Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақстан Кенияда өзінің алтыншы дипломатиялық өкілдігін ашты

Қазақстан Кенияда өзінің алтыншы дипломатиялық өкілдігін ашты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекет басшысы Кения Президентінің елімізге жасаған алғашқы тарихи сапары қос мемлекеттің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

«Кения – Қазақстанның Африка құрлығындағы ең ірі және сенімді сауда серіктесінің бірі. Біз екі елдің ықпалдастығын одан әрі бекемдей түсуге ниеттіміз. Кения Республикасы соңғы жылдары дамудың даңғыл жолына шықты. Шығыс Африканың жауһары саналатын бұл ел қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика және басқа да салаларда елеулі жетістікке қол жеткізді. Найроби қаласы маңызды халықаралық дипломатия орталығы саналады. Мұнда Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше құрылымы тиімді жұмыс істеп тұр. Жалпы алғанда, Кенияның әлемдік сахнадағы беделі артып келеді. Бұл Президент Рутоның сарабдал саясаты мен көреген көшбасшылығының нәтижесі деп білеміз. Біз былтыр Найробиде өз елшілігімізді аштық. Бұл шешім Қазақстанның Кенияға шынайы ықыласы мен достығын аңғартады. Жалпы, бұл – Қазақстанның Африка құрлығындағы алтыншы дипломатиялық өкілдігі. Еліміз Африка мемлекеттерімен байланысын бекемдеуге баса мән береді», деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тараптар бірқатар маңызды мәселе бойынша мазмұнды келіссөз жүргізген.

«Әсіресе, сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейтуге назар аудардық. Көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, өнеркәсіп және басқа да салада бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаластық. Елдеріміздің арасында тұрақты түрде тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігі туралы да пікір алмастық. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін, ең алдымен, бидайды және өзге де тауарларды Африка нарығына жеткізуге мүдделіміз. Осы мақсатпен Момбаса портын пайдалану мәселесін қарастырдық. Бұл – осы аймақтың сегіз мемлекетіне жол ашатын Шығыс Африкадағы ең ірі логистика орталығының бірі. Бүгінде Қазақстан нарығында Кенияның бірқатар тауары, соның ішінде шәй және кофе өнімдері бар. Мұны екі ел арасында орныққан тұрақты сауда қатынасының көрінісі деуге болады. Сонымен қатар біз Кения өнімдерін Қазақстан арқылы Еуразия елдеріне жеткізу мәселесін талқыладық. Сауда-экономикалық ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру қажет екенін айттық. Қазақстан-Кения Іскерлік кеңесін құру туралы бастама көтердік. Бұл кеңес нақты жобаларды ілгерілетуге, өзара алыс-берісті арттыруға мүмкіндік береді», деді Мемлекет басшысы.

 

Қазақстан Президенті Кения еліміздің Egov жүйесіндегі, ғарыш және ақпараттық технология салаларындағы жетістігіне қызығушылық танытып отырғанын айтты

«Сапар аясында Президент Руто мырза AlemАI халықаралық жасанды интеллект орталығының және Қазақстанның ұлттық ғарыш орталығының жұмысымен танысады. Келіссөздер барысында мәдениет, туризм, білім және ғылым салаларындағы байланыстарға да көңіл бөлдік. Кения табиғатты қорғау және биоалуандықты сақтау мәселесіне айрықша мән береді. Бұл ұстаным біздің еліміздегі «Таза Қазақстан» идеологиясымен үндес екенін ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ бүгін елордамызда Қазақстан-Кения бизнес-форумы өтіп жатыр. Осы маңызды жиынға екі елдің іскер азаматтары қатысуда. Бұл іс-шара қос тараптың алыс-берісін одан әрі тереңдетуге мүмкіндік берері сөзсіз. Біз үкіметтерімізге жан-жақты серіктестікті жандандыру үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма беруге уағдаластық», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Кения Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Президенттер келіссөз барысында халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасқан

«Африка құрлығындағы және Таяу Шығыстағы ахуалды талқыладық. Найроби аймақтық қақтығыстарды реттеуді көздейтін бітімгерлік бастамаларға белсенді қолдау көрсетуде. Сондай-ақ Кения Африкадағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үшін жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Әлемдегі көптеген түйткілге қатысты Қазақстан мен Кенияның ұстанымдары – ұқсас. Екі ел де халықаралық мәселелерді тек бейбіт, дипломатиялық жолмен, яғни, келіссөздер арқылы шешу керек деп есептейді. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастығымызды күшейтуге келістік. Жалпы, бүгінгі келіссөздер нәтижелі әрі мазмұнды болды деуге толық негіз бар. Біз Қазақстан мен Кения арасындағы байланысты нығайтуға, өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге және түрлі саладағы нақты жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайынбыз. Бұл екі елдің де мүддесіне сай келеді», деді Мемлекет басшысы.

Кения Президенті Мемлекет басшысымен көптеген саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған сындарлы және нәтижелі келіссөз жүргізгеніне назар аударды.

«Біз екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жай-күйін қарастырып, сауда, инвестиция, инновация және өңірлік өзара ықпалдастық бағыттарындағы нақты шараларды іске асыру жайында уағдаластық. Кения Қазақстанды маңызды стратегиялық серіктес және Орталық Азияға, тұтас Еуразия аймағына негізгі қақпа санайды. Біз Қазақстанның Шығыс және Орталық Африка елдерімен байланысына дәнекер болуға дайынбыз. Қазақстан тарапына Найроби қаласында құрлықтағы қызметін ұйымдастырудың стратегиялық базасын жасақтауды, ал Момбаса және Ламу порттарын өңірлік нарыққа шығу үшін негізгі логистикалық хаб ретінде қарастыруды ұсындық», деді Уильям Руто.

Бұған дейін Қазақстан мен Кения Бірлескен мәлімдеме қабылдағаны туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар

Астанада 19 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін сатып жіберген

Қоғам • Бүгін, 15:52

Еуропаға кіру тәртібі өзгерді: Қазақстан азаматтары нені білуі тиіс?

Қоғам • Бүгін, 15:45

Қазақстан мен Кения Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан • Бүгін, 15:34

Маусым айында ел тұрғындары неше күн демалады?

Қоғам • Бүгін, 15:26

Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 15:15

Бестөбедегі шахтада тау жынысы опырылып, екі азамат қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 15:09

«Қыз Жібек» фильміндегі камзол кімге бұйырмақ? Мәдениет министрлігі мәлімдеме жасады

Мәдениет • Бүгін, 14:59

Мемлекет басшысы Кения Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Президент • Бүгін, 14:49

«Даңғойлық жәрмеңкесіне айналды»: Депутат мектеп бітіру кештеріне қыруар қаржы жинау туралы

Қоғам • Бүгін, 14:36

Талғарда алаяқтар Джеки Чанның бейнесін пайдаланып зейнеткерді алдауға тырысқан

Қоғам • Бүгін, 14:17

Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 14:00

Бразилияда дәрігерлер «өлді» деп мәйітханаға жіберген қария жерлеу бюросында есін жиды

Әлем • Бүгін, 13:54

Көкшетау орталығындағы қираған мүсіндердің күйі тұрғындарды шошытты

Қоғам • Бүгін, 13:35

Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 13:10

Кел, ағайын, оқылық!

Қоғам • Бүгін, 13:07

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Мамыр 2026 16:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары