Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Америкада бензин бағасы төмендеп жатыр, Трамп бізден ақылды болғаны ма?

Америкада бензин бағасы төмендеп жатыр, Трамп бізден ақылды болғаны ма?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Aikyn.kz бұл елдің қандай аймақтарында бензин арзандағанын slashgear.com хабарламасы негізінде түсіндіреді.

Мына видеода Колорадо штатында бензиннің литрі 230 теңге тұрады (1 галлон - $1,7).

Коммуналдық қызметтер, электр қуаты мен азық-түлік немесе бензин бағасы – тұтынушының қалтасына барлық жақтан қысым түсіреді. Дегенмен кейде осы тауарлардың кейбірінің бағасы төмендеп, қуантатын сәттер де болады. 

Бензин – көптеген автокөлік иелері үшін басты шығындардың бірі. Әрі 2025 жылғы желтоқсанда оның бағасы ең төмен деңгейге түсуі мүмкін. Өкінішке қарай, бұл қазақстандық тұтынушыларды шабыттандыра қоймайды. Өйткені бензин Американың кейбір штаттарында арзандай бастаған.

CBS New York мәліметінше, Нью-Йорктегі бензиннің орташа бағасы 3,09 долларға дейін, Коннектикутта – 3,05 долларға дейін төмендеген, ал Лонг-Айлендте/Нью-Джерсиде бір галлон үшін (1 галлон – 3,8 литр) 3 доллардан да төмендеп (2,97 доллар), ең төмен межені көрсеткен.Әлемдік нарыққа Ресейдің мол мұнайы келсе, баға төмендейді, бірақ бұл қазақ нарығына қатысты емес. Фото ecalc.ru сайтынан алынды

Әрине, бензин бағасы экономикасы дамыған елдерде әрқашан құбылып тұрады. Оған жаһандық оқиғалар айтарлықтай ықпал етеді. Бағаның америкалық нарықта неге түсіп жатқанын Әлемдік автоклубтар қауымдастығы (AAA) былай түсіндіреді.

AAA Northeast ұйымының қоғаммен байланыс жөніндегі аға менеджері Роберт Синклер бензин бағасының төмендеуіне «бірнеше фактор» әсер еткенін айтады. Біріншіден, 2025 жылғы желтоқсанда бензинге сұраныстың азайғаны. Екінші фактор, Ресей мен Украина арасында бейбіт келісім жасалып, санкция салдары жұмсаруы мүмкін деген үміттің күшеюі. Сарапшылар соғыс тоқтаса, әлемдік нарыққа Ресейдің мол мұнайы келіп, баға төмендейді деген пікірде.

Айтылған негізгі факторлардың бензин бағасына ықпалы қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін талдап көрейік. Бағаның төмендеуі іштен жану қозғалтқышы бар көлік жүргізушілері үшін жақсы жаңалық. Бірақ оның ұзақ сақталатынына толық сену қиын.

Халықаралық энергетика агенттігі (МЭА) Ресей табиғи газ өндіру көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі орында тұрғанын және әлемдегі ең ірі газ экспорттаушысы екенін жариялады. Әлемдік нарықтағы газдың бағасына ресейлік өндірушілер күшті әсер ете алады. Украинадағы соғыс еуропалық тұтынушылар үшін табиғи газдың бағасын еселеп өсіріп жіберді. Себебі «Солтүстік ағын» газ құбыры жарылды, Еуроодақ Ресейдің газын сатып алуға тыйым салды, ресейлік активтерге, мұнай мен газ экспортына қатысты санкциялар енгізді.

AAA өкілі Роберт Синклер CBS New York-ке берген сұхбатында: «Ресей мен Украина арасында ықтимал келісім күтіліп отырғандықтан, шикі мұнай айтарлықтай арзан» деген ой айтқан. Сарапшылардың логикасы былай: егер соғыс тоқтап, бейбіт келісім жасалса, Ресейге қатысты қолданыстағы санкциялар алынуы мүмкін. Сонда «нарықтағы ұсыныс ұлғаяды», бұл шикі мұнай мен табиғи газ бағасын түсіреді.

Сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі АҚШ аумағында бензин бағасының төмендеуіне елеулі ықпал еткен. Фото the-sun.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images

Еуропалық орталық банк те соғыс басталған кезде осы салалардағы баға күрт көтерілгенін атап өтуде. «Басып кіруден кейінгі алғашқы екі аптада мұнай, көмір және газ бағалары тиісінше шамамен 40%, 130% және 180% өсті». Бұл – энергия бағаларының аса құбылмалы әрі осал екенін көрсететін орасан секіріс. Ал бейбіт жоспарлар пайда болған жағдайда, бағалар қайта төмендеуі мүмкін. Дегенмен AAA пайымынша, мұндай қақтығыстар – жалғыз фактор емес. Кеңірек мағынада алғанда, газды тұтыну басымдықтарының жаһандық өзгеруі де бағаның төмендеуіне ықпал еткен. Өйткені соңғы уақытта әлем бойынша сұраныс бәсеңдегені байқалады.

Тауар не қызмет бағасына сұраныс пен ұсыныс теңгеріміндей күшті әсер ететін фактор аз. Жалпы алғанда, белгілі бір өнім сирек болса – бағасы жоғарылап, сұранысы күшейеді. Керісінше, қолжетімділігі жоғары немесе сұранысы төмен ресурс әдетте арзанырақ сатылады. AAA дерегінше, дәл осы фактор АҚШ аумағында бензин бағасының төмендеуіне елеулі ықпал еткен.АҚШ-тағы өндіріс өзгеріссіз болғанымен, сұраныс айтарлықтай төмендеген. Бір апта бұрын ол тәулігіне 400 000 баррельге азайған. Сұраныс осылай күрт қысқарғанда, бағаның төмендеуі де түсінікті. Мұның басты себептерінің бірі – Алғыс айту күнінен кейін қысқы сапарлардың саябырлауы.

Сарапшылар жыл мезгілінің маңызын да атап өтеді. АҚШ-та қыста қатты суық пен қар көлік жүргізуді қауіпті етеді. Сондықтан көптеген жүргізушілер мерекелік демалыс кезінде көлігін гаражда қалдыруды жөн көреді. Жаңажылдық мереке күндері саяхаттайтындар аз емес. Бірақ AAA болжамынша, жалпы алғанда жол қозғалысы біршама тыныштала түсуі ықтимал. CBS дерегіне сәйкес, ел бойынша бензиннің орташа бағасы шамамен 2,95 доллар болған. Бұндай төмен деңгей 2021 жылғы ақпаннан бері тіркелмеген екен.

Ал AAA Northeast өкілі Роберт Синклер бұл – қалыпты маусымдық үдеріс екенін айтады: «Бағалар жазғы жүргізу маусымы аяқталғаннан кейін, яғни Еңбек күніне (1 қыркүйек, Labor Day) қарай төмендей бастайды».

Ал ақпан мен наурызда күн жылынған сайын бензинге баға қайта көтеріледі. Америкада мұнай мен газ арзандаған сайын бензиннің бағасы төмендесе, Қазақ Елінің экономикасында бензин ешуақытта төмендей алмайды. Тек өседі. Бұл да ұлттық экономиканың көпшілікке түсініксіз парадоксы.

2022 жылы АҚШ-тағы бензин бағасы 2 есе жоғары болған. Фото aljazeera.com сайтынан алынды. Авторлығы: Reuters / David Swanson

Қазақ Үкіметі энергия бағасын неге төмендете алмайды?

Қазақ Үкіметі энергия бағасына (мұнай, газ, көмір, бензин) бюджеттің түсімін өсіретін оңай құрал түрінде қарамай, халықтың әл-ауқатына, тұрмыс құнына тікелей әсер ететін макроэкономикалық «түйін» ретінде қарайтын уақыт жеткен сияқты. Біз төменде ұсынған 3 принцип Үкімет саясатында қолданыла ма?

Бірінші, бағаны «күштеп» ұстау емес, жұмсартатын ашық ереже (формула) енгізу. Бензин бағасын «секіртпей», біртіндеп түзететін формула жасау. Бұл үшін мұнай бағасы, теңге бағамы, зауыттың өңдеу шығыны, логистика мен салық/акциз өзгерісін ашық көрсету. Осы формула бойынша бизнес те, халық та бензин және басқа энергия түрлеріне бағаның құбылуын түсініп, шығындарын алдын ала жоспарлайтын болады.

Екінші, «салық–акциз» моделін «циклге қарсы» белгілеу. Мысалы, әлемдік мұнай/жанармай қымбаттағанда – акцизді уақытша төмендетіп, бағаны арзандату. Мұнай арзандағанда – акцизді біртіндеп көтеріп, бюджет түсімін бұрынғы қалпында ұстап тұру. Яғни, салық тетігімен теңгерім жасау.

Үшінші,  баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұсынысты күшейту. Ірі мұнай өңдеушілер тарапынан «спекулятивті» бағаны болдырмау жолы – ішкі нарықтағы бензин, дизель, газ ұсынысын көбейту. Жаңа стандарттарға сай төртінші ірі мұнай өңдеу зауытын салу бензин мен дизельдің тапшылығын жойып, бағаны тұрақтандырады. Бұл мәселе ондаған жылдар бойы талқылауда, бірақ саяси шешім жоқ.

Төртінші, бағаны барлық тұтынушылар үшін бірдей түсірмей, қоғамдық көлік, ауыл логистикасы, фермерлердің өнімін жеткізу мен әлеуметтік аз қорғалған топтарға нысаналы субсидия/ваучер немесе ақшалай трансферт беру тетіктерін енгізу. 

Бұндай тәсілдерді Оңтүстік Корея мен Жапония сияқты Ресей де демпфер мен кері акциз тетіктерін үйлестіріп қолданады. Ал Қазақ Елінің билігіне осындай кешенді қолдау механизмдерін енгізу үшін саяси ерік-жігер, батылдық пен ашықтық жетіспейтін сияқты. Әлде біздің үкіметтегі экономистерге бұндай есептеулер жүргізу тым қиын ба?

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 13:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see162

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see146

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see145

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see143

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see141

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see140

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see140

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see140

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see139

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see137

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see137

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see136

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары