Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақстанда ыңғайсыз тақырыптарда әзілдеуден қорықпайтын инклюзивті стендап пайда болды

Қазақстанда ыңғайсыз тақырыптарда әзілдеуден қорықпайтын инклюзивті стендап пайда болды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

"Күлуге бола ма?" – Абылай Исиннің айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар жандар әзіл арқылы табуды бұзып, мүгедектік тақырыбындағы әлеуметтік шиеленісті сейілтуге көмектесетін "Инвалиды, алға" инклюзивті стендап-жобасының алғашқы минуттарында көрермендердің жүзінен осы сұрақ үнемі оқылып тұрады. Жоба идеясы қалай пайда болды және неге күлкі кейде кез келген дәрістен артық көмектеседі – Tengri Life материалында.

Абылай Исин - астаналық PR-маман, комик және шоураннер. 10 жасында оның оң көзін алып тастаған. Жылдар өте келе жеке тәжірибесі оның стендапының бір бөлігіне, кейіннен "Инвалиды, алға" инклюзивті жобасының негізіне айналды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

"Бала кезімде көз протезіне байланысты мені жиі буллингке ұшырататын. Ұзақ уақыт бойы бойымда кешендер болды. Сол кезде мен әзіл арқылы бұдан да қаттырақ жауап беруді үйрендім. Мені стендапқа алып келген де осы шығар", - дейді Абылай.

Бүгінде 31 жастағы Исин инклюзивті комедиялық шоуды дамытып келеді. Онда мүгедектігі бар комиктер өз тәжірибелері туралы ашық әзілдейді, көрермендердің ыңғайсыз сұрақтарына жауап береді және әзіл арқылы көбісі әлі күнге дейін табу деп санайтын тақырыптарды қозғайды.

"Инвалиды, алға" тарихы қалай басталды?

Жоба тарихы Абылайдың туған күніне арналған жеке концертінен басталды. Ол Threads желісінде "Инвалиды, алға" шоуын жариялады. Шақыруға тек көрермендер емес, мүгедектігі бар әлеуетті қатысушылар да үн қатты.

Сахнада Абылай өз тәжірибесі туралы ашық әзілдейді. Оның айтуынша, дәл осы өзіне-өзі сынмен қарау (самоирония) залдағы шиеленісті тез арада басуға көмектеседі.

"Мүгедектігі бар адамға алғашқы психологиялық жарақатты ата-анасы салады. Мен мектептен келсем, анам: "Балам, квитанция келіпті, бір көзіңмен қарап жіберші" дейді. Мен: "Рақмет, анашым" деп жауап беремін. Кейін әкем келіп: "Балам, екеуара (көзбе-көз) сөйлесуіміз керек" дейді. Мен: "Рақмет, әке" деймін", - деп әзілдейді ол.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Абылайдың есіне алуынша, алғашқы концерт мұндай форматтың шынымен қажет екендігіне дәлел болған.

"Алғашқы концерттен кейін үйге келіп жыладым. Өнер көрсеткенім үшін емес, мүгедектігі бар және жоқ жандардың бірге суретке түсіп, араласып, күліп жатқанын көргендіктен. Әдетте бізге аяушылықпен қарайды, ал мұнда ол болған жоқ. Сол кезде мен бұл форматтың шынымен жұмыс істейтінін түсіндім. Адамдарға осындай ашықтық жетіспейтін. Көрермендер біздің шоуды "Мүгедектігі бар жандарға арналған Comedy Club" деп атайды: мен өз материалымды ұсынамын, содан кейін залмен интерактив бастаймын", - деді комик.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Абылай "Хан" Асхатұлының жарияланым (@abylai.isin)

Уақыт өте келе жоба жеке өнер көрсету форматынан асып түсті. Оған Қазақстанның әртүрлі қалаларынан жаңа комиктер қосыла бастады: Диляра - зағип блогер, Айман - қолында протезі бар кибермодель, Томирис - спорттық жарақаттан бір көзінен айырылған, және бұл шоу үлкен сахнаға шығудың алғашқы тәжірибесі болған ерекше қажеттіліктері бар басқа да қатысушылар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ең ыңғайсыз сұрақтар - залдан

Шоудың ең танымал айдарларының бірі - анонимді жазбалар бөлімі. Концерт басында көрермендерге парақшалар таратылады, онда олар кез келген, тіпті ең ыңғайсыз сұрақтарды, соның ішінде мүгедектігі бар адамға бетпе-бет қоюға батылы бармайтын сұрақтарды қоя алады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Айман Молдабекованың жарияланымы | креативті продюсер (@aymanulya)

Абылайдың айтуынша, дәл осындай тікелей сөйлесу шиеленісті тез сейілтуге көмектеседі.

"Дәл осындай сұрақтар адамдардың көзқарасын өзгертеді. Олар мүгедектігі бар жандарды басқаша қабылдай бастайды. Ал қатысушылардың өздері кейін маған: "Сенің концерттеріңде менің еңсем көтеріледі" деп жазады. Мүгедектер туралы онсыз да әзілдейді, бірақ сырттарынан. Қазір адамдарға "қара әзіл" (black humor) қатты ұнайды. Ал біз адамдар іштей ойлап жүрген нәрселерді айтамыз. Сондықтан бұл халыққа жақсы өтеді", - деді Абылай.

Біз Абылайдан команда ішінде тыйым салынған тақырыптар бар-жоғын сұрадық. Ол жобада нақты белгіленген шекаралар бар екенін айтты: мұнда ментальды аурулары бар адамдарды келемеждемейді, сондай-ақ саясат пен дін тақырыптарынан аулақ болады. Әзілдің басты мақсаты - қорлау емес, жағдайды жеңілдету.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

"Бізде әзіл үшін біреуді қорлау мақсаты жоқ. Егер залға араласуға ыңғайсызданатын мүгедектігі бар адамдар келсе, мен оларға тиіспеймін. Бірақ егер жігіттер қалжыңға дайын болса - мен оларды "сынап" аламын, бұл оларға ұнайды, өйткені олар өздеріне де қатал әзілдейді. Залдан келген сұрақтарды көпшілікке оқымас бұрын, мен әрқашан тексеремін: егер сұрақ өнер көрсетушілердің біріне ауыр тиюі мүмкін болса, мен оны алып тастаймын", - деп түсіндірді комик.

"Диагноздың артында адамды көру маңызды"

Абылайдың айтуынша, жобаның басты идеясы - адамдарға бір-бірінен диагнозды емес, тұлғаны көруге көмектесу. Дәл сондықтан "Инвалиды, алға!" жобасы мүгедектігі бар жандардың өмірі туралы аяушылықсыз - әзіл мен ашық әңгіме арқылы баяндайды.

"Мен біздің арамызда аса айырмашылық жоқ екенін көрсеткім келеді. Иә, бізде қосымша қажеттіліктер бар, бірақ бұл бізді өзгеше етпейді. Концерттерде мен мүгедектігі бар адам болу - бұл керемет деп айтамын. Бізде жәрдемақы, бөлек тұрақ орындары бар, ал арбадағылар кез келген жерге VIP-қонақ ретінде кіреді. Соңында залдан: "Кімнің мүгедек болғысы келеді - қол шапалақтаңыздар!" - деп сұраймын. Достарым кейін: "Неге бізбен араласпайсың? Саған тек мүгедектігі бар адамдар қызық па?" - деп күледі. Ал мен: "Сенің бәрі алда, әлі мүгедек болуға үлгересің", - деп жауап беремін", - дейді Абылай күліп.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Абылай шешкісі келетін басты мәселе - адамдар арасында жасанды кедергілер тудыратын ыңғайсыздық пен гипертолеранттылық. Абылайдың айтуынша, аянышпен немесе тым сақтықпен қарағаннан қарағанда, тікелей және ашық сөйлескен әлдеқайда жеңіл қабылданады.

"Мүгедектігі бар адамдарға ең үлкен зиянды дөрекі сөздер емес, аянышпен қарау тигізеді. Мен жобамыздың екі жаққа да көпір болғанын қалаймын: мүгедектігі жоқ адамдар бізге келуден қорықпаса, мүгедектігі бар жандар да оларға жасқанбай барса екен деймін. Біздің қоғамда әлі күнге дейін "өзіміздікі" және "бөтен" деп бөліну бар, біз әзіл арқылы соны жойғымыз келеді", - деп атап өтті ол.

Концерттерден кейін көрермендер қатысушылардың арасында паралимпиадашылар, Қазақстан чемпиондары, IT-мамандары және әртүрлі қызығушылықтары мен мінездері бар қарапайым адамдар бар екенін біледі.

"Концерттерден кейін көрермендер алдында жай ғана мүгедектігі бар жандар емес, паралимпиадашылар, Қазақстан чемпиондары, IT-мамандары, жарқын әрі талантты тұлғалар тұрғанын түсінеді. Тек әркімнің өз ерекшелігі бар. Сайып келгенде, өмір әркімді әртүрлі сынайды: біреуді ақшамен, біреуді қарым-қатынаспен, ал біреуді денсаулықпен", - деп қосты Абылай.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Стендапердің айтуынша, жоба әзірге қомақты табыс әкелмейді: команда билет сатады, бірақ түскен қаражат толыққанды жұмыс пен сапалы түсірілім үшін жеткіліксіз.

"Мен бұл концертті бір рет қана өткіземін де қоямын деп ойлағанмын. Бірақ уақыт өте келе осы жігіттер үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезіндім. Кейін Қарағандыдан, Көкшетаудан мүгедектігі бар адамдар жаза бастады. Сөйтіп мұны жалғастыру керек екенін түсіндім", - деді ол.

Қазір команда жобаны кеңірек аудиторияға қолжетімді ету үшін өнер көрсеткен видеоларды YouTube-ке жүктеуді жоспарлап отыр. Абылайдың айтуынша, команда инвесторлар іздестіріп жатыр, алайда әлеуетті серіктестер екіұшты әзілдерден қаймығып, мүгедектік тақырыбына әзірге сақтықпен қарап отыр.

"Сен кем дегенде екі адамның өмірін өзгерттің"

Сонымен қатар Абылай концерттерден кейін көрермендер мен жоба қатысушылары үнемі хат жазып тұратынын айтты. Бірі мүгедектігі бар жандарға басқаша қарай бастағанын мойындаса, енді бірі алғаш рет өз-өзіне сене бастағанын жеткізген.

"Маған қатысушылардың бірінің анасы: "Сен кем дегенде екі адамның - менің және қызымның өмірін өзгерттің" деп жазды. Көптеген көрермен: "Мен неге өміріме шағымдана беремін? Менде бәрі бар, ал мүгедектігі бар адамдар менен гөрі жарқын әрі мазмұнды өмір сүреді екен" деп жатады. Бұл мен үшін жобаның шынымен де нәтиже беріп жатқанының көрсеткіші", - деп атап өтті ол.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Уақыт өте келе Абылайдың мүгедектігіне деген көзқарасы да өзгерген. Бүгінде ол мұны шектеу ретінде қабылдамайтынын айтады.

"Мен мүгедектігімді жиі "суперкүшім" деп атаймын. Егер ол болмағанда, мүмкін мен ең қарапайым адам болар ма едім. Барлық сынақтар бізді мықты етеді. Мен адамдардың бізден диагнозды емес, тұлғаны көргенін қалаймын", - деп түйіндеді ол.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Әңгіме соңында Абылай жобаның басты мақсаты - қоғамға бірдеңе дәлелдеу емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасты жеңіл әрі табиғи ету екенін мойындады.

"Мен арамыздағы шекаралардың жойылғанын қалаймын. Өмір сүріңіздер, рахаттаныңыздар, мейірімдірек, қарапайым әрі жеңіл болыңыздар. Біз бұл концерттерді адамдар күлсін, таныссын және аралассын деп өткіземіз. Егер бұл жүзеге асып жатса, демек бәрі бекер емес. Сөзімнің соңында: "Инвалидтер, алға!" - деймін", - деп аяқтады Абылай.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары