Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстанда Halyk орманы жобасы аясында миллионыншы көшет егілді

Қазақстанда Halyk орманы жобасы аясында миллионыншы көшет егілді

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Айтулы оқиға 2026 жылғы 25 сәуірде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экологиялық күн тәртібін қолдау мақсатында бастамашы болған Жалпыұлттық ағаш егу күні аясында өтті. Мерейлі көшетті Астананың жасыл белдеуінде Astana IT University студенті отырғызды.

Бір миллион көшет межесіне жеткен жоба 2026 жылғы 22 сәуірде Астанада өткен RES 2026 EXPO алаңында халықаралық деңгейде де мойындалды. «Тұрақты даму жөніндегі күн тәртібінің көшбасшылары – қалалар мен компаниялар» панельдік сессиясында Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен бастамасы орман экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған жүйелі жұмыстың, сондай-ақ, мемлекет, кәсіп және қоғам арасындағы тиімді әріптестіктің үлгісі ретінде атап өтілді.

Фото: Halyk қоры

Саммиттің іскерлік бағдарламасымен қатар, жоба нақты іске асырылуын жалғастырды. Биыл «Halyk Орманы» жобасының көктемгі отырғызу маусымы Астананың жасыл белдеуінде басталды. Сондай-ақ көшеттер «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мен Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында да отырғызылды.

Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры бастамашы болған «Halyk Орманы» жобасы Қазақстанның орман қорын қалпына келтіруге бағытталған ең ірі экологиялық бастамалардың біріне айналды. Жоба іске қосылған сәттен бастап елдің үш өңірінде 240 гектар аумаққа 800 мыңнан аса көшет егілді. Ал көктемгі маусым қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш бір миллионнан асты.

«Halyk Орманы» Қазақстандағы экологиялық бастамалардың жаңа үлгісін қалыптастырып отыр. Яғни жоба бір реттік акциямен шектелмей, нақты нәтижесі өлшенетін жүйелі әрі ұзақ мерзімді жұмысқа негізделген.

Бұл жұмыстар Halyk қайырымдылық қорының кең ауқымды экологиялық бағытының бір бөлігі саналады. Қордың бұл саладағы жұмысы үш негізгі ұстанымға негізделген: өмір сапасын арттыру, таза ауа және тұрақты даму. Басты мақсат – адамдарға жайлы ортада өмір сүруіне мүмкіндік жасау. 

Фото: Halyk қоры

2026 жылы жобаға жаңа серіктестер қосылды. Олардың қатарында FlyArystan әуе компаниясы мен EUROBAK Еуропалық бизнес-қауымдастығы бар. Осы әріптестік аясында қосымша 55 гектар жерге 190 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр.

Halyk қоры жобаның бастамашысы ғана емес, оны үйлестіріп отырған негізгі ұйым ретінде де жұмыс істейді. Қор экологиялық күн тәртібі аясында мемлекет, бизнес және қоғамның бірлесіп әрекет етуіне мүмкіндік беретін тұрақты алаң қалыптастырып отыр. Соның арқасында бастамаға еріктілер, студенттер, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдар белсенді қатысып жатыр. Көктемгі ағаш егу жұмыстарына Astana IT University студенттері, NNEF қоғамдық қорының қолдауымен «Мирас» мектебінің оқушылары, Halyk Bank қызметкерлері, сондай-ақ, өңір тұрғындары атсалысты.

- Бұл - мен үшін зор мақтаныш. Біз бұл бастамаға жай ғана ағаш отырғызу үшін емес, ел болашағына бейжай қарамайтын азамат ретінде келдік. Табиғатты қорғау әрқайсымыздың борышымыз, - деді миллионыншы көшетті еккен Astana IT University студенті Асылжан Абдуллаев.

Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының бас директоры Сағынбек Шүнкеевтің айтуынша, жоба ұзақ мерзімге жоспарланған.

- Жобаның басты мақсаты - бес жыл ішінде 9 миллион көшет пен шыбық егу. Миллионыншы көшет биылғы алғашқы маңызды белес. Біз осы бағыттағы жүйелі жұмысымызды жалғастыра береміз. Әсіресе, Экология министрлігімен бірге қолға алған бастамамызға халықаралық және отандық ұйымдардың қолдау білдіріп жатқаны көңіл қуантады, - деді ол.

Фото: Halyk қоры

Айта кетейік, «Halyk Орманы» жобасы 2025 жылғы күзде Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін бастау алған. Меморандум аясында қор 1 млрд теңге бөліп, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі және елорданың «Жасыл аймақ» жасыл белдеуі аумақтарында 9 миллионнан аса ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

Осылайша, «Halyk Орманы» жай ғана экологиялық жоба емес, елдің ұзақ мерзімді даму бағыты жолында мемлекет, бизнес және қоғамды біріктіретін тұрақты алаңға айналып келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:253
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 18:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары