Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақтелеком мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығара ма? Компания, Еңбек министрлігі және Мусин не дейді

Қазақтелеком мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығара ма? Компания, Еңбек министрлігі және Мусин не дейді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

"Қазақтелеком" компаниясы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі телеком-оператордың мыңдаған қызметкері жұмыстан босатылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, олардың орнын жасанды интеллект басуы тиіс, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Мамырда әлеуметтік желілерде "Қазақтелеком" биыл 1,5 мың қызметкерді, ал келесі жылы 8 мың қызметкерді қысқартуды жоспарлап отырғаны туралы жазба жарияланды. Негізгі себеп ретінде жасанды интеллектінің енгізілуі аталды, ал жұмысшыларды босату туралы шешімді компания басшысы Бағдат Мусин қабылдады, деді қолданушы.

Threads-тен скриншот

Сондай-ақ автор "Қазақтелеком" басшысы өзіне және өз командасына миллиардтаған бонус пен сыйақы жазып беретінін айтты.

Бұған дейін Мусин расында мұндай мәлімдеме жасаған болатын

Айта кетейік, компания басшысы Бағдат Мусин биыл сәуірде "Самұрық-Қазына" қоры қоғамдық кеңесінің отырысында жасанды интеллект қазірдің өзінде нақты жұмысшыларды, мысалы, колл-орталық операторларын алмастыра алатынын атап өткен еді.

"Біз қазір 230 оператордың жартысынан астамын робот алмастыратын жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, бұл биыл іске асады. Заңгерлер, кадр мамандары, бухгалтерлер сияқты бағыттар бойынша бізде барлық жерде ЖИ-агенттер құрылып жатыр, олар "Қазақтелекомда" ғана қолданылмайды", - деді сол кезде Мусин.

Кейін, маусым басында NEF 2026 форумында Бағдат Мусин алдағы 2-3 жылда компанияны ауқымды оңтайландыру күтіп тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 8 мың қызметкердің 5 мыңы "орасан зор" қысқартуға ұшырайды, ал олардың жұмысы автоматтандырылады.

"Бүгінде "Қазақтелекомда" қолмен жұмыс істейтін 8 мың қызметкер және кеңседе жұмыс істейтін 8 мың қызметкер бар. Міне, кеңседе жұмыс істейтін сол 8 мың адам қысқарады. Олардың саны орасан зор деңгейде азаяды. (...) Біз ІТ мамандары ретінде кеңсе жұмысын қалай алмастыруға болатынын білеміз. Ол үшін қазір жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізіледі", - деп келтірді Мусиннің сөзін Digitalbusiness.kz.

Бағдат Мусин техникалық мамандар жұмыссыз қалмайтынын, себебі жақын болашақта олардың жұмысын автоматтандыру мүмкін еместігін айтты.

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін "Қазақтелеком" компаниясы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінді.

"Қазақтелеком" ресми түрде не дейді?

"Қазақтелеком" бұл мәселеге байыппен жауап берді. Онда жасанды интеллектінің енгізілуіне байланысты қызметкерлерді жаппай қысқарту жеке бағдарламасы іске асырылып жатқан жоқ деп мәлімдеді. Компания жыл сайын тиімділікті арттыру және бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетінін, алайда қандай да бір мамандықтар бойынша жұмысшыларды жаппай босату туралы шешім қабылданбағанын атап өтті.

Онда ЖИ ең алдымен күнделікті жұмыстарды автоматтандыру, типтік сұраныстарды өңдеу, құжат айналымы және басқа да қайталанатын процестер үшін құрал ретінде қарастырылатыны түсіндірілді. Бұл ретте ЖИ-ді қызметкерлерді тікелей алмастыру үшін пайдалану жоспарланбаған. Компания мәліметінше, оның орнына жұмысшыларды қайта оқыту мен жаңа құзыреттерді дамытуға басымдық беріледі.

"Қазақтелеком" кез келген ұйымдастырушылық өзгерістер кезінде бірінші кезекте ішкі ауысулар, міндеттерді қайта бөлу, бос лауазымдармен жұмыс және персоналдың біліктілігін арттыру қарастырылатынына сендірді. Егер еңбек қатынастары тоқтатылатын болса, барлық процедура мен төлемдер заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

Еңбек министрлігінің ұстанымы

Еңбек министрлігі бүгінде ведомствоға "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлерін қысқарту жоспары туралы ақпарат түспегенін хабарлады.

Сонымен бірге министрлік еңбек заңнамасында "қызметкерлерді жасанды интеллектімен алмастыру" деген ұғым жоқ екенін еске салды. Дегенмен, жұмыс берушілер жаңа технологияларды енгізу кезінде заңда қарастырылған барлық рәсім мен қызметкерлерге берілетін кепілдіктерді сақтай отырып, штатты және бизнес-процестерді оңтайландыруға құқылы.

Қызметкерлер қысқартылған жағдайда жұмыс беруші оларды кемінде бір ай бұрын хабардар етуге, кемінде орташа айлық еңбекақы мөлшерінде өтемақы төлеуге және жұмысшылардың алдағы уақытта босатылатыны туралы электрондық еңбек биржасына және мансап орталықтарына алдын ала хабарлауға міндетті.

Сондай-ақ Еңбек министрлігі "Қазақтелеком" басқарма төрағасы персоналды оңтайландыру және қысқарту туралы шешімдерді өз бетінше қабылдауға құқылы екенін атап өтті. Бұл ретте қызметкерлер, егер өз құқықтары бұзылды деп есептесе, жұмыс берушінің әрекетіне еңбек инспекциясы органдарына шағымдана алады.

Ал сыйақылар мәселесі не болды?

Басшылықтың миллиардтаған бонустары туралы ақпаратқа келетін болсақ, "Қазақтелеком" компаниясы қызметкерлер мен менеджменттің сыйақысы ішкі ережелер және KPI жүйесімен айқындалатынын хабарлады. Бұл ретте нақты жұмысшылардың жалақысы мен төлемдері туралы мәліметтер жария етілмейді, өйткені олар таратылуы шектеулі ақпаратқа жатады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де басшылықтың жалақысы мен сыйақылары туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда басшы қызметкерлердің еңбекақы мөлшері атқаратын лауазымына, жұмыстың күрделілігіне және компания қызметінің нәтижелеріне байланысты айқындалатыны айтылған. Жылдық сыйақылар қаржы жылының қорытындысы бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер негізінде төленеді және директорлар кеңесі бекітіледі.

Еске сала кетейік, былтыр Еңбекмині жасанды интеллект Қазақстандағы 2,2 миллионға жуық жұмыс орнына әсер етуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Қауіп тобына күнделікті қайталанатын жұмысы көп мамандықтар: хатшылар, көмекшілер, операторлар, іс жүргізушілер, бухгалтерлер және басқа да кеңсе қызметкерлері жатады. Сондай-ақ өндіріс (конвейер жұмысшылары), көлік (жүргізушілер), сауда (кассирлер), колл-орталықтар және ауыл шаруашылығы (тракторшылар мен комбайншылар) сияқты салаларда өзгерістер болуы ықтимал.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, алдағы 10 жылда ЖИ қосалқы персоналды, бухгалтерлер мен заңгерлерді алмастыруы мүмкін. Мұндай мамандықтар бойынша шамамен 300-400 мың жұмыс орны бар деп есептелді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 20:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары