Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді

Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 1 наурыз - Sputnik. Биыл наурызда Қазақстанда бірқатар өзгеріс болады. Атап айтқанда, дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі, әкімдіктер ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін айыппұл салуға құқылы, ал екінші деңгейдегі банктер тұрғын үй құрылыс жинақ бағдарламалары арқылы азаматтардың қаражатын тарта алады.

Жаңа Конституция бойынша референдум өтеді

Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.

Қазақстандықтарға елдің басты заңына енгізілген түзетулерді қолдау немесе қабылдамау ұсынылатын болады. Олардың ішінде бір палаталы парламентке көшу, вице-президент лауазымын енгізу, меншікке, дінге, сыртқы саясатқа қатысты баптардағы өзгерістер және тағы басқасы. Жалпы Конституцияға 84% өзгеріс енгізілді.

Бұған дейін елдің басты заңына 6 рет - 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары түзетулер енгізілген болатын.

Сарапшылардың айтуынша, Конституцияға енгізілген өзгерістер - соңғы жылдардағы елдегі ең маңызды оқиға. Өйткені ол мемлекеттік жүйе мен құқықтық реттеудің даму бағытын анықтайды.

Салық режиміне енгізілген өзгеріс

Жеке кәсіпкерлер салық салу режимін шешуі керек. Жеңілдетілген декларацияда қалғысы келетін жеке кәсіпкер салық органына хабарлама жіберуі тиіс. Егер хабарлама жібермесе 1 наурыздан бастап кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылады.

2026 жылдың 1 қаңтарына дейін патент бойынша немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген кәсіпкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне ауыса алады. Бұл формат жеке кәсіпкерге тіркеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кәсіпкер жаңа режимді қосымшадағы алғашқы чек құрылған күннен бастап қолдана алады. Жеке кәсіпкер ретінде есептен 1 қаңтардан бастап немесе 2026 жылдың 1 наурызынан бастап автоматты түрде алынғанша күтуге болады.

Дәрігерлерге шабуыл жасағандарға жауапкершілік күшейді

Медицина қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсетіп немесе оларға шабуыл жасағандар 1 наурыздан бастап қатаң жазаланады.

Біріншіден, айыппұл мөлшері ұлғаяды, екіншіден, денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе кісі өлтіру сияқты аса ауыр қылмыстар үшін кінәлі адам 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Заңға енген бұл өзгерістерге не себеп болды? Өйткені науқастар тарапынан медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жиілеген.

Қоқыс тастағандарға әкімдік қызметкерлері айыппұл салады

1 наурыздан бастап республикалық маңызы бар қалалар – Астана, Алматы және Шымкент, сондай-ақ барлық облыстың әкімдіктері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-2 бабы – "Ортақ пайдаланылатын орындардың ластау" және 505 бабы – "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қаланың жасыл желектерін жою және зақымдау" бойынша хаттама жасауға құқылы. Бұған дейін бұл қызметпен тек ішкі істер органдарының қызметкерлері айналысқан. Әкімдікке міндеттелген жаңа талап әкімшілік заң бұзушылықты дер кезінде анықтап, тиімді әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Екінші деңгейлі банктердегі тұрғын үй құрылыс жинақ бағдарламасы

Қазақстанның кез келген коммерциялық банкі биылғы 1 наурыздан бастап тұрғындардан тұрғын үй құрылыс жинақ бағдарламалары арқылы қаражат тарта алады.

Қаржы нарығы сарапшыларының пікірінше, жаңа мүмкіндіктер банктер арасындағы бәсекелестікті нығайтады. Нәтижесінде қазақстандықтарға ипотекалық несиелер қолжетімді болады.

Сондай-ақ 1 наурыздан бастап тәуекелдерді басқару және клиенттердің құқықтарын қорғау жүйесі енгізіледі. Бұдан былай несие ұйымдары қарыз алушыларда мерзімі өткен берешектің бар-жоғын тексеруге міндетті. Егер азаматтың өтелмеген несиесі болса, оған қарыз берілмеуі мүмкін.

Электр скутерлерін бақылау күшейеді

Күн райы жылына Қазақстанның ірі қалаларының жолдарында жалға берілетін электр скутерлердің саны артады. Әсіресе Алматыда көліктің осы түрін пайдаланушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзу мәселесі бірнеше жылдан бері өткір тұр. Осыған байланысты алдағы маусымда Алматы әкімдігінде электр скутерлерін жалға беретін компанияларға жаңа талаптар қойылады.

Біріншіден, электр скутерлер көлік құралдары ретінде есептеледі. Сондықтан олардың сәйкестендіру нөмірі болуы керек. Бұдан бөлек, әрбір жалға берілетін скутерге азаматтық-құқықтық жауапкершілік бойынша сақтандыру рәсімделу керек.

Екіншіден, жалға беретін компаниялар пайдаланушылардың талапқа сай екенін тексеру керек: жасы 18-ден кіші емес және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы шарт.

Алматы-Шанхай жаңа рейсі

Air Astana әуе компаниясы 29 наурыздан бастап Алматы – Шанхай – Алматы тұрақты бағыты бойынша ұшуды бастайды. Рейс Алматыдан сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қайту дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жоспарланған. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 15 минут, қайту - 7 сағат 35 минут.

Барлық алымдарды қосқанда екі жаққа да авиабилеттің ең төменгі құны эконом-класта 281 312 теңгеден басталады.

Көктемгі демалыс

Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 11 күнге созылады: 19-29 наурыз аралығында. Бұл ең ұзақ оқу тоқсанынан кейінгі демалыс.

Оқу жылының төртінші тоқсаны сегіз аптаға созылады: ол 30 наурызда басталып, 25 мамырда аяқталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 12:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see165

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see157

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see150

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see148

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see147

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see146

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see144

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see142

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see140

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see139

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see138

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see135

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see120

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see119

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see117

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see116

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see116

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see114

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары