Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Кәсіптің кілті гаражда

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

Қазақстандықтар Жанәбіловтерден тәркіленген көліктерді сатып ала алады: бірақ бір шарт бар

Қазақстандықтар Жанәбіловтерден тәркіленген көліктерді сатып ала алады: бірақ бір шарт бар

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстандықтар блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновадан тәркіленген автокөліктерді сатып алу үшін бәсекеге түсе алады. Бірақ егер көліктер мемлекеттік органдарға қажет болмай қалса ғана. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында көліктердің неге әзірге ешбір мекемеге берілмегенін, оларға кімдердің басым құқыққа ие екенін және олардың қанша тұратынын түсіндірді.

"Сегіз көлік"

Маусым айында E-Qazyna мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтында 2025 жылы шығарылған Hyundai Elantra маркалы сегіз автокөлікті сату туралы хабарландырулар жарияланды. Дәл осындай көліктер сот шешімімен Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновадан тәркіленген болатын.

Хабарландырулардағы мәліметтерге қарағанда, барлық сегіз автокөлік сотталған Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегенова басқаратын Zhana Business ЖШС-нің атына тіркелген.

Тәркіленген көліктер қазіргі уақытта Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің балансында тұр.

Алайда көліктердің бастапқы сату бағасы көрсетілмеген. Әрбір автокөліктің бағалау құны 8 395 000 теңге деп белгіленген.

Неліктен бұл көліктерді бәрі бірдей сатып ала алмайды?

Осы сұрақ бойынша редакция Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жүгінген. Комитеттің мәліметінше, заңға сәйкес тәркіленген барлық автокөлік алдымен міндетті түрде мемлекеттік органдарға ұсынылады. Басым құқық құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Президенттің, Парламенттің және басқа мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ететін құрылымдарға беріледі.

Сонымен қатар көліктер тек экономикалық тұрғыдан тиімді болған жағдайда ғана мемлекеттік органдарға тапсырылады. Ол үшін мемлекеттік органның автокөлікке қажеттілігі бар-жоғы, оның қызметтік міндеттерді орындау үшін қажет екендігі және ведомствоның оны күтіп-ұстау мен пайдалануға қаржысы жеткілікті екендігі бағаланады, деп хабарлады ведомство Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Егер өтінімдер түспесе немесе көліктерді беру тиімсіз деп танылса, онда олар ашық электрондық аукционға шығарылады. Мұндай жағдайда Қазақстанның барлық азаматы e-Qazyna порталы арқылы сауда-саттыққа қатыса алады.

Анықтама: Автокөліктер алдымен бағаны көтеру тәсілімен өткізілетін аукционға шығарылады. Егер олар сатылмаса, кейінгі сауда-саттықтар бағаны төмендету арқылы жүргізіледі. Бұл ретте ең төменгі баға кезең-кезеңімен азаяды: екінші аукционда - бастапқы бағасының 70 пайызына дейін; үшінші аукционда - 50 пайызына дейін; төртінші аукционда - 30 пайызына дейін. Бесінші аукционнан бастап баға кепілдік жарна мөлшеріне дейін, яғни бастапқы құнының кемінде 15 пайызына дейін төмендетілуі мүмкін.

Комитет көлік карточкаларында олардың техникалық жағдайын тексеру мүмкін емес деп көрсетілуінің себебін түсіндірді. Белгілі болғандай, қолданыстағы заңнама тәркіленген көлік құралдарын мемлекеттік органдарға беру немесе сату алдында техникалық диагностика жүргізуді қарастырмайды.

"Сегіз Hyundai Elantra автокөлігінің жалпы бағалау құны - 67,155 миллион теңге. 2025 жылы шығарылған әрбір көлік шамамен 8,39 миллион теңгеге бағаланған", - деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Автокөліктер сот орындаушылары тапсырған сәттен бастап мемлекеттік ұйымдарға берілгенге немесе аукцион арқылы сатылғанға дейін сақтауда болады. Әдетте бұл процесс кемінде екі айға созылады. Осы уақыт ішінде мүлікке бағалау жүргізіліп, мемлекеттік органдардан өтінімдер қабылданады және аукцион ұйымдастырылады. Егер сауда-саттық алғашқы ретте өтпей қалып, қайта өткізу қажет болса, көліктерді сақтау мерзімі айтарлықтай ұзаруы мүмкін.

Айта кетейік, Жанәбіловтерден тәркіленген автокөліктерді жоғарыда аталған мемлекеттік органдарға беру рәсімі биылғы 7 шілдеде басталады. Қазіргі уақытта өтінімдер қабылданып жатыр.

Оқиғаның мән-жайы

Еске салсақ, сәуірде Астана соты Жанәбілов пен Төлегеноваға қатысты үкім шығарған болатын. Олар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

27 сәуірде сот мынадай жаза тағайындады:

Эльмира Төлегеноваға - мүлкі тәркіленіп, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жазаның орындалуы 2 жылға шегерілді; Ерболат Жанәбіловке - мүлкі тәркіленіп, 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сондай-ақ бастапқыда прокурор қатаңырақ мерзім сұрағанымен, кейін айыптаушы тарап мәміле жасауға келіскені атап өтілді.

Үкімнен кейін блогерлерге не істеуге рұқсат етілген?

Заң тұрғысынан Ерболат Жанәбіловке блог жүргізуге тыйым салынбаған. Бұған дейін заңгер блогерлік қызмет жалғасуы мүмкін, бірақ шартты мерзімге байланысты бірқатар шектеулер бар деп түсіндірген болатын.

Ол келесі істерді атқара алады:

блог жүргізу және контент жариялау; жарнама берушілермен жұмыс істеу; жұмыс істеу және оқу.

Бірақ мынадай шектеулерді сақтауға міндетті:

сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін үйінде болу; жұмысқа қатысы жоқ көңіл көтеру орындарына бармау; тұрғылықты жері немесе жұмыс орны ауысқан жағдайда хабардар ету; шетелге шығу мүмкіндігі шектелген.

Пробациялық бақылау 2 жылға созылады, ал тәртіп бұзылған жағдайда шартты мерзім нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

Эльмира Төлегенованың жағдайы

Эльмира Төлегенова үшін басқа құқықтық режим белгіленген - жас балаларының болуына байланысты жазаның орындалуы 2 жылға шегерілді.

Ол үшін анағұрлым жеңіл шарттар қолданылады:

жүріп-тұру уақыты бойынша шектеу жоқ; блог жүргізуге және жұмыс істеуге болады; кез келген жерге баруға рұқсат етілген.

Алайда, қоғамдық тәртіп бұзылған немесе ата-аналық міндеттер тиісінше орындалмаған жағдайда шегерудің күші жойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда жаза 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде орындалуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: “Бәріміз рақымшылықты күтеміз“. Жанәбіловтердің адвокаты үкімнен кейін пікір білдірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 12:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see126

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see119

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see118

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see118

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see117

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see116

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see115

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see115

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see113

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see112

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see109

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see109

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see108

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see107

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see104

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see102

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see101

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see101

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

16 Тамыз 2026 17:31see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары