Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Сабалақтың саяжай болғаны соры ма?

Сабалақтың саяжай болғаны соры ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алдымен газ мәселесіне тоқталсақ, сақалды құрылысқа айналған аталмыш жоба жыл артына жыл салып, сиырқұйым­шақтанып кеткен. Тұрғындар талабы тасада қалмай, саяжайды көгілдір отынға қосу бастамасы қолға алынғанымен, жо­ба­ның баяу жүргізілу себебі көпшілікке әзірге беймәлім күйде қалып тұр. 

Негізінен, тұрғылықты халықтың көпжылғы талабымен саяжайды газдандыру жобасы 2024 жылғы тамыз айында нақты қолға алынған болатын. Сол уақытта ел игілігіне арқау болған бірегей жоба саяжайлықтарға зор қуаныш сыйлады. 

Мемлекет басшысының тапсырма­сына сәйкес, Үкіметтің қолдауымен елді мекендер халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар ауқымы кең. Осы ретте бір ғана Сыр өңіріндегі об­лыс әкімінің үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан бірегей жобалардың әрбірі маңызды. Соның ішінде Сабалақ саяжайына табиғи газ жеткізу жобасы халықтың талабынан туындаған маңызды міндеттің бірі болатын. 

Алғаш жобаның бас мердігері АЕS end limited компаниясына құрылыс жұмыстарын қолға алып, игілікті істі белгіленген мерзімде аяқтау міндеті жүктелген. Сол уақытта арнайы техникалар мен мамандар жұмысты бастап, көптің талабы тасада қалмағанына тұрғылықты халықтың ризашылығы шексіз болды. Тиісті жұмыстар жергілікті әкімдіктің тікелей бақылауында тұрғаны айтылды. 

Мәліметке сәйкес, бүгінде аталмыш саяжайда 6 мыңнан астам халық тұрады. Елді мекенде жеке мектеп, балабақша жұ­мыс істейді. Сондай-ақ өнер орталығы, №4 қалалық емхананың филиалы, 150 орындық қосымша білім беру орталығы іске қосылған. Бұған қоса, дәріхана, авто­көлік жөндеу және жуу орындары, азық-түлік дүкендері, монша, жанармай құю бекеті және демалыс орындары халыққа қалтқысыз қызмет етеді. 

Жалпы, саяжайдың инфра­құрылы­мын дамыту мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келе жатқанымен, тұрғылықты халықтың көңілі тоқ емес. Оның ішінде, халықтың пікіріне сәйкес, көшелерді жөндеу және жарықтандыру ісінде біршама шаруалар атқарылғанымен, әлі де шешімін күткен мәселелер шаш-етектен. Халық тарапынан құзырлы орындарға бұл жайында сан мәрте айтылғанымен, түйткілдің түйіні тарқатылмай тұрғанын алға тартады. 

Бұған дейін халықтың шағымына сәйкес, Қызылорда қалалық құрылыс бөлімі де өз пікірін білдірген. Онда Сабалақ елді мекенін көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жобаның 1-ші және 2-ші іске қосу кешендері бойынша тиісті жұ­мыстары жүргізіліп жатқанын жариялады. Сондай-ақ жұмыс күшінің аздығына байланысты алдағы уақытта қосымша бригада қосылатынын айтып, сендірген екен. 

Негізінен, былтырғы жазда бас­талған бұл жоба қыс мезгілінде бір тоқ­тап, жалғасады. Биылғы жаз мезгілінде де тиісті жұмыстар бір мәрте тоқтап, қайта жүргізіледі. Қазіргі уақытта баяу болса да жұмыс істеліп жатыр екен. Соның нәтижесінде, жыл аяғына дейін газды толық қосамыз деп сендіріп отыр. Тіпті, кейбір тұрғындар көмірмен жылытатын пештерін бұзып тастап, газбен жылыту жүйесін жүргізуге көшіпті. Алайда халық арасында тағы да құрғақ сөздің құрбанына айналмаймыз ба деп күмәнмен қарап отырғандардың қарасы қалың. 

«Бізге белгілісі, қазіргі жағдай бойынша 1-ші іске қосу кешені бойынша 650 үй дайын тұр. Магистрадлы құбыр жалғанса, осы үйлерге газ беріледі деп айтылуда. Ал екінші іске қосу кешенінде де жоспарлы жұмыстар жүргізіле бастады. Тиісті жұмыстар талапқа сай жүргізілсе, алдағы желтоқсан айында екінші іске қосу кешені бойынша да көгілдір отын беріледі деген жоспар отыр. Осы орайда айта кеткен абзал, мәліметке сәйкес, 1-ші іске қосу кешені бойынша тиісті қаржы көздері толық аударылғанымен, 2-ші іске қосу кешені бойынша қажетті ақшасы кешеуілдеп жатыр екен. Соған орай дәл қазіргі жұмыстар мердігер мекеменің өз қаражаты есебінен жүргізіп жатқаны мәлім болып отыр. Яғни, мердігер өз қаражаты есебінен газды жыл аяғына дейін бітіріп беретінін айтып, сендіріп тұр», – деді бұл жайында саяжай тұрғыны Гүлсәнім Әукенова. 

Тұрғын өз сөзінде, жыл аяғына дейін көгілдір отын қосылады деген үмітпен қарап отырғанын жеткізді. Оған дейін тұрғылықты халық жылдағыдай көмірмен жан бағуға мәжбүр. Қазірдің өзінде ауыл кәсіпкерлері тарапынан мұқтаж отбасы­ларды қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында қайырымдылық шаралары қолға алына бастағанын жеткізді. 

Өз кезегінде Қызылорда қаласы әкімдігіне де саяжай халқын толғандырған мәселе төңірегінде сауал жолдадық. 

«Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы жүргізілуде. Аталмыш жоба 3.2 млрд теңгеге бағаланып отыр. Осы арқылы шағын ауылды көгілдір отынға қосу көзделген. Қазір газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұдан өзге, 331,8 млн теңгеге қалада көгілдір отын желісі жүргізілмей қалып қойған шағын ау­дан­дарды (ақ дақтарды) газдандыру іске асу­да. Сонымен қатар қалаға қарасты Қызыл­өзек (3 елді мекенінде) және Қы­зыл­жарма (Қызылжарма – 1, 2 аудан­дарында) ауылдық округтерінің елді мекен­деріне газ құбырын тарту жұмыс­тарының жоба-сметалық құжаттамаларын, сараптама қорытындысымен әзірлеуге 34 млн теңге қаралды. Алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жүр­гізіліп, ел игілігін көретін болады», – дейді Қызылорда қалалық құрылыс бөлімі жазбаша жауабында.

Байқағанымыздай, құзырлы бөлім тарапынан саяжайды газдандыру жұмыстарының толық аяқталу мерзімі нақты айтылмады. Осы орайда бұған дейін газ құбырын тартуға қажетті қар­жының 1 млрд теңгесі республикалық қазынадан қаралса, тағы 1 млрд қаржыны жергілікті бюджеттен бөлу көзделгені белгілі. Бұған қоса, тағы 1 млрд теңгені демеушілер есебінен қаржыландыру жоспарланса керек. Дейтұрғанмен, мердігер алғашында жобаны сәтті баста­ғанымен, кейіннен жұмыстың сағызша созылуы тиісті қаржы көздерінің уақытылы бөлінбеуімен тікелей байла­нысты болғаны айтылады.

Сонымен қатар тұрғындар жедел жәрдем қызметіне, мектеп пен балабақшаға қатысты түйткілдер де тасада қалып тұрғанын жеткізді. Оның ішінде, 900-ге жуық оқушы мен 600-ге жуық мектеп жасына дейінгі бүлдіршінге саяжайдағы 9 жылдық 340 орынға негізделген жеке мектеп пен 40 орындық балабақша аздық етіп тұрғанын алға тартты. Яғни, білім ұйымдарындағы бала санының шектеулі болуына байланысты қалған балалар облыс орталығына қатынап, білім алуға мәжбүр. Сондай-ақ тұрғылықты халықты көп жылдан бері жол жағдайы да алаңдатады. Жергілікті әкімдік тарапынан жаңбыр жауса, ми батпаққа айналатын көшелерге тас төсеу жұмыстары газдандыру жобасы толық аяқталғасын ғана жүзеге асырылатыны айтылған. Ең қиыны, жүйкені жұқартқан жол мәселесінің де осы газдандыру жобасына тікелей байланысты болып тұрғаны тұрғындарды толғандырып тұр. 

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН:

Жалпы, Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіне қарасты аталмыш аумақ саяжай ретінде қарастырылғанымен, бүгінде алты мыңға жуық халық тұратын елді мекен саналады. Қарақұрым халық қоныс тепкен аумақ қаламен жалғасып жатыр. Саяжайдың іргесінде «Назарбаев саябағы» бар. Биыл осы саябақты жөндеуге 15 млрд теңге бөлініп, ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мұны естіген Сабалақ халқы саябақты жөндеуге қаржы тапқан жергілікті билік, саяжай тұрғындарының мәселесін шешуге келгенде неге сараңдық танытқанын түсінбей дал. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 05:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары