Қазақстанда 400 ден астам жаңа дәрі дәрмек өндіріледі
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Үкімет Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіру туралы келісімді мақұлдады.
Бүгінде үкімет отырысында жалпы құны 316 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба мақұлданды.
"Бұл, ең алдымен, жалпы Қазақстанның дәрімен қамту ісіндегі дербестігі мәселесі. Алдағы 2-4 жылда елімізде 400-ден астам жаңа дәрілік заттар өндіріледі", — деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге – 47 млн доллардан 87 млн долларға дейін артқаны айтылды. Жаңа жобалар шеңберінде 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген.
Жалпы, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде одан әрі жұмыс жүргізіледі. Елімізде фармацевтика саласы үшін мамандар даярлаудың толық жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік қолдау, дуальды білім беруді дамытуға баса назар аударылады, дейді үкіметте.
Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерді импорттау және өткізу ҚҚС-тан босатылды. Жалған препараттардың айналымына бақылау мен жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер дайындалды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















