Қазақстан жолдарындағы ақаулар үшін жиырма екі сарапшы жұмыстан шығарылды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстанда жыл басынан бері жол жұмыстарының сапасын тексеру барысында 1670 ақау анықталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, техникалық қадағалау мамандарына 53,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынса, 22 сарапшы жұмыстан босатылған. Анықталған ақаулардың 831-і жойылды, қалған ескертулерді түзету жұмыстары жалғасуда.
Анықталған ақаулардың қатарында жолдағы шұңқырлар мен ойықтар, жарықтар, асфальтбетон жамылғысының ығысуы, жолтабандар және жолдың пайдалану жағдайына әсер ететін өзге де кемшіліктер бар.
Еске салайық, өткен аптада ғана премьер-министр Олжас Бектенов "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының жұмысын сынға алған болатын.
"Баяндамаңыз жақсы. Алайда әлі де шешімін таппаған өзекті мәселелер өте көп. Олар туралы сіз тіс жарған жоқсыз. Президент атап өткен барлық кемшілік тікелей сіздің жұмысыңызға қатысты. Сондықтан сапаны арттырып, жолдардағы жағдайды түзеу қажет. Жұмыс істеңіздер, әйтпесе орныңызға басқа адамдар келеді", - деп ескертті Бектенов.
Бұған дейін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстан жолдарының тек 16 пайызы ғана заманауи талаптарға сай екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың жартысына жуығы республикалық маңызы бар трассаларға тиесілі.
Жолдардың талапқа сай емес жай-күйі үшін полиция бес мың лауазымды тұлғаны жауапқа тартты, оның ішінде "ҚазАвтоЖолдың" 345 филиал басшысы бар. Бұдан бөлек, жолдарды тиісінше күтіп ұстамау деректері бойынша төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қыркүйек 2026 12:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















