Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстанның бас гематологы трансплантациядағы басты жетістіктерді атады

Қазақстанның бас гематологы трансплантациядағы басты жетістіктерді атады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ұлттық ғылыми онкология ғимаратындағы Онкогематология және сүйек кемігін трансплантациялау орталығы медицина ғылымдарының кандидаты Вадим Кемайкиннің жетекшілігімен жұмыс істейді және мұнда науқастар өмірі ұзартылады.

Вадим Кемайкин Целиноград қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. 1990 жылы медициналық институтты бітірген соң, интернатурадан өтіп, реаниматолог мамандығын алған және қалалық ауруханаларда жұмыс істеген.

– Мен бала кезімнен-ақ «Дәрігер Айболит» болдым. Үшінші курстан кейін гематология бөлімінде қосымша жұмыс істедім. Сол кезде гематологияға ғашық болып, 1987 жылдан бері осы саладамын, - деп еске алады Вадим Кемайкин. 

Фото: Jibek Joly телеарнасынан алынған скрин

Оның басшылығымен жұмыс істейтін дәрігерлер тобы Қазақстанда алғаш рет науқасқа сүйек кемігін трансплантациясын жасаған.

Бүгінде Онкогематология орталығы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығы – елімізде аутологиялық, аллогендік және гаплоиденттік секілді трансплантацияның барлық түрін жасайтын жалғыз мекеме. Мұнда диагностика мен химиотерапиядан бастап, дің жасушаларын трансплантациялауға және оңалтуға дейін емдеудің тұтас циклі қалыптасқан. 

15 жылда орталықта сүйек кемігін трансплантациялау бойынша шамамен 800 ота жасалды, ал алдағы жылдары бұл көрсеткіш мыңнан асады деп күтіліп отыр. Бөлімшелердің кеңеюі, жаңа төсек-орындардың ашылуы және заманауи хаттамалардың енгізілуі отаға кезекті қысқартуға ғана емес, науқастардың өмір сүру деңгейін арттыруға да мүмкіндік береді.

– Біз науқастардың аман қалу көрсеткішінің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Мысалы 2017 жылы көптеген миелома кезінде бес жылдық өмір сүру деңгейі небәрі 17% болатын. Ал қазір сүйек кемігін трансплантациядан өткен науқастар арасында бұл көрсеткіш 82-83%-ға жетті, ал заманауи нысаналы препараттарды (таргеттік терапия) қолданғанда – 66%-ға дейін жетеді. Бұл алға жасалған үлкен қадам, - деді Вадим Кемайкин.

Фото: Jibek Joly телеарнасынан алынған скрин

Оның айтуынша, осы жылдары орталық тек сандық жағынан емес, сапалық тұрғыда да өсті: бұрын трансплантация бөлімшесінде бар болғаны 6 төсек-орын болса, бүгінде олардың саны 27-ге жетті, ал жыл сайын орталықта ем алатын науқастардың жалпы саны 2 мыңға дейін өсті. Енді олар жылына 180 трансплантацияға дейін жетуді жоспарлап отыр. 

Жыл өткен сайын қазақстандықтардың көпшілігі өз елінде емделіп жүр. Дәрігердің пікірінше, енді шетелге барудың қажеті жоқ – мұндағы емдеу тиімділігі шетелдік клиникалардан кем емес, жасалған жағдай да әлемдік стандарттарға сай. Оның үстіне, көмек тегін көрсетіледі.

– Менің ең үлкен тілегім – азаматтарымыздың шетелге ем іздеп бармауы. Ондағы емнің тиімділігі біздегіден жоғары емес, бірақ орасан көп қаражат жұмсалады. Ол үшін адамдар несие алады, ал нәтиже әрдайым жүз пайыз болмайды. Қазір өзіміздің Қазақстанда емделуге қажетті барлық мүмкіндік бар, - деп атап өтті ол.

Фото: Jibek Joly телеарнасынан алынған скрин

Қырық жылға жуық тәжірибесі бар Вадим Кемайкин мыңдаған науқастарға көмек көрсетті, жаңа буын дәрігерлерін тәрбиеледі және Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас гематологы атанды. Ол – Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен онкогематологиялық ауруларға арналған ғылыми мақалалар мен ұлттық клиникалық хаттамалардың авторы.

Бұл цифрлардың артында тірі адамдардың тағдырлары жатыр. Орталық пациенттерінің бірі – Степногорск қаласынан келген 34 жастағы Ольга Федина. Ол бір жылдан астам уақыт бойы Астанада ем қабылдап, сүйек кемігін трансплантациялауға дайындалып жүр.

– Ұжым өте жақсы, Вадим Матвеевичтің басшылығымен жұмыс істейтін өте мықты команда. Бас дәрігерден бастап санитарларға дейін барлығы өте ілтипатты. Керемет жағдай жасалған, бәрі әдемі әрі жайлы. Ең жақсысына сенемін, сауығатыныма сенемін, - дейді Ольга.

Фото: Jibek Joly телеарнасынан алынған скрин

Орталық пациенттері мұнда ем қабылдап қана қоймайды, үлкен бір отбасының мүшесіне айналады. Мұнда барлық науқасқа қолдау көрсетіледі. Орталықтың жайлы дәліздерінде ауыр дерттің ең қиын кезеңдерінен өтіп, өмірге қайта оралған адамдарды кездестіруге болады. 

– Қазір шамамен мыңға жуық трансплантация жасалды. Олардың әрқайсысы – жеңістің, орасан еңбектің нәтижесі. Өйткені сүйек кемігін трансплантациялау – негізінен жасушаларды құю процесі ғана. Бірақ трансплантацияға дайындық пен одан кейінгі күтім – өте күрделі, ғылыми әрі еңбекқорлықты талап ететін жұмыс. Біз басқа адамның иммундық жүйесін трансплантациялаймыз және оны жаңа ағзада өмір сүруге бейімдеуіміз керек. Бұл оңай емес, бірақ біз оны еңсеріп келеміз, - дейді В. Кемайкин.

Орталық тек клиника ғана емес, жас мамандар үшін нағыз мектепке айналды. Кейінгі жылдары мұнда 65 резидент оқытылып, елдің әр өңірінде жұмыс істеп, онкогематологиялық көмек жүйесін нығайтып жүр.

Фото: Jibek Joly телеарнасынан алынған скрин

– Біз үшін маңыздысы – тек емдеу емес, үйрету де. Жас дәрігерлер осында келіп, бар процесті өз көзімен көреді, тәжірибе жинайды, кейін өз қалаларына сол біліммен оралады. Осылайша, кәсіби мамандар желісі біртіндеп кеңейіп келеді, - деп атап өтті ол.

Бүгінде Қазақстанда қан жүйесі онкологиялық аурумен 13 мыңнан астам адам өмір сүріп жатыр, жыл сайын тағы шамамен 2,5 мың жаңа жағдай анықталады. Әрбір құтқарылған өмір – Вадим Кемайкин сынды дәрігерлердің ондаған жылдық еңбегінің нәтижесі.

Бұған дейін мыңдаған жылдар бойы мұз құрсауында жатқан сақтар мұрасын тауып, қазақтың бай тарихын жаңғыртқан ғалым, археолог Зайнолла Самашев туралы жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2025 18:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары