Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қазақта қыз алу тек келісім арқылы жүзеге асқан Мәжіліс депутаты

Қазақта қыз алу тек келісім арқылы жүзеге асқан Мәжіліс депутаты

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Бізде көбінесе қазақтың болмысына, елдігімізге жат архаикалық дәстүрлерді қазақтың салты ретінде көрсеткісі келетін үрдіс бар. Соның бір мысалы – қыз алып қашу. Қазақтың қызын қазақтың жігіті белден басып, арын таптап, күштеп алып қашуға ешқашан құқығы болмаған. Бұл – қазақ дәстүріне мүлде жат құбылыс. Қазақта қыз алу тек келісім арқылы жүзеге асқан. Қыздың отбасымен ақылдасып, ата-анасына естіртіп, барлық жөн-жосығын жасап барып қана орындалған. Кейбір жағдайда үлкен әпкесі тұрмысқа шықпай жатса, екі жас өзара келісіп, ортақ шешіммен іске асатын жоралғылар болған. Бірақ бүгінгі қоғамда мұндай архаикалық ұғымдарды ақтауға жол жоқ. Ендігі жерде оны ұмытуымыз керек, – дейді Мәжіліс депутаты Jibek joly арнасының «Жаңа уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында.

Спикер жақында ғана Шымкентте болған резонансты жағдайдың қоғамға ауыр соққы болғанын атап өтті.

– Шымкенттегі бәрімізге белгілі жағдай қоғамның жүрегін ауыртты. Осыған байланысты Мәжілісте арнайы норма қабылданды. Қыз алып қашу енді адам ұрлау, бопсалау, қанаумен тең қылмыстар қатарына жатқызылды. Заң аясында мұндай әрекеттер үшін тіпті 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Соған қарамастан, қоғамда әлі де белден басушылық кездеседі. Бұл – аса қауіпті құбылыс, – дейді студия қонағы.

Сонымен қатар депутат отбасы институтының маңызына ерекше тоқталды.

– Екінші маңызды мәселе – отбасы институты. Әл-Фараби «Отбасы – кішігірім мемлекет» десе, Аристотель мемлекеттің негізі отбасы екенін айтқан. Ендеше, отбасының негізгі «конституциясы» не? Ол – неке. Неке туралы анықтама «Неке және отбасы кодексінде» бар, бірақ Конституцияда нақты көрсетілмеген. Конституцияда біз отбасыларды қорғаймыз, балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз деп жаздық. Алайда «неке» ұғымының өзі анықталмаған, – дейді Елнұр Бейсенбаев.

Депутат некенің анықтамасы нақты әрі айқын болуы тиіс екенін айтты.

– Біз көптен бері айтып келе жатқан мәселе бар. Неке дегеніміз – ер мен әйелдің арасындағы ерікті әрі тең, мемлекеттік тіркеу арқылы бекітілген одақ. Бұл анықтаманың өзі бірнеше маңызды қағиданы қамтиды. Біріншіден, ер мен әйел арасындағы құқықтардың теңдігін білдіреді. Екіншіден, ерікті түрде, яғни күш көрсету арқылы емес, екі тараптың өз қалауымен құрылатын одақ екенін көрсетеді. Ең бастысы Қазақстанда неке тек ер мен әйелдің арасындағы одақ ретінде ғана танылады. Бұл – өте маңызды мәселе. Қоғамда «біздің құқығымыз тапталып жатыр» деген желеумен дәстүрлі емес құбылыстарды енгізуге тырысатын әрекеттер байқалып отыр. Бұл – біздің ұлттық дәстүрімізге жасалған қысым. Осыған байланысты да арнайы құқықтық нормалар қабылданды. Бұл нормалар – жоғарыда айтылған барлық қауіп-қатерге берілген заңды жауап, – дейді спикер.

Студия қонағы отбасыдағы зорлық-зомбылық мәселесін де көтерді.

– Зорлық-зомбылық мәселесіне келсек, мұндай жағдайда жәбір көретіндердің 70–80 пайызы – әйелдер мен балалар. Мемлекет басшысы Президент болып сайланғаннан бері бұл мәселені тұрақты түрде көтеріп келеді. Арнайы заң қабылданды, Балалар жылы жарияланды. Бұл – жүйелі жұмыстың заңды жалғасы. Мұның бәрі отбасын мемлекеттің мызғымас институты ретінде қорғауға бағытталған. Әлемнің көптеген дамыған елдерінде бұл қағидалар нақты белгіленген. Біз де отбасына жоғары құндылық ретінде қарап, оны мемлекеттің негізгі тірегі деп танимыз, – дейді депутат.

Елнұр Бейсенбаев сөз соңында Қазақстан жастарына үндеу жасады.

– Барша көрерменге айтарым: болашақта отбасы құрамын деп отырған азаматтар түсінсін – сіздердің отбасыларыңыздың конституциясы ол – неке. Оны мүмкіндігінше бұзбауға, барлық қарым-қатынасты заңнама аясында, әділеттілік пен тәртіп қағидаттарына сай құруға шақырамын, – деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, Jibek joly телеарнасы елдегі саяси жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды «V Құрылтай: Саяси трансформация» деректі фильмінде кеңінен тарқатып, көремен назарына ұсынды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қаңтар 2026 00:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары