Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Драматургиядағы дара даңғыл

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

ҚМГ басшысы Ембімұнайгаз нысандарын аралап, негізгі жобалардың жұмысын жеделдетуді тапсырды

ҚМГ басшысы Ембімұнайгаз нысандарын аралап, негізгі жобалардың жұмысын жеделдетуді тапсырды

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (ЕМГ) өндірістік нысандарын аралап, мұнай мен газ өндірудің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

ҚМГ басшысы Шығыс Молдабек кен орнында Цифрлық телнұсқа жобасы аясында деректерді жинау және өңдеу жұмыстарына тартылған нысандардың жұмысымен танысты. Олардың арасында автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары, интеллектуалды басқару станциялары, мұнайды дайындау және айдау нысандары, сондай-ақ өндірістік процестерді жедел басқару орталықтары бар.

Қазір кен орнындағы барлық стационарлық автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларынан деректер қашықтан жиналады. Сонымен қатар өндіруші ұңғымалардың 99% интеллектуалды басқару станцияларымен жабдықталған.

Бұл ұңғымалардың жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға, жабдықтарды қашықтан басқаруға және негізгі өндірістік көрсеткіштерді үздіксіз қадағалауға мүмкіндік береді. Ендігі кезеңде өндірісті басқару мен мониторингтеудің цифрлық құралдарын біріктіретін Интеграцияланған операциялар орталығын құру жоспарлануда.

Шығыс Молдабек кен орнында цифрлық телнұсқаны енгізу алынуы қиын мұнай қорының 12 млн тоннасын игеруге мүмкіндік береді.

Осындай жүйе С.Нұржанов кен орнында да енгізілуде. Жалпы, ҚМГ 2028 жылдың соңына дейін цифрлық телнұсқа технологиясын компаниялар тобы бойынша мұнай өндірудің 90%-дан астамын қамтамасыз ететін 12 ірі кен орнында енгізуді жоспарлап отыр.

Биылғы тоғыз айда 2 млн 237 мың тонна мұнай мен конденсат өндіріліп, жоспарлы көрсеткіштен 57 мың тоннаға артық болды.

Компанияның негізгі басымдықтарының бірі – ресурстық базаны толықтыру. 2026–2031 жылдарға арналған қосымша барлау бағдарламасы С.Нұржанов, Гран, Досмұхамбетов, Батыс Прорва, Шығыс Мақат, Уаз, Қаратон, Терең-Өзек және Оңтүстік-Шығыс Новобогатинск кен орындарын қамтиды. 

Нәтижесінде алынатын мұнай қорының көлемі 15 млн тоннаға ұлғаяды деп күтілуде.

Алынуы қиын қорларды игеруге тарту мақсатында 2026–2028 жылдары Терең-Өзек, Қарсақ және Гран кен орындарында сағасы көлбеу 30 ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Бұл қосымша 3 млн тоннаға дейін алынатын мұнай қорын игеруге мүмкіндік береді. 

Жалпы алғанда, ЕМГ-нің алынуы қиын мұнай қорының әлеуеті 43 млн тоннаға бағаланып отыр.

ЕМГ өндіру көлемін ұлғайту және шығынды азайту мақсатында жаңа технологиялық шешімдерді енгізіп келеді. Биыл С.Нұржанов, Досмұхамбетов және Батыс Прорва кен орындарында жоспарланған он ұңғыманың бесеуінде көлденең бүйір оқпандарын бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бір тәулікте мұнай өндіру көлемі қосымша 130 тоннаға артты. 

Осындай жұмыстардың құны жаңа көлденең ұңғымаларды бұрғылауға қарағанда екі еседен астам төмен.

Терең-Өзек кен орнында Slim Hole технологиясын қолдана отырып, бес айдау ұңғымасының құрылысы жүргізілуде. Бұл әдіс шығындарды шамамен 15%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

«Батыс Прорва» газ жобасының іске асырылу барысы да қаралды. 2025 жылы бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді, ол жылына 160 млн м³ дейін газ өңдеуге қауқарлы. Ал 2027 жылы оның қуатын жылына 920 млн м³ дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша Асхат Хасенов негізгі жобалардың уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді, заманауи технологияларды енгізуді және ЕМГ қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруды тапсырды.

15 қазан, 10:55

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 13:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see135

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see130

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see129

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see128

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see128

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see126

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see126

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see125

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see124

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see123

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see123

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see120

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

16 Қазан 2026 16:51see119

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see119

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see116

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see116

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see113

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see112

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see112

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары