Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақстан − Үндістан арасындағы тауар айналымы 923,3 млн долларға жетті

Қазақстан − Үндістан арасындағы тауар айналымы 923,3 млн долларға жетті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Президент тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Нью-Делиге жұмыс сапарымен барып, Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен екіжақты кездесу өткізіп, India AI Impact Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты, деп жазады Egemen.kz. 

Фото: Үкімет

Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министріне Қазақстан Президентінің атынан жылы лебіздерін жеткізді. Өз кезегінде Нарендра Моди Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жолдады және стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығару бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін білдірді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 923,3 млн долларды құрады. Кездесуде сауда және инвестициялар, энергетика, АӨК, цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан Үндістан нарығына 40 тауарлық позиция бойынша 150 миллион долларға өнім жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын. Маңызды минералдар мен сирек жер элементтері, ғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің елеулі әлеуеті атап өтілді.

Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?

Премьер-министр әлемнің 50-ден астам елінен, соның ішінде мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ IT саласындағы сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері жиналған India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты.

Олжас Бектенов пленарлық сессияда сөйлеген сөзінде озық технологиялардың экономикалық әлеуетіне және олардың жаһандық өсу құрылымындағы әсеріне назар аударды.

Олжас Бектенов: Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады

«Біз интеллектінің инклюзивті, дербес және ең бастысы экономиканың негізгі секторларын трансформациялайтын күшке ие болуы керек екеніне сенімдіміз. Бүгінде Қазақстан өңірлік цифрлық орталыққа айналып жатыр. Сондай-ақ БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің ішінде 24-ші орында тұрмыз. Еліміз, сонымен қатар онлайн-қызметтердің сапасы бойынша әлемдегі ең үздік ондыққа кіреді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жыл ішінде Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру мақсатын қойды. Жасанды интеллект біздің ұлттық дамуымыздың стратегиялық тірегі болып саналады», деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Қазақстан Премьер-министрі әлемдік технологиялық компанияларды озық технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа шақырды.

Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады

«Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және ЖИ жылы аясында Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Инновацияны реттеу мен ынталандыру арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Президент жанынан құрылған ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңес бір платформада жетекші әлемдік визионерлерді біріктірді. Орталық Азияда алғаш рет екі ірі суперкомпьютер кластері орналастырылды, NVIDIA-мен серіктестікте Дербес ЖИ хабын құру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл әзербайжандық серіктестермен бірлесіп, Транскаспий талшықты-оптикалық желісінің құрылысын аяқтау жаһандық деректер трафигі үшін ең қысқа балама маршрутты қамтамасыз етеді, бұл Қазақстанға Шығыс пен Батыс арасындағы цифрлық көпір болуға жол ашады. Екібастұз қаласында жүзеге асырылып жатқан флагмандық «ДӨО-лар алқабы» жобасы да ірі деректер орталықтары үшін экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекет инфрақұрылым, жобаларды сүйемелдеу және тағы да басқа қажетті қолдаудың барлық түрін ұсынады», деді Олжас Бектенов.

Форум қорытындысы бойынша делегация басшылары India AI Impact Expo 2026 халықаралық көрмесіне барды, онда жасанды интеллект саласындағы практикалық шешімдер, технологиялар және қолданбалы әзірлемелер ұсынылды. Экспозиция өнеркәсіп, қаржы, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және тағы да басқа салалардың кең ауқымын қамтыды.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда жұмыссыз қалған 28,2 мың адамға әлеуметтік төлем берілді

Қоғам • Бүгін, 14:47

Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:45

Түркістан облысының тұрғыны бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған

Оқиға • Бүгін, 14:31

Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Оқиға • Бүгін, 14:15

Отандық туризмге салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асты

Туризм • Бүгін, 14:00

Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан

Оқиға • Бүгін, 13:40

Серік Сәпиев Конституциялық реформа туралы пікір білдірді

Қоғам • Бүгін, 13:23

Сарапшы: Елдегі демографиялық өсім географиялық тұрғыда тарылып барады

Қоғам • Бүгін, 13:04

Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды

Мәдениет • Бүгін, 12:51

Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?

Медицина • Бүгін, 12:42

Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?

Спорт • Бүгін, 12:33

Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды

Оқиға • Бүгін, 12:26

Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі

Спорт • Бүгін, 12:15

Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады

Ата заң • Бүгін, 12:03

«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

Референдум • Бүгін, 11:50

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 15:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары