикалық зерттеу деректерін қорғау, кедендік рәсімдерді жетілдіру, техникалық талаптарды біріздендіру, кәсіпкерлерге түсінікті әрі ашық реттеуші орта қалыптастыру мәселелерін көтерді. Германия істеріндегі уақытша сенім білдірілген өкіл Ульрих Кинне өз сөзінде техникалық стандарттарды жоспарлы үйлестіру арқылы экономикалық қатынастарды кеңейту мен тереңдету мәселесін көтерді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу, сәйкестікті бағалау саласындағы тәсілдерді одан әрі жақындастырудың маңыздылығы аталып өтті.

Қазақстанның Еуропалық бизнес-ассоциациясы (EUROBAK) төрағасының орынбасары Диас Асанов болжамды нормативтік-құқықтық ортаның маңыздылығына әрі шетелдік инвесторлардың еліміздің реттеу саясатына деген сенімін одан әрі нығайтуға назар аударды.

Confindustria-ның Орталық Азия мен Кавказ бойынша бас директоры Ливио Мацуокколо италиялық тараптың салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ инвесторлар үшін реттеуші ортаның болжамдылығын қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ұсынысын айтты.

Xcalibur Smart Mapping компаниясының басқарушы директоры Саид Сұлтанов аса маңызды шикізат материалдары саласына заманауи геоғылымды енгізу, геологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және жоғары дәлдіктегі аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу жөніндегі жобаны ұсынды.

Көтерілген сұрақтарға Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері пікір білдірді. Қаржы министрі Мәди Такиев кеден­дік әкімшілендіру және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мәселелерін айтты. Кедендік рәсімдердің ашықтығы мен біркел­­кілігін қамтамасыз ету мақсатында саланы ауқымды цифрландыру жүргізіліп жатқаны жөнінде сөз болды. Елдің сыртқы шекара­ларындағы 9 автомобильдік өткізу пунктін жаңғырту жұмысы аяқталды. Сондай-ақ авто­мат­тандырылған бақылау тетіктері мен электрондық декларациялау жүйелері енгізіледі.

Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов техникалық реттеу жүйесін және өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімдерін жетілдіруде жүргізіліп жатқан іс туралы хабардар етті. EUROBAK-пен консультациялардың қорытындысы бойынша өнімді сәйкестендіру актілерін рәсімдеуді жеңілдету, техникалық регламенттерді әзірлеуге бизнестің қатысуын кеңейту, E-КТРМ ақпараттық жүйесінің жұмысын жетілдіру аясындағы ұсыныстар дайындалғанын тілге тиек етті.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен фармацевтикалық деректердің эксклюзивтілігі мәселелері аясында егжей-тегжейлі түсіндірме берді. Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде халықаралық міндеттемелерді қатаң орындайтыны айтылды. Ұлттық заңнама, Халық денсаулығы туралы Кодексті қоса алғанда, дәрілік заттардың клиникаға дейінгі әрі клиникалық сынақтарының құпия ақпа­раты мен деректерін қорғаудың 6 жылдық мерзіміне нақты кепілдік береді. Өтініш беру­шінің келісімінсіз оларды жария етуге немесе коммерциялық пайдалануға жол бермейді.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан өнеркәсіптік кооперация, мине­ралды-шикізат базасын дамыту және маңыз­ды материалдар саласындағы өзара іс-қи­мыл мәселесіне қатысты ұстанымын жеткізді.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов, Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев және Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пікір білдірді.

Отырыс қорытындысында Олжас Бектенов министрліктер мен ұлттық компаниялардың басшыларына өзара тиімді шешімдер қабылдау үшін әрбір мәселеде еуропалық серіктестермен екіжақты консультациялар өткізуді тапсырды. Ел Үкіметі еуропалық бизнес-қоғамдастықпен барынша ашық, айқын және сындарлы диалогті қолдауға бағытталған және жаңа серпінді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see142

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see137

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see135

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see134

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see128

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see127

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see125

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see124

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see123

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see123

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see123

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see118

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see118

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see116

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see115

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see114

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары