Қазақстан мектептерінде оқушыларға смартфон қолдануға рұқсат етіле ме
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Журналистер жаңа оқу жылында оқушылардың мектепте телефон пайдалануына қатысты қандай талаптар енгізілетінін сұрады.
"Қазіргі уақытта ұялы телефондарды пайдалану қағидалары әзірленді. Оған сәйкес, балалар оқу үдерісі кезінде телефон қолданбайды. Ұялы телефонды сабақ барысында белгілі бір тапсырманы орындау үшін қажет болған жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі", – деді Шынар Ақпарова.
Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі ұялы телефондарды пайдалануға қатысты бірыңғай талаптар әзірлеген. Ал оқушының телефонын кімге және қайда тапсыратыны секілді ұйымдастыру мәселелерін әр мектеп өз бетінше шешеді.
"Қағидаларда барлық негізгі мәселе қамтылған. Ал оқушының телефонды кімге және қайда тапсыратыны мектептің ішкі тәртіп ережелерінде нақтыланады. Телефондар сынып ішінде сақталуы немесе оларға арналған арнайы жәшіктер қойылуы мүмкін. Бұл мәселені әр білім беру ұйымы өзі шешеді", – деп қорытындылады Шынар Ақпарова.
Бұған дейін, 2026 жылғы 26 маусымда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылында қандай оқушыларға смартфон пайдалануға тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Қазақстан армиясында смартфон қолдануға рұқсат берілді: не өзгерді
23 Сәуір 2026 15:26
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
25 Ақпан 2026 11:57
Мектептерде сынып ішіне бақылау камерасын қоюға рұқсат етіле ме?
19 Желтоқсан 2025 18:26
Елорда мектептерінде ас мәзірі жаңарды: оқушыларға ұлттық тағам беріледі
03 Сәуір 2026 18:24
Оқушыларға смартфонды тек сабақта ғана емес, үзілісте де қолдануға тыйым салынуы мүмкін
16 Ақпан 2026 16:48
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 14:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















