Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

Қазақстанда жауын шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды

Қазақстанда жауын шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгін Түркістан қаласында жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті. Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологияларын тәжірибелік тұрғыда қолдануға көшкен алғашқы ел болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоба су қоймаларын толықтыру деңгейін арттыруға және елдің оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы аумақтарын су ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны толық ауқымда іске асыру 2026 жылғы 17 мамырда басталады.

Технология Түркістан облысындағы жалпы көлемі 911 мың гектардан асатын егістік жерлерге әсер ететін құрғақшылық пен су тапшылығының салдарын азайтуға арналған. Жоба 1980-жылдардың соңынан бері ауа райын модификациялау және жауын-шашынды жасанды түрде көбейту саласында көпжылдық тәжірибесі бар БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ

Салтанатты рәсімге Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Ахмед Әл-Мандус, БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммад Саид Мұхаммад Әл-Арики, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.

«Казахстан климаттық орнықтылықтың жаңа жүйесін қалыптастыруға бағытталған практикалық қадам жасап жатыр. Өңірде алғаш рет жауын-шашынды жасанды түрде көбейту технологиялары саласында мұндай ауқымды жоба іске қосылып жатыр. Біз үшін бұл − ғылымға, халықаралық серіктестікке және цифрлық технологияларға негізделген заманауи климаттық инфрақұрылымды қалыптастырудың бастауы. Жоба әлемдік жетекші сарапшылармен бірлесе жүзеге асырылуда және технологиялар трансфері мен отандық мамандарды даярлаудың негізін қалайды», деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Халықаралық бағалауларға сәйкес, жасанды жаңбыр шақыру технологиялары табиғи деңгеймен салыстырғанда жауын-шашын көлемін 10-20%-ға дейін арттыра алады. Мұндай технологиялар Қытай, АҚШ, БАӘ, Франция және Сауд Арабиясында белсенді түрде қолданылып келеді.

Жоба суға сұранысы жоғары аудандарда, ең алдымен ауыл шаруашылығы аумақтарында жергілікті деңгейде жүзеге асырылады. Жұмыс жүргізілетін аймақтарды таңдау метеорологиялық қызмет мамандары мен профильдік мемлекеттік органдардың қатысуымен ауа райы жағдайын, экологиялық ахуалды және суға қажеттілікті ескере отырып жүргізіледі. Технологияның әсер ету аумағы жергілікті сипатқа ие және радиусы 5 шақырымнан аспайды, сондай-ақ ауқымды ауа райы құбылыстарын қалыптастырумен байланысты емес. Жұмыстарды жүргізу үшін халықаралық тәжірибеде қолданылатын тұз негізіндегі реагенттер пайдаланылады.

Жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы аумақтарын сумен қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, құрғақшылықтан келетін шығынды азайтуға және өнімділіктің өсуін қолдауға мүмкіндік береді деп күтіледі. Әлеуетті экономикалық тиімділік жылына 35 млрд теңгеге дейін бағаланады.

Ынтымақтастық аясында БАӘ Ұлттық метеорология орталығының мамандары Түркістан облысының мамандарын ауа райын модификациялау технологияларына оқытуды жүргізіп жатыр. Олардың қатарында метеорологтар, ұшқыштар, инженерлер және салалық мамандар бар. Сонымен қатар технологияны Қазақстанның басқа өңірлерінде кеңейту мүмкіндігі қарастырылып, отандық климаттық технологияларды қалыптастырудың іргелі негізі қаланып жатыр.

Жобаны іске асыруға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Су ресурстары және ирригация министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік министрлігі, Қаржы министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Энергетика министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, Азаматтық авиация комитеті, Казаэронавигация және «Қазгидромет» қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 90%-дан астамы Мемлекет басшысына сенім артады

Қоғам • Бүгін, 17:58

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 17:48

«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді

Мәдениет • Бүгін, 17:24

Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі

Экономика • Бүгін, 16:50

Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды

Президент • Бүгін, 16:42

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан халқының Президентке сенімі жоғары екенін көрсетті

Қоғам • Бүгін, 16:35

Ақтөбеде облысында құралайларға GPS сырға тағылды

Экология • Бүгін, 16:22

PGL Astana 2026 турнирінің алғашқы ойын күні 7000 көрермен жиналды

Елорда • Бүгін, 15:43

Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT-ның 001 сериялы жол жүру картасы табысталды

Президент • Бүгін, 15:20

Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды

Президент • Бүгін, 15:02

LRT іске қосылды: Алғашқы рейстер жолға шықты

Оқиға • Бүгін, 14:40

Президент Astana LRT жұмысын іске қосты

Президент • Бүгін, 14:35

Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасы бой көтереді

Қоғам • Бүгін, 13:58

Испания премьер-министрі Палестина туымен шыққан «Барселона» ойыншысын қолдады

Әлем • Бүгін, 13:35

Астанада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы тоқтатылды

Қоғам • Бүгін, 12:52

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 19:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see150

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see118

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see118

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see117

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see117

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see116

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see116

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see116

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see115

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see114

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see114

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see113

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see113

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see112

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see112

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see111

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see111

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

13 Тамыз 2026 11:25see110

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see108

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

13 Тамыз 2026 23:00see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары