Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстанның жаңа Конституциясы елдің халықаралық мәртебесін нығайтады британдық сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы елдің халықаралық мәртебесін нығайтады британдық сарапшы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Өңірлік тұрақтылық пен жаһандық ынтымақтастыққа ықпал

Руперт Гудманның айтуынша, Қазақстандағы қазіргі саяси өзгерістер мен конституциялық реформа бүкіл өңірге оң әсерін тигізеді.

— Қазақстанның Орталық Азиядағы басты рөлін ескерер болсақ, халықаралық тұрғыдан алғанда да бұл реформалардың маңызы өте зор. Қазақстанның экономикалық, геосаяси және институционалдық тұрақтылығын нығайтуға деген ұмтылысы бүкіл Еуразия өңірінің тұрақтылығы үшін маңызға ие, — деді ол 15 наурыздағы референдум қорытындысына орай Kazinform агенттігіне пікірін білдіре келе.

Сонымен қатар Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы реформаларды жаһандық саясат пен экономикадағы өзгерістермен байланыстырып, олардың Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы серіктестікті нығайта алатынына сенім білдірді.

— Қазіргі геосаяси ахуал өте күрделі және де бұл реформалар көп жағдайда халықаралық тәртіптегі өзгерістерге жауап саналады. Қазақстан энергетика, білім беру, технологиялар, жасанды интеллект, стратегиялық маңызды минералдар, қаржы, өнеркәсіптік өндіріс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және өңірлік көлік-логистикасын дамыту сияқты көптеген салада Біріккен Корольдіктің маңызды одақтасы әрі стратегиялық серіктесі. Мемлекеттік саясаттың ұзақмерзімді сабақтастығын және басқару тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық жүйе осынау маңызды серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді, — деп атап өтті ол.

Халықарлық стандарттарға сәйкестігі

Ол реформалардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы айта келе, Қазақстанның Негізгі заңындағы өзгерістер қазіргі заманғы конституциялық жүйелерде мойындалған қағидаттарды бейнелейтінін атап өтті.

— Демократияны нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесінің айқындығын арттыруға, ашықтықты, тұрақтылықты, тиімділікті және саяси плюрализмді кеңейтуге бағытталған конституциялық реформа бүкіл әлемдегі қазіргі конституциялық жүйелерде кеңінен мойындалған қағидаттарға сәйкес келеді, — деді Руперт Гудман.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Конституция жаңа қоғамдық сұраныстарды да ескереді.

— Жеке өмірді қорғау, цифрлық коммуникациялар, экологиялық жауапкершілік және қоғамдық өмірдің ашықтығы сияқты мәселелерге баса көңіл бөлінуі қазіргі қоғамның сын-тегеуіріндері мен талаптарын көрсетеді. Соңғы онжылдықта қабылданған немесе жаңартылған көптеген Конституция да дәл осыған ұқсас мәселелерді қамтып, өзінің реттеу саласын кеңейте түсті, — деп қосты ол.

Сарапшы табысты конституциялық жүйе әрқашан әмбебап басқару қағидаттарын ұлттық ерекшеліктермен ұштастыратынын еске салды.

— Табысты конституциялық жүйелер құқық үстемдігі, биліктің есептілігі және институттар арасындағы теңгерім сияқты жалпыға ортақ қағидаттарға сүйене отырып, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктер мен қоғам қажеттіліктерін ескереді. Қазақстандағы қазіргі реформалар үдерісі елдің конституциялық жүйесін осы кең таралған басқару тәжірибелерімен үйлестіруге бағытталғаны маңызды, — деді ол.

Халықаралық серіктестер үшін маңызы

Сонда-ақ Руперт Гудман конституциялық реформа халықаралық серіктестер мен инвесторлардың сенімін нығайта алады деп есептейді. Өйткені тұрақты әрі ашық мемлекеттік институттар ұзақмерзімді ынтымақтастықтың негізі.

— Қазақстанның халықаралық серіктестері болжамдылықты, тұрақтылықты және институционалдық дамуды арттыруға септігін тигізетін конституциялық реформаны құптайды. Қазақстанның Еуропадағы, Азиядағы және өзге де өңірлердегі саяси әрі экономикалық серіктестер мемлекеттік басқару жүйесінің дамуын мұқият бақылайтын болады. Себебі күшті, тиімді және ашық институционалдық құрылымдар ұзақмерзімді ынтымақтастық үшін сенімді орта қалыптастырады, — деп түсіндірді ол.

Оның пайымынша, жаңа Конституция инвесторлар мен халықаралық саясаткерлердің сенімін арттырады.

— Институттар арасындағы өзара іс-қимылды нақтылайтын, есептілікті күшейтетін және конституциялық жүйені жаңғыртатын реформалар халықаралық инвесторлар мен саясаткерлердің сенімін одан әрі арттырады, — деді сарапшы.

Руперт Гудман сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дипломатиядағы рөліне назар аударды. Оның айтуынша, институционалдық өзгерістер халықаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін күшейте алады.

— Қазақстан өңірлік дипломатия мен халықаралық ынтымақтастықта маңызды рөл атқарады. Бұл елдің жаһандық бастамалар мен өңірлік диалогтағы конструктивті серіктес ретіндегі жетекші позициясымен дәлелденеді. Ережелер мен көпжақты ынтымақтастыққа негізделген, хаықаралық қарым-қатынас жүйесін нығайтатын институционалдық реформалар халықаралық өзара іс-қимылды тиімді әрі дәйекті етеді, — деді қоғам төрағасы.

Жалпы алғанда, сарапшының бағалауынша, конституциялық реформа Қазақстанның әрі қарай дамуын және оның әлемдік аренадағы рөлінің нығаюын көрсетеді. Руперт Гудман өткізілген референдум елдің ұлттық бірегейлігінің дамуының жалғасып жатқанын да айқындайтынын атап өтті.

— Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері азаматтарының өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартуға қол жеткізіп, таңқаларлық экономикалық өсім көрсетті. Қомақты тікелей шетелдік инвестициялар тартып, нарыққа бағдарланған реформаларды енгізді. Тұрақты әрі заманауи институционалдық жүйе ұзақмерзімді халықаралық серіктестікті қолдайды және Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын одан әрі нығайта түседі, — деп қорытындылады ойын Руперт Гудман.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жаңа Конституция жобасына қатысты референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды. 

Оған сәйкес, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 9 млн 127 мың 192 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құрады. Жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтардың саны — 7 млн 954 мың 666 адам немесе 87,15 пайыз. Референдумға қойылған мәселені қабылдамаған азаматтар саны — 898 099 адам. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны — 127 868. Белгіленбеген үлгідегі сондай ақ дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны — 146 558.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:266
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 13:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары