Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Орта дәліз және цифрлық логистика: Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты

Орта дәліз және цифрлық логистика: Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Отырысқа Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі Парвиз Шахбазов төрағалық етті. Іс-шараға екі елдің ведомстволары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.

Ведомствоның мәліметінше, отырыс қорытындысы бойынша сауда, инвестиция, көлік, энергетика, цифрландыру, экология, мәдениет және жастар саясаты сияқты барлығы 17 сала бойынша өзара іс-қимылды қамтитын Қорытынды хаттамаға қол қойылды.

Фото: Көлік министрлігі

— Тараптар тауар айналымының тұрақты өсімін атап өтіп, сауданы әртараптандыруды, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен бірлескен өнеркәсіптік жобаларды қолдауды жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар бірлескен инвестициялық қор аясындағы жобаларды ілгерілету жөніндегі жұмысты жандандыру туралы келісімге келді. Тараптар «жасыл энергияны дамыту және тасымалдау саласындағы стратегиялық серіктестік туралы» келісімнің іске асырылуын жоғары бағалап, Green Corridor Alliance жобасы бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға ниет білдірді, — делінген хабарламада.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен SOCAR компаниялары арасындағы ынтымақтастық табысты жүзеге асып келеді. Баку–Тбилиси–Джейхан мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемін 2027 жылға қарай 7 млн тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр.

Фото: Көлік министрлігі

Кездесудің негізгі тақырыбы Орта дәлізді (ТХКБ) дамыту болды. Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастық пен жүк тасымалының оң динамикасын атап өтті. Әзербайжан тарапының дерегіне сәйкес 2024 жылы 287 контейнерлік пойыз тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 26 есе артқан. 2025 жылдың 9 айында өсім 39% құрап отыр. Тараптар ТХКБ бойынша «тар жерлерді» жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғастырады. Сондай-ақ Орта дәліздің институционалдық негізін нығайту және мәртебесін арттыру мақсатында Үкіметаралық келісім жобасын дайындау мәселесі талқыланды.

Тараптар халықаралық автокөлік тасымалдары үшін электронды рұқсат қағаздарын (e-Permit) енгізуді бастауға, 2026 жылдың бірінші тоқсанында автомобиль көлігі жөніндегі аралас комиссияның отырысын өткізуге және Digital Trade Corridor пен Digital Logistics Platform жүйелерін интеграциялау арқылы логистиканы цифрландыруды жалғастыруға уағдаласты.

Сонымен қатар Әзербайжан мен Қазақстанның порт инфрақұрылымдарын дамыту перспективалары қаралды. Екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын арттыру мәселесі де талқыланды. Елдер сондай-ақ кеме жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді — Каспийге арналған жаңа контейнерлік кемелер салынып жатыр, сонымен бірге қазақстандық материалдар мен технологияларды пайдалана отырып паромдар мен басқа да кемелер шығару жоспарланған. 

Фото: Көлік министрлігі

Тараптар цифрландыру және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде жасанды интеллект пен стартап-экожүйелерді дамыту бағытын тереңдетуге келісті. Айрықша назар Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жобасына аударылды. Бұл Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын нығайтады.

Отырыс аясында ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, мәдениет және экология салаларындағы ынтымақтастық перспективалары да талқыланды.

Тараптар Бакудегі COP29 конференциясының қорытындыларын қолдайтындарын растады және климаттық бастамаларды бірлесіп іске асыруға дайын екендерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның Хаттамасына қол қойылып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі басым бағыттары айқындалды.

Тараптар Үкіметаралық комиссияның келесі, 22-отырысын 2026 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.

Айта кетейік, Қазақстан мен Әзербайжан бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 20:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары