Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қоғамның сенім орталығы болғаны жөн

Қоғамның сенім орталығы болғаны жөн

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында Парламент тиімділігі мәселесі орынды көтерілді. Еліміз кейінгі 30 жылда XIII сайланған Жоғарғы Кеңестен қазіргі қос палаталы Парламентке дейінгі бел-белесті жүріп өтті.

Фото: gov.kz

Алайда қоғамда: «Бұл модель азаматтар мен өңір­лердің мүддесіне сәйкес келді ме?» деген сұрақ жиі қойы­лады. Президент Қ.Тоқаев идея­сының мәні де – осында. Саяси реформаның мақсаты да – осы бағ­дарда.

1994 жылы сайланған алғаш­қы кəсіби Парламент жаңа саяси мəдениетке өтудің рәмізі болды. Оның құрамында ғалым­дар, инженерлер, дəрі­гер­лер, кəсіподақ өкілдері бар еді. Бірақ ол бар болғаны бір жыл ғана жұмыс істеді. 1995 жылы Конституциялық сот­тың шешімімен таратылды. Бұл шешім биліктің супер­пре­зиденттік моделін бекітті, ал Парламент бағыныш­ты органға айналды. Енді отыз жылдан кейін, ел тағы да тарихи бетбұрыс алдында тұр. «XXI ғасыр Парламенті қандай болуға тиіс?» деген сұрақ қоғам көкейінен кетпейді.

Әлемдік тәжірибеде Парла­мент­тің тиімділігі бес өлшем­мен бағаланады: 1) Өкілдік. Қоғамның барлық өңірі мен əлеу­меттік топтарының мүд­десін мейлінше қамтуы; 2) Тұрақтылық. Саяси цикл­дер мен дағ­да­рыстардан тəуелсіз жұмыс істей алу қабілеті; 3) Заң­наманың сапасы. Қабылданған заңдардың экономикалық жəне əлеуметтік шындыққа сəйкестігі; 4) Бақылау. Парламенттің Үкімет пен қаржы саясатына шынайы ықпал ете алу қабілеті; 5) Ашықтық. Жұмыс­тың жариялылығы мен қоғам алдындағы есеп­тілігі.

Осы өлшеммен байып­тасақ, қазіргі қос палаталы модель жеткілікті теңгерімге ие емес. Партиялық тізім бойынша сайлау депутаттарды сайлаудан гөрі партия басшылығына тәуелді етті. Партиялардың көп­теген өңірде өкілі де жоқ. Сондықтан жергілікті мəселелерде олар шешім қабылдау деңгейіне жетпей жатады.

Парламент реформасы тек форманы емес, халық өкіл­ді­гінің мазмұнын қайтаруға тиіс. Оңтайлы нұсқа – əр өңір тіке­лей өкілдік ететін бір палаталы өңірлік бағыт­тағы парламент (сенаттық жүйе үлгісімен). Мұндай тəсіл барлық облыс пен қалалардың тең қатысуын қам­тамасыз етіп, депутаттардың сайлаушылармен бай­ланысын нығайтады әрі жауапкершілігін арттырады.

Сонымен қатар депутат­тар­дың кəсіби жəне əлеу­меттік кепілдіктерін заңмен бекіту маңызды. Парламенттің таратылуы олардың мəртебесін немесе еңбек өтілін жоюға əкелмеуі керек. Мандатынан еркінен тыс айырылған депутат өтпелі кезеңде өтемақы алуға құқылы болуға тиіс. Бұл – жеке артық­шы­­лық емес, халық өкілдігінің тəуелсіздігін қорғау тетігі.

Кемел парла­­ментаризм­нің басты белгісі – биліктің барлық тармағының есеп­тілігі. Бүгінде Қазақ­стан ұлттық банкі іс жү­зінде Парламентке есеп бермей­ді, алайда дəл оның сая­саты инфляция, теңге баға­мы мен экономикалық тұрақ­­тылыққа тікелей əсер етеді. Ұлттық банк төрағасы депутаттар алдында тұрақты есеп бермегендіктен, бақылау жүйесі формалды күйде қа­лып қояды. Үкімет пен Ұлт­тық банктің есеп­терін Пар­ламент тыңдаулары арқы­лы мін­дет­ті түрде қарау жаңа модель­дің негізгі шарты болса дейміз.

Жаңа Парламенттің кәсіби­лігі, тиімділігі қалай көрін­бек? Иә, мəселе – палата санына емес, өкілдіктің сапасы мен инс­титут­­тардың кемелдігінде. Пар­ламентті тарату құрал болмауға тиіс, ал депутат­тар­дың кепілдігі – артық­шылық емес, кемел демок­ра­тияның нышаны.

Елімізде жүргізіліп жат­қан саяси реформаның бас­ты мақсаты – Парламентті қоғам мен билік арасындағы сенім орталы­ғына айналдыру, ел мүддесіне сай шешімдер қабыл­данатын жүйе қалып­тастыру.

Дәурен ӘДІЛБЕКОВ,

Қазақстан Жоғарғы кеңес XIII шақырылымының, Парламент Сенаты VI, VII шақырылымының депутаты 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 10:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары