Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Мамырда қазақстандықтар жарты ай бойы демалады.

Себебі бірнеше маңызды мереке бар. Құрбан айт та осы айға түсіп тұр. Оған қоса, Меккеге қажылық маусымы басталады. Мүфтият оған қатысты негізгі талаптарды жариялады. Мамырда жаңа әуе рейстері де ашылады. Ал мектеп оқушылары каникулға шығады. Sputnik Қазақстан осы айда болатын негізгі өзгерістерді ұсынады.

Қажылық қашан басталады

Биыл қажылық маусымы 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Сол кезде Медина мен Жиддаға Қазақстанның үш қаласы – Алматы, Астана мен Шымкенттен тікелей рейспен ұшып баруға болады.

Биыл 14 отандық туроператор қажылықты ұйымдастыруға рұқсат алды. Оларға нақты талап та қойылды. Атап айтқанда, әрбір қажы Қазақстан аумағынан тек ресми туркодпен шығуы тиіс. Ал қазақстандық квотамен өзге ел азаматтарын қажылыққа апарғандарға Қазақстан мен Сауд Арабия тарапынан заңды шаралар қолданылады.

Қазақстандық қажыларға ақпараттық және техникалық көмек көрсету мақсатында "Qajy Guide" мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Айта кетері, биыл Меккеге тек қажылық визасы бар адамдарды ғана кіргізеді. Умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылды.

Жаңа әуе рейстері

1 мамырдан бастап "Eastar Jet" лоукостері "Алматы – Пусан" бағыты бойынша жолаушылар тасымалын қайта бастайды. Рейстер аптасына екі рет тұрақты түрде орындалады.

Asiana Airlines әуе компаниясы 4 мамырда Алматыдан Сеулге ұшатын рейстердің санын арттырады. Бұған дейін үш рейс болса, енді аптасына бес рет – дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма мен жексенбі күндері Оңтүстік Кореяның астанасына ұшып баруға болады.

Бензинді шығаруға шектеу енгізіледі

Қазақстанда 21 мамырда кейбір мұнай өнімдерін экспортқа шығаруға уақытша тыйым салынады. Атап айтқанда, көлікпен бензин, дизель отыны мен бірқатар мұнай өнімдерін (кодтары - ТН ВЭД ЕАЭС: 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) шығаруға болмайды. Ал теміржолмен ТН ВЭД ЕАЭС 2710 12 коды бар мұнай өнімдерін экспорттауға уақытша шектеу енгізіледі.

Оқу жылы аяқталады

25 мамыр күні оқу жылы аяқталады. Одан кейін 9-шы және 11-ші сынып оқушылары үшін емтихандар басталады. Қалғаны жазғы каникулға шығады.

Бұған дейін оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештеріне қатысты талаптарды жариялаған болатын. Оған сәйкес, аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Ал мектеп бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға тыйым салынған.

1-сыныпқа құжат қабылдау басталады

Биыл 1-ші сыныптарға құжат қабылдау мерзімін 27 мамырға ауыстырып отыр. Оқу-ағарту министрлігі осы шешімнің себебін де түсіндірген. Біріншіден, мамырдың соңында мектеп қызметкерлерінде көбірек уақыт болады.

Екіншіден, мектепке дейінгі дайындықтан өткен балаларды бірден сол мектепке автоматты түрде қабылдауға болады. Ол үшін құжат тапсырудың қажеті жоқ. Баланы мектепке қабылдау туралы өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

1.

ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;

2.

№065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;

3.

өлшемі 3х4 см сурет (2 дана).

Шетел азаматтары үшін негізгі талаптар:

ата-аналар немесе басқа заңды өкілдерінің Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы;

мектепке тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсыну.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

ҰБТ-ны екі тапсыруға соңғы мүмкіндік

10 мамыр мен 10 маусым аралығында ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі кезеңі өтеді. Биыл мектеп түлектеріне грант алу үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыруға соңғы рет мүмкіндік беріледі. Келесі жылдан бастап бір рет қана тапсыруға рұқсат етіледі.

Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылдау жүйесін алып тастайды. Ал педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар ауызша емтихандардың нәтижелері ескеріледі.

Мамырда неше күн демаламыз

Осы айда бірнеше маңызды мейрам бар. Олар:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

27 мамыр – Құрбан айт.

Биыл Жеңіс күні сенбіге түсіп тұр. Сондықтан дүйсенбі, 11 мамырда қосымша демалыс беріледі.

Жалпы, мамыр айында бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар сенбі-жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда 14 күн демалады. Ал алты күн жұмыс аптасында барлығы 9 күн демалыс болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 10:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары