Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Көкпар: Астана құрамасы ел чемпионатында үздік үштікке енді

Көкпар: Астана құрамасы ел чемпионатында үздік үштікке енді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

4-11 қазан аралығында Шымкент қаласында өткен көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XXIV чемпионатында астаналық команда 13 жыл үзілістен кейін қайтадан жүлдегерлер қатарына қосылды.

Биылғы бәсекеде 15 команда бақ сынады. Елорда өкілдеріне дода оңай соққан жоқ. Топтық кезеңде олар Қостанай облысын және былтырғы қола жүлдегер әрі фаворит саналатын Түркістан облысын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда ел чемпионы — Жамбыл облысынан 0:4 есебімен ұтылса, үшінші орын үшін өткен кездесуде Қызылорда облысын 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдені иеленді.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Айта кетсек, 2012 жылы Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатында дәл осы құрам финалда Жамбыл облысын 8:1 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді. Сол кездесуде команда сапынан Арслан Қабжанов алты салым салса, Александр Пупенко мен Бауыржан Айтмағамбетов бір-бір салымнан енгізген болатын.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

— 16 жасымнан бері көкпармен кәсіби түрде айналысып келемін. Осы 22 жыл ішінде Қазақстан және әлем чемпионы атанып үлгердім. Көкпарда нәтижеге жету үшін шабандоз бен аттың дайындығы аса маңызды. Біз бұл чемпионатта әмбебап Қостанай жылқысымен сынға түстік. Тынымсыз еңбек пен тәжірибенің арқасында қола жүлдеге ие болдық. Әрине, бұл оңай болған жоқ. Көкпар — тізе, бел, арқа жарақаты жиі кездесетін спорт түрі. Кәсіби спортшылардың бәрінде өзіндік жарақат бар, — деді Астана командасының үздік шабуылшыларының бірі Александр Пупенко.

Елорда командасының жетістігіне үлес қосқан маңызды факторлардың бірі — «Саян» атты сәйгүлік. Бұл ат чемпионаттың «Үздік жекпе-жек аты» атағына ие болды. Сондай-ақ, жасы 50-ге таяған тәжірибелі көкпаршы Қазбек Амангелдиновтің де еңбегі зор.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

– Жігіттердің дайындығы мен күш-жігерінің арқасында жүлдеге қол жеткіздік. Команда құрамында көкпармен көп жылдан бері айналысып жүрген ойыншылар бар. Биыл қатарымызға төрт жас шабандозды қостық. Жетістікке жетуімізге ықпал еткен факторлардың бірі — Солтүстік Қазақстан өңірінде ұйымдастырылған арнайы лига. Өткен жылы дәл осы жарыстың арқасында Астана құрамасы жасақталған болатын. Енді тоқмейілсімей, дайындықты жалғастырып, бұдан да жоғары нәтижеге жетуді мақсат етеміз, — деді Астана командасының бас жаттықтырушысы Ерлан Қанапин.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында қола жүлдеге ие болғаны үшін Астана құрамасына 2 250 000 теңге көлемінде сыйақы табысталды. 

Ал Қырғызстанда өтетін дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ көкпары бола ма, әлде болмай ма? Оны мына сілтемеден оқыңыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 22:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see163

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see154

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see148

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see146

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see145

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see144

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see142

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see140

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see138

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see137

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see136

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see132

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see126

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see118

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see117

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see115

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see114

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see113

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары