Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстан Оман әріптестігі: энергетика, логистика және цифрлық салаларға басымдық берілді

Қазақстан Оман әріптестігі: энергетика, логистика және цифрлық салаларға басымдық берілді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жиында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. 

— Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары мәртебелі Сұлтанның Астанаға алғашқы ресми сапарына айрықша мән береді. Оман Сұлтандығы — Қазақстанның Таяу Шығыстағы және бүкіл араб әлеміндегі сенімді серіктесі. Қазақстан Үкіметі Оманмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамыту, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, инвестициялық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын, — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет

Кездесуде энергетика, көлік-логистика, тау-кен өндіру, металлургия, цифрлық салалар, АӨК, туризм және т. б. салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды.

— Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Достық» орденін алу мен үшін үлкен мәртебе болды. Оман Сұлтандығы мен Қазақстан арасында берік әріптестік байланыстар орнаған, біз оларды одан әрі нығайтуға және дамытуға дайынбыз. Қазірдің өзінде инвестициялық ынтымақтастық жолға қойылған салалар бар. Біз сондай-ақ энергетика, жаңартылатын энергия көздері, технологиялар, қаржы секторы сияқты және басқа да бағыттарға басымдық беруді жоспарлап отырмыз, — деп атап өтті Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саид.

Қазақстан мен Оманның бірлескен портфелінде құны $3 млрд-ты құрайтын 5 ірі инвестициялық жоба, оның ішінде энергетика және теміржол тасымалы салаларында $1,1 млрд болатын 2 жоба іске қосылды. Қазір кенді қайта өңдеу саласындағы жобалар жүзеге асырылу сатысында.

Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында күш-жігер біріктіруге мүдделі екендерін жеткізді. Атап айтқанда, кәсіпорындарды жаңғырту мен технологиялық дамытуға баса назар аудара отырып, тау-кен өндіру және мұнай-газ саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарға назар аударылды.

Фото: Үкімет

Қазақстанның Орта дәліздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын ескере отырып, логистика саласындағы түйісу нүктелері белгіленді. Екі мемлекеттің экономикасы мен өзара сауданың дамуына өңдеу кәсіпорындарын құру, ауыл шаруашылығы саласындағы технологиялармен алмасу және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімдер жасасу жөніндегі бірлескен шаралар да ықпал етеді.

GovTech және жасанды интеллект саласындағы жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отырған цифрлық сала перспективалы бағытардың бірі болып танылып отыр.

Экотуризмді, қонақ үй және сервистік бизнесті дамытуда, мәдени және табиғи көрікті жерлерді насихаттауда тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы барлық басым бағыттар бойынша ынтымақтастық пен әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.

Фото: Үкімет

$3 млрд-тық жобалар аясында инвестициялық серіктестік

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидтың қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority арасында инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі шарттары (Heads of Terms) туралы келісімге қол қойылды.

Құжат бірлескен инвестициялық платформаны қалыптастыру, жаңа қазақ-оман кәсіпорындарын, инвестициялық қорларын және басымдық негізде бірлесіп инвестициялаудың өзге де тетіктерін іске қосу үшін институционалдық негіз қалайды.

Келісім өнеркәсіп, энергетика, денсаулық сақтау, логистика, тау-кен өндіру саласын және тағы да басқа қоса алғанда, экономиканың басым секторларында жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Инвестицияларды Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығының аумақтарындағы қолданыстағы активтерге де, жаңа жобаларға да бағыттау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 15:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары