Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстандағы көлік апатының 30 пайызы жол сапасының төмендігінен болады Нартай Сәрсенғалиев

Қазақстандағы көлік апатының 30 пайызы жол сапасының төмендігінен болады Нартай Сәрсенғалиев

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Үкімет сағатында жасаған баяндамасында еліміздегі жол-көлік оқиғаларының жылдан-жылға артып, адам өлімі мен жарақаттар бойынша статистиканың үрейлі көрсеткішке жеткенін айтты. Оның айтуынша, жол апатына тек жүргізушілер кінәлі емес. Оған жүйедегі олқылықтар, жол сапасының нашарлығы, цифрлық инфрақұрылымның тиісті деңгейде болмауы әсер отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутаттың айтуынша, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 22 501 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 32 375 адам зардап шеккен, ал 1 446 адам көз жұмған. Бұл былтырмен салыстырғанда 7 мыңға көп.

– Тасжолдағы традегиядан 5 жылда 12 267 азаматымыздан айырылыппыз. Жіктесем, 8 218 ер адам, 2 975-і әйел, 1 074-і бала. Аталған деректі әлем елдерімен салыстырсақ, Қазақстандағы трассалар бейбіт күнде бейіттен хабар әкелетін қорқынышты құралға айналып кетпеді ме деп қауіптенесің. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық ұйымы жол апатынан көз жұмғандардың саны бойынша Қазақстан 192 елдің ішінде 107-орында тұр дейді. Ал  Дүниежүзілік банк (The World Bank) келтірген мәліметтерге сәйкес, елімізде 100 000 адамға шаққанда жол-көлік апатынан қаза табатындар саны 24-ке тең. Қазір 12 адам деген дерек бар. Салыстырмалы түрде алсақ, Ұлыбританияда 100 000 адамға шаққанда жол-көлік апатынан қаза табатындар саны 3 адам, – деп нақтылады депутат.

2024 жылы елімізде 12 660 645 жол ережесін бұзу фактілері анықталған. Нартай Сәрсенғалиевтің пікірінше, биылғы дерек одан асып кетуі мүмкін. Себебі аяқталмаған 2025 жылдың өзінде тасжолда 9,7 миллион әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 16 700  мас жүргізуші ұсталған.

– Тағы бір түйткіл, жүргізушілер жүгінетін цифрлық платформалардың жеткілікті деректі ұсынбауы. Мәселен, көлік тізгініндегі адамға авариялық қауіпті учаскеге жақындағаны немесе сонда жүргені, ауа райының қолайсыздығы немесе жол жабындысының нашарлағаны туралы деректер уақытылы берілмейді. Тіпті, жолдағы жөндеу жұмыстары туралы деректер де жүргізуші қолданатын цифрлық қосымшаларда уақытылы, толық көрсетілмейді. Салдарынан жөндеу үшін деп жолға төгілген құм мен қиыршық тастарға соғылып апатқа ұшырағын автокөліктерді желіден үнемі көреміз. Осы тұста мемлекеттік органдар көштен қалмауы керек. Мәселен,  жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы апатты-қауіпті орындарды анықтау, есепке алу және жою жөніндегі нұсқаулықты Көлік министрлігі тек 2023 жылдың 26  қыркүйегінде ғана бұйрықпен бекіткен. Бұл өте кеш, – деп атап өтті депутат.

Былтырмен салыстырғанда биылғы жылдың 9 айында адамның өліміне немесе ауыр жарақат алуына әкеп соқтырған жол көлік оқиғаларының саны 41,9% көбейген. Ең көп өсім Атырау облысында тіркелген, жол апатының саны 162,5% артыпты. Ақтөбе облысында 123%, Қызылорда облысында 101,9% жол апаты көбейген. Депутаттың сөзінше, мұның себебін сарапшылар аталған өңірлердегі бір жолақты жолдардың көптігімен түсіндіреді.

- Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегіне сүйенсек, Қазақстан 2024 жылы жол сапасы жөнінен 119 елдің арасында 90-орын алған. Салдарынан еліміздегі көлік апатының 30 пайызы жол төсемінің сапасыздығынан деген қорытынды жасалды. Бұдан бөлек, қарсы бағытты көрсетуі тиіс жол белгілерінің, қарапайым сызықтардың болмауы көп кездеседі. Артынша автокөліктер қарама-қарсы бағытқа шығып соғылады, салдарынан ондаған адам көз жұмады. Бұдан бөлек, жол апатына ұшыратуы мүмкін жолдағы шұрық тесіктерді бір күрек асфальпен бітеуге тырысатын мердігерлер көп, бірақ мұндай жөндеу «дертке» дауа болмайды.

Тағы бір түйткіл автомобиль жолдарын жобалауға қатысты. Жол салатындар қауіпсіз, ұзақ қызмет ететін трасса төсеуді емес, тасжолды барынша арзанға төсеуді ойлайды. Салдарынан жолдың ені желінеді, минималды қорғаныс элементтері болмайды, заманауи жарықтандыру жүйелері жасалмайды, сапалы қоршаулар қойылмайды. Бұдан бөлек, жол салғанда оның жиегіне кемпингтер, демалуға арналған айлақтар қойылмайды. Салдарынан  көлік жүргізушілері сағаттап демалмай рульде отыруға мәжбүр. Оның арты апатқа апаратыны айтпаса да түсінікті, – деді депутат.

Сондай-ақ депутат жүргізуші куәлігін беру мен автокөлікті техникалық бақылаудан өткізуге қатысты мәселеге де тоқталды.

– Адамнан ақша алып жүргізуші куәлігін 250 мың теңгеге әперетіндердің жарнамасы желіде жетеді. Соңғы жылдары емтиханнан өткізіп беремін деп ақша алған 222 факт тіркелді. Бұл ресми есеп, бейреми қаншама жүргізушінің оқымай-ақ тасжолға шығып кеткені беймәлім. Техниканы техникалық бақылаудан өткізуді жеке секторға берудің де арты ақша жасаудың амалына айналғанын ағайын айтып жүр. Проблема өзекті,  жүйелі шешім керек. Мәселен, жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушісіні қайтадан емтихан тапсыруға міндеттеу туралы. Бұл жолдағы ережені елемейтіндерге жақсы сабақ болады. Себебі бүгін кешірілген кішкентай заңбұзушылық ертең үлкен апатқа айналмасына кепіл жоқ, – деді ол.
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:349
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 16:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see110

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see109

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see108

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see108

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары