Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстанда мастық дәрежесін тексеру үшін промилле шегі қайтарылмақ

Қазақстанда мастық дәрежесін тексеру үшін промилле шегі қайтарылмақ

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Денсаулық сақтау министрлігі алкоголь мен психоактивті заттарды қолдануды анықтау үшін медициналық куәландыру рәсімін жетілдіру туралы бұйрық жобасын жариялады. Негізгі жаңалықтардың бірі - мастықты тіркеу үшін промилленің шекті мөлшерін қайта енгізу, - деп хабарлайды TengriHealth.

Мастық дәрежесін нақтылау

"Ашық НҚА" сайтында "Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасы жарияланды. Құжатта "алкогольдік масаң күйде болуды бағалау әдістерін жетілдіру" туралы айтылған.

"Маңызды жаңалықтардың бірі масаң күйде болу дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін енгізу болады, бұл адамның жай-күйін дәлірек айқындауға және жай-күйдің ауырлығын бағалауға байланысты даулы жағдайлар санын төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген бұйрық жобасының сипаттамасында.

Нақтылаулардың бірі алкоголь қолдану дерегі тіркелетін промилленің шекті мөлшеріне қатысты.

2020 жылдың аяғына дейін Қазақстанда медициналық куәландыру рәсімін реттейтін бұйрық күшінде болған, онда промилле кестесі көрсетілген. Сол кестеге сүйене отырып, алкогольді мас болу дәрежесі анықталатын.

Жеңіл дәрежеде мас болу қандағы алкоголь мөлшері 0,5-тен 1,5 промиллеге дейін болғанда тіркелетін. Осыған байланысты "рұқсат етілген промилле" деген бейресми ұғым пайда болды. 0,5 промиллеге дейінгі көрсеткіште адам сау деп есептелетін.

Сол кезде Денсаулық сақтау министрлігі промилле бойынша бөлу тек ұсыныс сипатында болғанын түсіндірді, ал үрлеу кезінде шығатын ауадағы алкоголь мөлшері ешқашан медициналық қорытындының негізгі болған емес, ол тек қосымша құрал.

2020 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін қолданылып келе жатқан бұйрықта мұндай кесте және сәйкесінше "рұқсат етілген промилле" жоқ.

Енді құжатқа психоактивті заттарды қолдану дерегі тіркелетін көрсеткішті қайта енгізу ұсынылып отыр, ол 0,3 промилле.

"0,3 промилле көрсеткіші ағзаның физиологиялық ерекшеліктерін, медициналық куәландыру жүргізілетін құралдардың техникалық сипаттамаларын және алкотестердің ықтимал қателіктерін ескере отырып белгіленген. Бұл жалған оң қорытындыларды болдырмауы тиіс", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әсел Қыдырәлиева.

Оның айтуынша, мас болу дәрежесі бұрынғыдай тек кешенді тексеру және дәрігердің қорытындысымен анықталады. Алкотестер көрсеткіштері тек құралдардың бірі болып қала береді.

Спикердің айтуынша, іс жүзінде қазірдің өзінде дәрігерлер алкотестер 0,3 промилледен аз көрсетсе, адам сау деген қорытынды береді, бірақ енді бұл норманы ресми түрде бұйрықта бекіту ұсынылып отыр.

Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық куәландыру тәртібін нақтылайты нқолданыстағы бұйрығына толықтыру болады.

Тағы қандай өзгерістер ұсынылып отыр?

Құжатта зертханалық зерттеулер жүргізу тәртібін де нақтылау қарастырылған. Бұл медициналық қорытындылардың объективтілігін арттыруы тиіс.

Әсел Қыдырәлиеваның айтуынша, барлық дерлік өзгеріс психоактивті заттарды қолдануды анықтау бойынша медициналық куәландыру тәртібін нақтылауға бағытталған.

1. Медициналық куәландыру кешенді түрде жүргізіледі. Оған мыналар кіреді:

медициналық тексеру; зертханалық зерттеулер - алко немесе наркотест; биологиялық материалды тексеру - дәрігер алғашқы екі тексеру адамның жағдайын объективті бағалау үшін жеткіліксіз деп есептесе, қан немесе зәр талдауы алынады.

Қорытындының негізі - адамның психикалық және соматоневрологиялық жағдайын кешенді бағалау деректері (сыртқы келбеті, мінез-құлқы, санасы, сөйлеуі, терісі, көз бен тілдің шырышты қабықтарының жағдайы, тершеңдік, сілекей бөлінуі, тыныс алу, пульс, қан қысымы, көз қарашығының күйі мен реакциясы, мимикасы, жүрісі, Ромберг қалпындағы тұрақтылығы және тағы басқалар).

Үрлеп шығарылған ауа талдауы қосымша жүргізіледі. Ал қан немесе зәр талдауы даулы жағдайларда жасалады. Барлық фактор жиынтық түрде ескерілуі тиіс.

2. Медициналық куәландыру бір рет жүргізіледі. Екінші немесе үшінші рет жүргізу жаңа жағдай ретінде есептеледі.

Қыдырәлиева кейде адамдар даулы жағдайда алғашқы тексеруден кейін біраз уақыт өткен соң қайта куәландырудан өтетінін айтты.

"Осы уақыт ішінде алкоголь ағзадан шығып кетуі мүмкін, сондықтан зерттеу нәтижелері мүлде басқа болады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін кешенді тексеру енгізіледі. Бірақ қайта куәландыру жаңа жағдай ретінде есептеледі", - дейді ол.

3. Психиатр-нарколог дәрігерлер мен арнайы клиникалар жоқ жерлерде медициналық куәландыруды арнайы білімі бар орта медициналық қызметкерлер (мейірбикелер) жүргізе алады.

Сарапшының айтуынша, бұл ең алдымен аудан орталықтарына қатысты болады. Қолданыстағы бұйрық бойынша куәландыруды тек дәрігер жүргізе алады, бұл қолжетімділікті төмендетіп, кезекті көбейтеді.

4. Медициналық куәландырудан өтетін адамның жеке басын анықтау мүмкіндіктері кеңейтіледі. Егер адам атын айта алмаса немесе бас тартса, құжаты болмаса, оның сыртқы келбетін сипаттауға, аудио және бейнежазба жасауға болады. Бұл кейін азаматтың жеке басын анықтауға көмектеседі.

Әсел Қыдырәлиеваның айтуынша, барлық келісу рәсімінен кейін жаңартылған ережелер бірнеше айдан соң күшіне енуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 15:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары