Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Ордабасы футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

Инфрақұрылымдық дамудың жаңа серпіні

БҚО да құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Ресей Украинаға 36 баллистикалық зымыран ұшырған: оның төртеуі ғана атып түсірілді

Екі ел арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті шамамен 7 миллион тоннаны құрады

Қазақстандық оқушылар WRO Asia Pacific 2026 чемпионатында үздік үштікке енді

Қазақстандық оқушылар WRO Asia Pacific 2026 чемпионатында үздік үштікке енді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандық оқушылар Үндістанның Хайдарабад қаласында өткен WRO Asia-Pacific Open Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Ел құрамасын байрақты додаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы дайындады. NIS 2014 жылдан бері World Robot Olympiad (WRO) қозғалысының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі қызметін атқарып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Биыл чемпионатта әлемнің 25 елінен келген 400-ге жуық жас инженер 150-ге тарта команда құрамында бақ сынады. Қазақстан атынан жарысқа Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларынан үш команда қатысты.

Қола жүлдені Ақтаудағы мамандандырылған IT-лицейдің «ITL NOMAD» командасы иеленді. Ернұр Шамыран мен Данияр Тенелхан жаттықтырушысы Ырысджан Шахимованың жетекшілігімен «Smart Museum» жобасын таныстырып, Future Innovators Elementary санатында 160 ұпаймен үшінші орын алды. Жоба музейге арналған робот-гид пен қазақтың ұлттық аспаптарының 3D модельдерінен тұрады. Оның көмегімен келушілер экспонаттармен танысып, ұлттық аспаптардың төл үнін тыңдай алады. Қазақстандық команда осы жобамен Оңтүстік Корея, Германия, Иран, Үндістан және Румынияның бірқатар қарсыласын басып озды.

Ал Түркістандағы RoboMektep.kz робототехника мектебінің «RoboKent/RoboMektep.kz» командасы RoboMission Elementary санатында үздік ондыққа енді. Дулат Әбдіхалық пен Хақназар Джаксылыков жаттықтырушысы Алмас Ташимовтың жетекшілігімен 355 ұпай жинап, оныншы орынға тұрақтады.

Шымкенттегі RoboPark робототехника мектебінің «RP_Energy» командасы RoboMission Junior санатында 18-орын иеленді. Қазақстандық команда Германия, Румыния, Мьянма және Мексика өкілдерінен жоғары нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстандағы WRO қозғалысын 2014 жылдан бері үйлестіріп келеді. Осы уақыт ішінде NIS ұлттық жарыстар мен іріктеу кезеңдерін өткізіп, командаларды халықаралық сайыстарға дайындау, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, қатысушыларға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

2026 жылғы халықаралық маусым алдында NIS командалар үшін қарқынды оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырды. Жас робототехниктер бұл жиындарда Үндістандағы WRO Asia-Pacific Open Championship пен WRO International Final додаларына қатар дайындалды.

WRO Asia-Pacific Open Championship – World Robot Olympiad аясында жыл сайын әлемнің үш өңірінде өтетін халықаралық ашық чемпионаттардың бірі. Бұл жарыстар Азия-Тынық мұхиты аймағында, Еуропа және Америка құрлықтарында ұйымдастырылады. Биыл Үндістанда өткен Азия-Тынық мұхиты чемпионатын WRO Association және India STEM Foundation ұйымдастырды.

Халықаралық деңгейдегі мұндай жарыстар қазақстандық оқушыларға әлемнің үздік жас робототехниктерімен бәсекеге түсіп, инженерлік дағдыларын шыңдауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

WRO 2026 халықаралық маусымы 8–10 желтоқсан аралығында Пуэрто-Риконың Сан-Хуан қаласында өтетін әлемдік финалмен жалғасады. Биылғы маусым «Robots Meet Culture» тақырыбына арналған. Әлемдік финалда Қазақстан намысын тоғыз команда қорғайды. Оның бесеуі – Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, ал төртеуі – еліміздің жалпы білім беретін мектептерінен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қыркүйек 2026 20:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see164

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see161

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see160

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see158

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see156

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see147

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see147

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see147

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see143

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see143

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see139

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see139

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see138

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see134

Ордабасы футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

07 Қараша 2026 19:23see131

Инфрақұрылымдық дамудың жаңа серпіні

07 Қараша 2026 07:31see120

БҚО да құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды

07 Қараша 2026 17:56see115

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

07 Қараша 2026 15:24see114

Ресей Украинаға 36 баллистикалық зымыран ұшырған: оның төртеуі ғана атып түсірілді

07 Қараша 2026 20:50see113

Екі ел арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті шамамен 7 миллион тоннаны құрады

07 Қараша 2026 16:11see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары