Қазақстанда алкогольге тексеру кезінде 0,3 промилле шегін енгізуді жоспарлап отыр
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Денсаулық сақтау министрлігі көлік жүргізушілерін алкогольдік мас күйге тексерудің жаңа қағидаларын әзірлеп жатыр. Онда алкоголь мөлшерінің шекті деңгейін 0,3 промилле деңгейінде белгілеу ұсынылған. Бұл туралы ведомство өкілі Гүлнәр Сәрсенбаева Tengri Auto тілшісіне хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр Сәрсенбаева 0,3 және одан жоғары көрсеткіш алкоголь тұтыну дерегі ретінде есептелетінін, ал одан төмен мөлшер ағзадағы табиғи процестермен түсіндірілуі мүмкін екенін айтты.
"Егер 0,3 промилле және одан жоғары көрсеткіш тіркелсе, бұл алкоголь тұтыну дерегі ретінде саналады. 0,3 промилледен төмен болса, эндогендік алкоголь - зат алмасу процестерінің өнімі болуы мүмкін", - деді ол.
Сәрсенбаеваның айтуынша, тыныс алу кезінде шығатын ауада спирттің аз мөлшерде болуы зат алмасу ерекшеліктеріне және кейбір тағамдарды тұтынуға байланысты болуы мүмкін. Жаңа ереже алкотестер 0,2–0,3 промилле көрсеткен кезде туындайтын даулы жағдайларды азайту үшін ұсынылып отыр.
Дегенмен құрылғының көрсеткіші мас болу туралы қорытынды жасауға негіз болатын жалғыз фактор емес. Дәрігерлер адамның сөйлеу мәнерін, көз жанарын, қимыл-қозғалысын бағалайды, қажет болған жағдайда зертханалық мәліметтер ескеріледі. Осы белгілердің жиынтығы бойынша мас болу деңгейі анықталады.
Жаңа ережелер қашан күшіне енеді?Бұйрық жобасы талқылаудан өтті, бірақ әлі қабылданған жоқ. Қазір ол мемлекеттік органдармен келісуге дайындалып жатыр. Сәрсенбаеваның айтуынша, бұл біраз уақыт алуы мүмкін: жаңа ережелер биылғы жылдың аяғында немесе 2027 жылдың басында бекітілуі ықтимал.
Бұйрық қабылданғанға дейін 0,3 промилле шегі қолданылмайды. Сондай-ақ бұл жерде мәселе ішімдік ішіп алып рульге отыруға рұқсат беру емес, тек өзгерістер жобасы туралы болып отыр.
Мән-жайыНаурызда Денсаулық сақтау министрлігі куәландыру кезінде 0,3 промилле шегін белгілеуді ұсынғанын жазған едік. Сол кезде ведомство бұл бастаманы алкотестер қате көрсету мүмкіндігімен және ағза ерекшеліктерімен түсіндірген. Қазір жоба талқылаудан өтіп, келісуге дайындалып жатыр.
Промилле деңгейлері көрсетілген кесте ережеден 2020 жылы алынып тасталған. Содан бері Денсаулық сақтау министрлігі алкотестер көрсеткіші медициналық қорытындыға негіз бола алмайтынын, дәрігер адамның жағдайын кешенді түрде бағалайтынын түсіндіріп келеді.
Бұл тақырып жүргізушілер арасында жиі дау тудырады. Мысалы, 2025 жылы рөлде ұсталған шенеунік аузынан шыққан ішімдік иісін қымыз ішкенімен түсіндірген, бірақ медициналық куәландырудан бас тартқан. Сот оны 15 тәулікке қамауға алып, сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 15:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















