Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстанның Туы барлық құрлықта желбіреді: Ғалымжан Құспанов 7 жанартау жобасын түйіндеді

Қазақстанның Туы барлық құрлықта желбіреді: Ғалымжан Құспанов 7 жанартау жобасын түйіндеді

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстандық альпинист әрі саяхатшы Ғалымжан Құспанов «7 жанартау» халықаралық жобасын, яғни жер бетіндегі барлық құрлықта орналасқан ең биік жанартауларды бағындыру бағдарламасын аяқтаған әлемдегі 67-ші адам әрі тұңғыш қазақ азаматы атанды. Осылайша, отандасымыз соңғы меже – Мексикадағы Орисаба жанартауын (5 636 м) бағындырып, соққан жел мен қолайсыз ауа райына қарамастан, Қазақстанның Мемлекеттік Туын және «AMANAT» партиясының туын желбіретті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұлт нышандары – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, жарқын болашағымыздың кепілі, ал оны кейінгі ұрпаққа табыстау – қасиетті борыш. Сондықтан альпинист Ғалымжан Құспанов Қазақстанның Мемлекеттік Туын әркез өзімен бірге алып жүреді.

Ғ.Құспанов үшін бұл сәт – спорт саласындағы жеңіс қана емес, ұлттық мақтаныш. Солтүстік Америка шыңында желбіреген Көк байрақ – альпинист әр сапарда ұстанып жүрген дәстүрдің жалғасы: жер мен көк түйіскен биіктікте туған елдің Туын көтеру. Осы арқылы ол адамзат баласының күш-жігері мен ұлттық рухты тоғыстырып, қазақстандықтар кез келген биікті бағындыра алатынын дәлелдеп келеді.

Осылайша, Ғалымжан Құспанов жер бетіндегі ең биік жеті жанартауды бағындырды: Сидлей (4 285 м, Антарктида), Охос-дель-Саладо (6 893 м, Оңтүстік Америка), Гелуве (4 368 м, Аустралия), Килиманджаро (5 895 м, Африка), Эльбрус (5 642 м, Еуропа), Демавенд (5 609 м, Азия) және Орисаба (5 636 м, Солтүстік Америка). Сөйтіп, ол жер бетіндегі барлық жеті құрлықта орналасқан ең биік жанартауларды бағындырған әлемдік альпинистер клубына енді.

Сонымен қатар ол осы күнге дейін құрлықтардағы ең биік жеті шыңның алтауы бағындырды: Эверест (8 848 м), Аконкагуа (6 962 м), Эльбрус (5 642 м), Килиманджаро (5 895 м), Винсон (4 892 м) және Карстенз (4 884 м). Енді осы жаһандық маршрутты түйіндеу үшін Солтүстік Америкадағы Аляскада (АҚШ) орналасқан Денали (6 190 м) шыңын бағындыру ғана қалды.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы еліміздің спорт және туризм саласын дамыту ісіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, партия жыл сайын халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесін ұйымдастыруға атсалысады. Ал биыл «AMANAT» партиясы  Kaz Alpine Club  ҚБ-мен бірге еліміздегі негізгі табиғи ландшафттарды қамтитын ұлттық туристік соқпақтар жүйесі – «Алатау аманаты» жобасын іске қосты. Бүгінде бағыттарды белгілеу және инфрақұрылымды жетілдіру жұмысы жүріп жатыр.

Биік таулы аймақтарда бағыттар арнайы бояумен белгіленген тастар арқылы көрсетіледі. Ал негізгі маршрут бойына қашықтық пен бағытты көрсететін тақтайшалар орнатылады. Бұл тақтайшаларда интернетсіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін NFC-тегтер енгізіледі. Бұл қадам әсіресе саяхатшылардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Барлық орынға жеке нөмір беріліп, ресми маршрут картасына енгізіледі.

Аталған жоба аясында Шарын шатқалынан бастап, Таңбалы археологиялық кешеніне дейінгі 1 200 шақырымнан астам қашықтықты алып жататын ұзын-сонар ұлттық соқпақ салу көзделуде. Бағыт бойында 270 мыңнан астам тұрғыны бар 24 инфрақұрылым нысаны мен 20 елді мекен орналасқан. Туристер этноауылдарға, глэмпингтерге, кемпингтерге, визит-орталықтарға, құтқару стансаларына, сондай-ақ гастрономиялық және этномәдени туризм орындарына бара алады. Болашақта мұнда шытырман оқиғаға толы ішкі және халықаралық туризмге арналған тұтас экожүйе пайда болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 12:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары