Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Америкада король бар ма?

Америкада король бар ма?

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Aikyn.kz технологиялық құралдар азаматтардың әрбір қадамын қалай бақылай алатынын Gizmodo материалына сүйеніп талдайды.

Өткен демалыста (19 қазан) «No Kings» (Корольдерге жол жоқ) атты шеруге 7 миллион америкалық азамат қатысқан. Олардың цифрлық іздері сол күнгі бейбіт, Конституциямен қорғалатын еркін пікір білдіру әрекеті кезінде тіркеліп қалады.

19-қазан жексенбі күні АҚШ-та миллиондаған адам Дональд Трамптың билігіне қарсы «Корольдерге жол жоқ!» ұранымен көшеге шыққан. Нью-Йоркте бейбіт шеруге 100 мыңнан астам адам қатысқан. Наразылар демократияны қолдап, диктатураға қарсы екенін айтқан. Олардың қатарында сенаторлар Чак Шумер мен Берни Сандерс те бар. Ал Трампты қолдайтын саясаткерлер мен бұқаралық медиа наразыларды «Антифа» қозғалысымен байланысы бар деп айыптаған. АҚШ-пен қатар, Лондон, Берлин, Мадрид, Рим және Торонто қалаларында да осындай акциялар өткен.

Лос-Анджелес сияқты ірі қалалардағы шерулер кезінде ұсталғандар саны аз болған. Тәртіп бұзушылар мен арандатушылар болмаған. Нью-Йорк полициясы да «наразылыққа байланысты ешқандай тұтқындау тіркелмегенін» хабарлады.

Алайда соңғы уақытта кейбір республикашыл саясаткерлер билікке қарсы наразыларды «экстремистер» немесе тіпті «террористерді қолдаушылар» деп сипаттап жүр. Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон «No Kings» қозғалысын «Американы жеккөрушілік митингі» деп атады. Көлік министрі Шон Даффи бұл акцияларды «антифа қозғалысының бөлігі» деп сипаттап, олардың «халықтық қозғалыс емес, көлеңкелі қаржыландырумен ұйымдастырылатынын» меңзеді. Бұл Трамптың өткен айда шығарған «ішкі терроризм мен саяси зорлықты қаржыландыруды анықтау және жою» жөніндегі жарлығымен ұштасып, демократиялық еркіндіктерге алаңдаушылық тудырды.

Трампты қолдайтын саясаткерлер мен бұқаралық медиа наразыларды «Антифа» қозғалысымен байланысы бар деп айыптаған. Фото abcnews.go.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / UIG

Property of the People атты жариялықты қолдайтын коммерциялық емес ұйымның атқарушы директоры Райан Шапиро: «Трамп режимі демократияны қорғап, бейбіт наразылық білдірген азаматтарды террористерге теңестіргісі келеді. Ал шын мәнінде Конституцияны таптап, халыққа соғыс ашып отырған – Ақ үйдің өзі», – дейді. Бұрын осындай сөздер посткеңестік елдерде естілуші еді. Енді демократия эталон саналатын америкалық қоғамда да ұқсас терминдер естілуде.

Сонымен, егер азамат қоғамдық шеруге қатысса, өзін кім, қалай бақылайтынын бағалап алу керек. Егер азамат наразылық орнына көлікпен барса, автоматты нөмір оқу жүйелері (ALPR) оның көлігін тіркеп алады. Бұл – жол бойындағы тұрақты камералар немесе полиция көліктеріндегі мобильді жүйелер. 

Қоғамдық көлік, әрине, қауіпсіздеу. Бірақ тек қолма-қол төлем жасаған жағдайда ғана. Егер жолаушы карта не мобильді қосымша арқылы төлесе, онда оның қозғалыс маршрутын бақылау қиынға түспейді.

Телефон арқылы да орналасқан жерді дәл анықтауға көмектеседі. Егер азамат акция кезінде телефонды «ұшу режиміне» қойса, бұл дұрыс шешім болады. Әйтпесе, қосымшалар сіздің GPS координаттарыңызды жазып, интернетке қосылған соң серверге жібереді. Қарапайым батырмалы телефон қолданған күннің өзінде, ұялы байланыс мұнаралары арқылы адамның қай жерде болғанын көруге болады.

Сонымен қатар, полиция жалған ұялы мұнара ретінде әрекет ететін IMSI catcher немесе stingray құрылғыларын пайдаланып, адамдардың нақты орнын анықтайды.

Егер азамат өз фотоларын әлеуметтік желілерге жариялағысы келсе, қасындағы басқа адамдардың беттерін бұлдырлату – маңызды қауіпсіздік қадамы. Electronic Frontier Foundation (EFF) атап өткендей, интернетке жарияланған кез келген фото АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаменті (DHS) мен Көші-қон және кеден қызметі (ICE) тарапынан пайдаланылуы мүмкін. Басқа мемлекеттерде де солай.

EFF құрылымы Image Scrubber құралымен суреттерден бет бейнелерді және метадеректерді (мысалы, орналасқан жер, аты-жөні) жоюға кеңес береді. Бірақ егер сіз маска кимесеңіз, онда сіздің жүзіңізді өзгелер түсіріп алуы әбден мүмкін. Интернет кеңістігі шексіз, бір фото жарияланса, ол әп-сәтте таралып кетеді.

Мысалы, PimEyes сияқты қызметтер адамдардың бетін басқа фотолармен сәйкестендіру арқылы іздей алады. Алайда мұндай сервистерге жеке деректерді тапсыру – қауіпті. Полицияның өзі де дрондарға орнатылған камералар арқылы шеруге қатысушыларды суретке түсіріп отырады. Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды іздеуде күштік құрылымдар студенттерді суретке түсіріп, кейін осы суреттер арқылы тауып, жауапқа тартқаны белгілі.

EFF деректеріне сәйкес, құқық қорғау органдары Clearview AI сияқты жүйелерді пайдаланып, интернеттегі миллиондаған фотосуреттер базасынан күдікті адамдардың тұлғасын анықтауға тырысады. Бұл технология тек Вермонт, Нью-Джерси, Иллинойс, Мэн, Массачусетс және Монтана штаттарында ғана заңмен тыйым салынған.

New York Times мәліметінше, Питер Тиль негізін қалаған Palantir компаниясы Трамп әкімшілігімен бірігіп, барлық америкалықтардың деректерін қамтитын бірыңғай база құру үстінде деп айтылады. Бірақ Palantir бұл айыптауды жоққа шығарған. Егер құқық қорғау органдары осындай база фотолар мен геолокациямен біріктірілсе, бұл билікке қоғамды толық бақылауға мүмкіндік береді. Америкалық сенаторлардың бұны демократиялық қағидаттарға қайшы келетін үрейлі сценарий» деп бағалауы да АҚШ қоғамындағы ішкі ширығуды көрсетеді.

7 миллион адам қатысқан наразылық митингілері мен шерулерінде құқық қорғаушылардың бүкіл ел бойынша ондаған ғана адамды ұстауы америкалық қоғамның жоғары демократиялық мәдениетінің дәлелі бола алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары