Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қазақстан халықаралық гуманитарлық құқықты қолдаған 6 елдің қатарына енді Қызыл Крест ұйымы

Қазақстан халықаралық гуманитарлық құқықты қолдаған 6 елдің қатарына енді Қызыл Крест ұйымы

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ол Қазақстанның бейбітшілік пен медиация бағытындағы үлесін атап өтіп, Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка президенттері жаһандық самитте не талқылайтыны туралы айтты.

– Сіз жетекшілік ететін Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ғаламдық бастаманың негізгі мақсаты қандай? Соңғы жылдары жүзеге асырылған нақты жобаларды мысал ете аласыз ба?

– Ең алдымен, бұл бастаманың қайдан пайда болғанын түсіндірейін. Оның іске қосылуы қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарға жауап болды. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын қарулы қақтығыстар кезінде зардап шеккен адамдарды қорғау үшін әзірленген халықаралық гуманитарлық құқық нормалары бар. Алайда, өкінішке қарай, бұл ережелер жиі сақталмайды. Егер олар толық орындалса, біз мұндай ауқымда қалалардың қирап, мұнша көп адамның құрбан болғанын көрмес едік.

Халықаралық гуманитарлық құқықтың жиі бұзылуы алты мемлекетті, яғни, Қазақстан, Бразилия, Қытай, Франция, Иордания және Оңтүстік Африканы ХҚКК-мен бірлесіп әрекет етуге итермеледі. Бастаманың басты мақсаты гуманитарлық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін саяси ерік-жігерді жұмылдыру. Себебі бұл құқықтарды іс жүзінде жүзеге асыру тек саяси көшбасшылардың айқын ұстанымы мен белсенді қатысуының арқасында ғана мүмкін болады.

Айта кету керек, қажетті құқықтық нормалардың барлығы бұрыннан қалыптасқан, яғни бұл бастама жаңа ережелер немесе тетіктер енгізуді көздемейді. Қазір ең өзекті мәселе осы нормаларды нақты өмірде қолдануға деген дайындық пен ықылас.

Біз бірнеше бағытта жұмыс істеп келеміз. ХҚКК президенті алты мемлекетпен бірлесіп, әлемнің әр түкпіріндегі мемлекет басшыларымен жеке кездесіп, гуманитарлық құқықтың бұзылуына жол берілмеуі тиіс деген ойды жеткізіп жүр.

Сонымен қатар қазіргі қақтығыстардың ең күрделі аспектілері бойынша әлемнің барлық құрлықтарындағы сарапшылармен диалог жүргізіп келеміз.

Мысалы, азаматтық инфрақұрылымды қорғау мәселесі, яғни соғыс кезінде өмірлік маңызы бар жүйелердің жұмысын қалай сақтап қалу керек? Сол сияқты, медициналық мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету де басты назарда.

Қорытынды құжаттар әзірге қабылданған жоқ, бірақ алғашқы нәтижелер бар. Мәселен, бірнеше апта бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында алты мемлекет бірлескен мәлімдеме жасап, халықаралық гуманитарлық құқыққа адалдығын растады. Олар басқа елдерді де бастамаға қосылып, нақты шаралар қабылдауға шақырды.

Бұл мәлімдемеде гуманитарлық құқықтың сақталуын қамтамасыз етуге арналған ұлттық деңгейдегі тетіктер құру, сондай-ақ бюджеттік қаржыландыруды арттыру ұсынылды. Себебі бәрі ел ішінен – тиісті заңдар мен алдын алу шараларын енгізуден басталады.

Қазір біз кеңестің екінші кезеңіне көшіп жатырмыз. Нәтижесінде келесі жылы жарияланатын практикалық ұсынымдар пакеті дайындалады.

– Қыркүйек айында аталған алты мемлекеттердің президенттері Қызыл Крест комитетімен бірге соғыс кезінде адамгершілікті сақтау қажеттігі туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Сондай-ақ 2026 жылы қарулы қақтығыстар жағдайында гуманизмді сақтау жөніндегі жаһандық саммит өтетіні хабарланды. Бұл жиында не талқыланады және маңызды құжаттар қабылдануы мүмкін бе?

– Қазіргі уақытта саммиттің нақты форматы бекітілген жоқ. Белгілісі – алты мемлекет пен Қызыл Крест комитеті келесі жылдың соңында өтетін жаһандық саммитті ұйымдастыру туралы уағдаласты.

Қазір мемлекеттердің қандай қолдау көрсететіні және саммиттің қорытындысы қандай болатыны жөнінде талқылау жүріп жатыр. Біз барлық елдердің өз ұсыныстарын енгізіп, осы жұмысты қолдаудың ең тиімді жолдарын бірге анықтағанын қалаймыз.

Бұл саммит гуманитарлық құқыққа қатысты мемлекеттердің саяси ерік-жігерін көрсететін маңызды халықаралық оқиға болмақ. Бірақ бұл бастаманың соңғы кезеңі емес. Керісінше, ол нақты практикалық ұсыныстар пакетін ұсынуға бағытталады.

– Қазақстанның халықаралық гуманитарлық құқықты ілгерілетудегі және бейбітшілік орнатудағы рөлі қандай?

– Қазақстан бұл бастамаға тек құрылтайшы мемлекеттердің бірі ретінде ғана емес, сонымен қатар медиация мен бітімгерлік саласындағы бай тәжірибесінің арқасында да елеулі үлес қоса алады. Біздің бастамамыздың бір бағыты халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау мен бейбітшілікке қол жеткізудің өзара байланысына арналған.

Гуманитарлық ұйым ретінде, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау ең алдымен заңды міндет деп білеміз. Бірақ осы нормаларды сақтау соғысушы тараптардың келіссөз үстеліне қайта оралуына және бейбітшілікке бастайтын келісімге келуін мүмкіндік жасайды. Халықаралық гуманитарлық құқық неғұрлым аз бұзылса, бейбітшілікке қол жеткізу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Соғыс әрдайым қайғы-қасірет әкеледі: адамдар қаза табады, қалалар қирайды, қалыпты өмір салты бұзылады. Бұл табиғи жағдай емес, сондықтан ол тұрақты бола алмайды, демек әр қақтығыстың соңы бейбітшілікпен бітуі тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің белсенді араағайындық рөлі мен бейбіт бастамаларға қатысуы арқылы біздің жұмысымызға елеулі үлес қоса алады. Біз бітімгерлік процестерге қатысқан мемлекеттердің тәжірибесін зерттейміз. Олар медиатор ретінде де, қақтығысушы тарап ретінде де әрекет еткен. Бұл ретте халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын медиация және бейбіт келісімдер процесіне қалай кіріктіруге болатынын талдаймыз. Осылайша, Қазақстан бұл бағытта маңызды рөл атқаруға толық мүмкіндігі бар.

– Қазіргі қарулы қақтығыстарда дрондар, ЖИ және киберқару жиі қолданылады. Халықаралық гуманитарлық құқық бұл жаңа сын-қатерлерге қалай бейімделіп жатыр?

– Бір жағынан біз қазіргі қолданыстағы құқық заманауи сын-қатерлерге де жауап бере алатынына сенімдіміз. Көбінесе мәселе нормалардың жоқтығында емес, сол нормаларды жаңа жағдайда қалай қолдануда болады.

Біз өз бастамамыздың аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қатысты мәселелерді, яғни киберкеңістік пен қарулы қақтығыс кезінде жүргізілетін кибероперациялардың нақты әлемге физикалық әсер ету мүмкіндігін қарастырамыз. Басты мақсатымыз — бейбіт халық пен азаматтық инфрақұрылымға келетін зиянды барынша азайту.

Мысал ретінде айтайын, өзара байланысқан цифрлық жүйелер жағдайында әскери нысанға бағытталған кибершабуыл кезінде ауруханаға зиян тимей, оның өз функцияларын орындауын қалай қамтамасыз етуге болады? Біз мұнда тікелей де, жанама да салдарларды қарастырамыз.

Тағы бір мысал, бүгінде нысаналарды жою жөніндегі шешім қабылдау процесі барған сайын автономды жүйелер мен жасанды интеллектіге жүктеліп отыр.

ХҚКК бірнеше жыл бойы күш қолдануға қатысты шешім қабылдау процесінде адамның міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ететін жаңа нормаларды әзірлеуді қолдап келеді. Бұл гуманитарлық қағидаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөйлеген сөзінде Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы кеңейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірген еді.

Сонымен қатар Қазақстан халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау бойынша үндеу жасаған болатын.

Сондай-ақ халықаралық гуманитарлық ұйымдар Израильдің Газаға шабуылын тоқтатуға шақырғанын жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 10:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see130

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары