Испаниялық компания алты мың қызметкерін қысқартады
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Испанияның ірі телекоммуникациялық компаниясы алты мың қызметкерін қысқартады. 20 мың адамнан тұратын ұжымның шамамен 30 пайызы жыл соңына дейін жұмыстан босатылады.
Осылайша, компанияда жасанды интеллектіні және автоматтандыру жүйесін енгізу арқылы еңбек тиімділігін арттыру көзделген. Алайда кәсіподақ ұйымдары қысқартуға қарсы шеру ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді. Жергілікті үкімет өкілдері еңбек нарығын қорғау мен қайта даярлау бағдарламаларына басымдық беретінін айтты.
Унай Сордо, Испания жұмысшылар комиссиясы ұйымының бас хатшысы:
- Мұндай жаппай қысқартулар елдегі еңбек нарығының тұрақсыз екенін көрсетті. Тамыз айында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар саны 2,5 млн-ға жуықтады. Әсіресе бізді жастар арасындағы жұмыссыздық алаңдатады. 25 жасқа дейінгі жастар арасында бұл көрсеткіш 26 пайыздан асты.


