Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Осы айда көптен күткен жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар қайта іске қосылады. Ал "Әскери баспанамен" 7 мың әскери қызметкер пәтер ала алады. Қазақстанда орташа жалақыны есептеу тәртібі де өзгереді. Sputnik Қазақстан қараша айында болатын негізгі өзгерістерді ұсынады.

Жеңілдетілген ипотека қайта беріледі

3 қарашадан бастап Отбасы банк "Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламалары бойынша құжат қабылдауды бастайды. Осы жолы инфляцияға қарсы шаралар аясында несиелеу көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Негізгі шарттар:

алғашқы жарна - 10-20%;

тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме - 7%;

азаматтардың барлық санаты үшін несие бойынша мөлшерлеме - 9%;

несие мерзімі - 19 жылға дейін.

Ал "Наурыз жұмыскер" ипотекасы нақты саланың мамандары ғана рәсімдей алады. Олар:

өнеркәсіп және құрылыс;

энергетика;

көлік;

ауыл шаруашылығы;

су ресурстары және ирригация.

Кеңсе қызметкерлері бағдарламаға қатыса алмайды.

"Әскери баспана" жанданады

Отбасы банк жақын арада "Әскери баспана" ипотекалық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталатынын хабарлады.

"7 мың әскери қызметкер өз баспанасына ие болады. Шарттары кейінірек әлеуметтік желілерімізде жарияланады", - делінген ресми хабарламада.

Жақында қорғаныс министрі "Отбасы банк" басшысымен кездесіп, осы бағдарламаға қатысты өз ұсыныстарын айтқан болатын.

Жаңа рейстер

Qazaq Air әуе компаниясы Қырғызстан мен Өзбекстанға тікелей рейстерді ашады.

7 қарашадан бастап Астанадан Самарқандқа (аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері);

10 қарашадан бастап Астанадан Бішкекке (аптасына екі рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері).

Оқушылардың каникулы аяқталады

3 қарашада оқушылардың күзгі каникулы аяқталып, оқу жылының екінші тоқсаны басталады. Бұл тоқсан жаңа жылға дейін созылады. Сол кезде басқа каникулдар да болады:

қысқы каникул — 29 желтоқсанна 7 қаңтарға дейін (10 күн);

1-сынып оқуқылары үшін қосымша каникул — 9-15 ақпан күндері (7 күн);

көктемгі каникул — 19-29 наурыз күндері (11 күн).

Ал 25 мамырда оқу жылы аяқталады.

Орташа жалақы есептеу тәртібі өзгереді

3 қарашадан бастап Қазақстанда орташа жалақы есептеу тәртібі өзгереді. Бұдан былай тұрақты сыйақылар мен ынталандыру төлемдері де есепке алынатын болады.

Магистратураға құжат қабылданады

Қазақстанда магистратура мен докторантураға құжат қабылдау 28 қазанда басталады.

Құжат қабылдау 10 қараша 2025 жылға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Тестілеудің өтетін орны мен уақыты жөніндегі ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттерінде қолжетімді болады:

"Қайрат" сырт алаңда ойнайды

Алматылық "Қайрат" клубы қараша айында Еуропада екі жұлдызды матч өткізеді:

6 қарашада аты аңызға айналған "Сан-Сиро" стадионында миландық "Интерге" қарсы (Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады);

26 қараша Дания астанасы Копенгагендегі “Паркен” стадионында “Копенгаген” клубына қарсы ойын (Астана уақытымен 22:45-те басталады).

"Қандай мерекелер болады

Қараша айында мемлекеттік мерекелер жоқ. Бірақ кәсіби және басқа да мейрамдар болады. Олар:

5 қараша – Сыртқы барлау күні;

8 қараша – Статистика күні;

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні;

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі;

16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғышылар күні;

17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні.

Қарашада қосымша демалыс бола ма

Қараша айында мереке күндері жоқ. Сол себепті бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Осылайша, қараша айында 10 күн демалыс бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:233
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 13:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары