Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

Ақтөбеде бір топ адам туристік қызмет көрсетуді желеу еткен алаяқтың тұзағына ілінген

Жамбыл облысында мектеп жөндеуіне бөлінген 78 млн теңге бюджетке қайтарылды

1 қаңтардан бастап елімізде не өзгереді?

1 қаңтардан бастап елімізде не өзгереді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жаңа жыл табалдырықтан аттаған сәттен бастап еліміздің тыныс-тіршілігінде айтулы өзгерістер болады. Қаңтар айы азаматтар үшін тек демалыс күндерімен ғана емес, құқықтық және экономикалық маңызы бар жаңа ережелермен есте қалмақ. Бұл айда бізді 12 демалыс пен 19 жұмыс күні күтіп тұр, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ЖИ

Салық кодексі: Экономиканың жаңа тынысы

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің экономикалық қатынастарын реттейтін негізгі құжат – жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Мұндағы ең маңызды өзгерістердің бірі – Қосылған құн салығының (ҚҚС) 12% деңгейінен 16% деңгейіне дейін көтерілуі. Сонымен қатар ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал

Алайда мемлекет әлеуметтік маңызды салаларды салықтық жүктемеден қорғауды да ұмытқан жоқ. Енді төмендегі тауарлар мен қызметтер ҚҚС-тан босатылады:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы тауарлар мен қызметтер; Міндетті медициналық сақтандыру қызметтері; Отандық баспа өнімдері (кітаптар) мен оларды басып шығару қызметтері.

Жеке және корпоративті табыс салығы бойынша жаңа тәртіп орнайды. Корпоративтік табыс салығының (КТС) базалық мөлшерлемесі 20% болып бекітілсе де, кейбір секторлар үшін өсім қарастырылған:

25% – банктер (ШОБ-ты несиелеуді қоспағанда) мен ойын бизнесі үшін; 5% (2026 жылы) және 10% (2027 жылдан бастап) – әлеуметтік сала ұйымдары үшін; 3% – ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін сақталады.

Ал жылына 8500 АЕК-ке дейін (33,5 млн теңге) табыс табатындар үшін 10% мөлшерлеме сақталады. Ал табысы бұл шектен асатын тұлғалар 15% төлейтін болады. Дивидендтер бойынша да осыған ұқсас тәсіл қолданылады: жылына 230 000 АЕК (шамамен 995 млн теңге) шегіндегі табысқа 5% жеңілдік қолданылса, одан асқан сомаға 15% салық салынады.

Әлеуметтік кепілдіктер мен АЕК өсімі

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң күшіне енеді. Соған сәйкес, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 393 теңгеге өсіп, 4 325 теңгені құрайды.

Жаңа жылдағы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер:

Ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге; Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге; Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге. Ең төменгі жалақы (МЗП) өзгеріссіз қалады – 85 000 теңге. 

Бюджетте зейнетақыны 10% индексациялау қарастырылған. Сонымен қатар Үкіметтің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер де нақты алып отырған сомадан 10% мөлшеріне артады.

Зейнетақы жинағы: Таңдау мен шектеу 

Зейнетақы жинағын мақсатты пайдалану үшін қажетті «жеткіліктік шегі» 2026 жылы орта есеппен 10% деңгейіне жоғарылайды. 

Жаңа жылға дейін зейнетақы жинағынан қалай ақша алып қалуға болады?

Есесіне, әрбір салымшы өз жинағын инвестициялаудың үш стратегиясының (консервативті, теңгерімді және агрессивті) бірін өз бетінше таңдау құқығына ие болады.

2026 жылы зейнетақы жинағының шегі өзгереді

Мобильді аударымдар мен Қаржылық бақылау

1 қаңтардан бастап банк шоттары мен мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа ережелері іске қосылады. Егер жеке тұлғаның шотына үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі адамнан ақша түссе және бұл сома 12 ең төменгі жалақыдан (2026 жылы 1,02 млн теңгеден) асса, бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қарастырылады.

Құжат рәсімдеу және МӘМС жаңалықтары

Алғаш рет куәлік алатындар немесе мерзімі өткен құжатты ауыстыратындар үшін мемлекеттік баж алынбайды (тегін). Алайда куәлікті жылына екі реттен көп жоғалтқандар 1 АЕК (4 325 теңге) төлейді. Паспорт бағасы:

Балаларға – 17 300 теңге (4 АЕК); 36 беттік – 34 600 теңге (8 АЕК); 48 беттік – 51 900 теңге (12 АЕК).

Сақтандыру жүйесіне кемінде 5 жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтар табысынан айырылған жағдайда 6 айға дейін сақтандырылған мәртебесін сақтайды. Басқалар үшін бұл мерзім 3 ай.

«Сақтандырылған» мәртебесі 6 айға ұзартылады

Сондай-ақ 2026 жылдан бастап қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу мен бақылау толықтай МӘМС жүйесіне енеді.

Нарықтағы баға мен инфляциялық қысым

Ұлттық банк ҚҚС-тың көтерілуіне байланысты инфляцияның жеделдеуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл әсіресе азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсету саласына әсер етпек.

Байланыс пен Интернет: Beeline мен Tele2/Altel тарифтерді көтеруде. Күнделікті пакеттер 30-40 теңгеге, ал «Меняй все Promo» сияқты тарифтер 270 теңгеден 300 теңгеге дейін өседі. Логистика: Мұнай тасымалдау тарифі 37,9% мөлшеріне (тоннасына 6 777,76 теңге) қымбаттайды. Теміржол: КТЖ тарифтерді өсіруді жоспарлағанымен, 2026 жылдың 1-тоқсанына мораторий енгізілді. Техника: Оперативті жады (DDR5) мен SSD-дискілердің тапшылығы бағаның 100% деңгейіне дейін өсуіне әкеледі. Электромобильдер: Квотаның болмауына байланысты баға 30-40% мөлшерге жетеді. Жылжымайтын мүлік: Элиталық баспаналар мен тәуліктік жалға алу бағасының 46,6% деңгейіне дейін өсуі байқалып отыр. (тәулігіне 15 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін).

АЕК-тің өсуімен қатар айыппұлдар да артады. Жылдамдықты 10-20 км/сағ асыру 21 625 теңгеге, ал 40 км/сағ артық асыру 86 500 теңгеге жетеді. Нотариус қызметтері де қымбаттайды: қаладағы мүлік келісімі 51 900 теңгеге дейін, ауылда 11 677 теңгеге дейін барады.

18 қаңтардан бастап ЖИ жүйелерін қолдану бойынша жаңа талаптар күшіне енеді. Оның көмегімен жасалған өнімдер міндетті түрде таңбалануы тиіс. Заң бұзушыларға 15 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін (ірі бизнес үшін) айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар

Мария Хаджиева қызметінен босатылды

Қоғам • Бүгін, 15:02

Алматыда тегін ем-дом жүргізілетін кеселдердің тізімі ұлғайды

Медицина • Бүгін, 15:00

Астанада жүргізушісіз таксилер пайда болады

Елорда • Бүгін, 14:51

Алматыда жүрек трансплантациясын жасатқан науқас отбасына оралды

Медицина • Бүгін, 14:40

Кеншілер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі деп танылды

Аймақтар • Бүгін, 14:23

Үздік фельдшерлер марапатталды

Медицина • Бүгін, 14:12

Мәжілісте туризмді қолдау туралы заң жобасы қаралды

Қоғам • Бүгін, 14:02

Көкшетауда жаңа көпбейінді аурухана салынып жатыр

Аймақтар • Бүгін, 13:46

Брижит Бардо 91 жасына қараған шағында өмірден озды

Оқиға • Бүгін, 13:30

Трамп пен Зеленский Флоридадағы кездесуде қандай келісімдерге қол жеткізді?

Әлем • Бүгін, 13:15

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?

Елорда • Бүгін, 13:00

Ел экономикасына тартылған инвестиция 6 млрд долларға жетті

Экономика • Бүгін, 12:52

Футзалдан Қазақстан кубогінің иегері анықталды

Футбол • Бүгін, 12:50

Ақтауда түнде автокөлік өртенді

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:43

Атырау облысында жыл ішінде санавиациямен 243 науқасқа көмек көрсетілген

Аймақтар • Бүгін, 12:35

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Желтоқсан 2025 15:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

27 Маусым 2026 15:54see118

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see109

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

28 Маусым 2026 11:04see108

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see107

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

29 Маусым 2026 10:00see103

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

27 Маусым 2026 13:14see102

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see102

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

28 Маусым 2026 11:41see101

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28 Маусым 2026 11:47see101

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

29 Маусым 2026 11:02see101

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

29 Маусым 2026 11:02see100

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

27 Маусым 2026 19:32see99

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28 Маусым 2026 06:32see99

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

28 Маусым 2026 17:33see98

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

27 Маусым 2026 17:11see98

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

27 Маусым 2026 19:18see98

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

29 Маусым 2026 10:14see97

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

27 Маусым 2026 17:22see95

Ақтөбеде бір топ адам туристік қызмет көрсетуді желеу еткен алаяқтың тұзағына ілінген

27 Маусым 2026 14:05see90

Жамбыл облысында мектеп жөндеуіне бөлінген 78 млн теңге бюджетке қайтарылды

29 Маусым 2026 10:39see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары