Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Пайымы биік преамбула

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Көкке көз тіккен күн

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

Телеаудитория талғамы жаңарды

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады

Қазақстандықтарға электр самокаттарын пайдаланудың жаңа ережелері туралы ескертілді

Қазақстандықтарға электр самокаттарын пайдаланудың жаңа ережелері туралы ескертілді

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел қызмет қорытындыcы шығарылып, алдағы кезеңге негізгі міндеттер айқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Отырысты ашқан Ішкі істер министрі Ержан Саденов 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін, онда "Заң мен Тәртіп" қағидаты конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өтті.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елімізде қылмыс деңгейі 10%-ға азайды. Бұл көрсеткіш қылмыстың барлық негізгі санаты бойынша төмендеген. Қылмыстарды ашу деңгейі жақсарып, жедел-іздестіру және тергеу жұмыстарының тиімділігі артты.

Ұрлықтар саны 16,4%, мал ұрлығы 15,8% қысқарды. Мал ұрлығына қарсы күрес басым бағыттардың бірі болып қала береді, өйткені ауыл тұрғындарының көпшілігі үшін мал басының сақталуы отбасының әл-ауқаты мен шаруашылығының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Министр оң нәтижелерге қарамастан, бұл босаңсуға себеп емес, керісінше ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін одан әрі арттыруға ынталандыруы тиіс екенін атап өтті. Алқа отырысында бірқатар аумақтық бөлініс пен қызметтің жұмысындағы кемшіліктерге баға берілді. Басшыларға жұмыс нәтижелері үшін жеке жауапкершілік жүктеліп, анықталған олқылықтарды жедел жою және басқару тиімділігін арттыру тапсырылды.

Жасанды интеллектіні кеңінен қолдану, интеллектуалды бейнеталдау жүйелерін дамыту, ұшқышсыз технологияларды енгізу, жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктерін кеңейту және патрульдік полиция қызметкерлерін толықтай смартжетондармен қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.

Жыл басынан бері, оның ішінде трансұлттық сипатта, 38 қылмыстық іс тіркеліп, қылмыстық ортадан шыққан 160-тан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Жәбірленушілердің құқықтарын қорғау тергеу жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Ержан Саденов келтірілген залалды өтеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті. Жартыжылдық қорытындысы бойынша қылмыстық істер аясында 34 млрд теңгеден астам шығын өтелді. Интернет-алаяқтықпен күреске ерекше назар аударылды. Алты ай ішінде мұндай қылмыстар саны 7%-ға төмендеді. Жәбірленушілерге 4,8 млрд теңге қайтарылып, тағы 2,6 млрд теңгенің заңсыз шығарылуына жол берілмеді, сондай-ақ 150 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталды.

Министр тергеу сапасын арттыруды, қылмыстық шоттарды жедел бұғаттауды және алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылардың барлығын анықтауды тапсырды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласында 1 880-нен астам есірткі қылмысының жолы кесілді. Оның ішінде бір трансұлттық топты қоса алғанда 6 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылып, 9 ұйымдастырушы мен 29 белсенді қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымға жарты тоннадан астам синтетикалық есірткінің түсуіне жол берілмеді. Министр есірткі зертханаларын анықтау, прекурсорларды заңсыз жеткізу арналарының жолын кесу, есірткі бизнесінің қаржылық ағындарын бұғаттау және жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.

ІІМ басшысы "Таза Қазақстан" бастамасы ең алдымен заңға құрмет, қоғамдық тәртіп және әр азаматтың жеке жауапкершілігі екенін атап өтті. Көшелер мен қоршаған ортаның тазалығы осы мәдениеттің ажырамас бөлігі саналады. Осы бағыттағы жұмыстар аясында жыл басынан бері 213 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесіліп, 1 397 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Полиция материалдары негізінде олардың 952-сі жойылды.

Санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 351 лауазымды тұлға, оның ішінде 102 әкім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының 249 өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басым бағыттардың бірі - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Есепті кезеңде жол апатының саны 4%, қаза тапқандар саны 20%, жарақат алғандар саны 7% азайды. Министр жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын күшейтуді, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларға қатысты шараларды қатаңдатуды және оларды анықтау үшін цифрлық технологияларды белсенді пайдалануды тапсырды.

Сондай-ақ, жалға берілетін электрсамокаттарын пайдалану жөніндегі жаңа талаптардың орындалуы қаралды. Министр кикшеринг компанияларының белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Алқа отырысында жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған "Рақымшылық туралы" заңды іске асыру мәселелері де қаралды. Ержан Саденов рақымшылық актісін қолдану тиімді профилактикамен, қайта әлеуметтендірумен және босатылған азаматтарды жұмыспен қамтумен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ аумақтық бөліністердің басшыларына әкімшілік рақымшылықты, оның ішінде заң талаптарына сәйкес келетін айыппұлдарды автоматты түрде есептен шығаруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысына да баға берілді. Министр қызметтік тәртіпті нығайтуды, заңның қатаң сақталуын қамтамасыз етуді және сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жұмысының тиімділігін арттыруды талап етті. Ержан Саденов қызметтік-әскери тәртіп пен заңды нығайту мәселесіне ерекше назар аударды. Министр ведомстволық бақылауды күшейтуді талап етті. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі басшыларға қарамағындағы бөліністердің тәртібі үшін жеке жауапкершілік жүктелетіні ескертілді.

"Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту қоғамның қолдауынсыз мүмкін емес екені атап өтілді. Бүгінде азаматтардың басым бөлігі құқықбұзушылықтарға төзбей, белсенді азаматтық ұстаным көрсетіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ішкі істер органдарына қолдау білдіріп келеді.

Алқа отырысын қорытындылаған Ішкі істер министрі қазіргі заманғы полиция қызметкері тек құқық қорғау жүйесінің өкілі емес, сонымен қатар, мемлекеттік саясаттың бөлігі екенін айтты. Сондықтан ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, жоғары құқықтық мәдениет пен заңға деген құрметті дәйекті түрде қалыптастыруға тиіс.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 11:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see121

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see117

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see115

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see114

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see114

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see114

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see112

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see112

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see112

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see112

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see111

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see110

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see110

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see110

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see110

Телеаудитория талғамы жаңарды

18 Тамыз 2026 03:17see109

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see109

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 Тамыз 2026 13:08see108

Алматы облысы жолдарындағы жаппай айыппұлдар: ІІМ түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 18:31see107

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады

17 Тамыз 2026 21:56see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары