Қазақстанда емделген шетелдіктердің саны жарияланды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда емделген шетелдіктердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстанға медициналық туризммен келетін шетелдіктерді саны жыл сайын көбейіп келеді.
"Қазақстанның басты артықшылығы – көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімді құнының үйлесуі. Өткен жылы Қазақстан шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдады", - деді Мырзабосынов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы уақытқа дейін Қазақстандағы 10 медициналық ұйым халықаралық JCI аккредитациясын алған.
"Бүгінде денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2026–2028 жылдарға арналған медициналық туризмді дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленуде", - деп атап өетті Мырзабосынов.
Айта кетері, үкіметтің бүгінгі отырысында туризмді дамыту мәселесі қаралды. Ал премьер-министр Олжас Бектенов жазғы уақытта қолайлы бағамен қосымша рейстер ұйымдастыруды тапсырды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 17:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















