Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қонаевта ММА жаттықтырушысы шәкірттерінің тиісу туралы шағымдарынан кейін ұсталды

Қонаевта ММА жаттықтырушысы шәкірттерінің тиісу туралы шағымдарынан кейін ұсталды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қонаевта шәкірт қыздардың жыныстық сипаттағы тиісу мен оғаш жаттығу әдістері туралы жария шағымынан кейін ММА бапкері ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қонаевта шәкірт қыздардың жыныстық сипаттағы тиісу мен оғаш жаттығу әдістері туралы жария шағымынан кейін ММА бапкері ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде Қонаевтағы ММА бапкері тарапынан тиісу әрекеттеріне ұшырағанын мәлімдеген кәмелетке толмаған екі қыздың бейнеүндеуі жарияланды.

Спортшылардың бірінің айтуынша, ол секцияға 2024 жылдың қаңтарында қатыса бастаған. Жас спортшы шамамен екі-үш айдан кейін жаттығудың оғаш әдістеріне тап болғанын айтты.

"Ең бірінші күдік тудырғаны, салмақ қуу керек болғанда, ол бізді қапқа жатқызып, ингаляторы бар бетперде кигізетін. Ингаляторға не құйғанын білмеймін. Көрген жоқпын. Бірақ ол ішінде "Боржоми" ғана бар деп айтатын. Содан кейін бетпердені кигізіп, мен ұйықтап қалғанша ұстап тұратын.

Ұйықтап кеткеннен кейін мені ояту өте қиын болатын. Шапалақпен ұрып немесе су шашып оятуға тура келетін. Көзімді ашқанда басым айналып, жүрегім айнитын, өзімді нашар сезінетінмін. Қандай да бір шөптің дәмі сезілетін", – дейді қыз бейнеүндеуде.

Оның айтуынша, бұдан бөлек бапкер өзін ерсі ұстай бастаған. Атап айтқанда, қыз ер адамның өзін сүймек болғанын және тиіскенін мәлімдеді.

"Ол үйіме апарып тастаймын деген желеумен көлігіне отыруымды сұрайтын. Мен отырғаннан кейін есіктерді құлыптап, мені сүюге тырысатын. Мұндай жыныстық тиісулер 2024 жылдан бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасты. Жағдай ушыға бастағанда, мен жаттығулардан қалуға немесе бұл секциядан мүлдем кетіп қалуға тырыстым. Бірақ ол үйіме іздеп келіп, тіпті өзі алып кететін. Ата-анама менің әлеуетім зор екенін, бұл спортты тастамауым керектігін айтып ақталатын", - деп жалғастырды ол өз сөзін.

Ингалятор қолдану арқылы "салмақ қуу" және тиісу туралы ұқсас оқиғаны осы секцияның тағы бір тәрбиеленушісі айтып берді.

"Ата-анамыз ұзақ уақыттан бері оған лайықты жаза қолданылуына қол жеткізе алмай келеді. Бапкерге қатысты іс бұған дейін жабылып та қалған еді. Көптеген бұлтартпас дәлелдің бәрін оның қолына ұстатып жіберген. Қылмыстық іс "теріс қылық" бабына қайта сараланды", – деп атап өткен спортшылар бұл істе төрттен көп жәбірленуші бар екенін қоса кетті.

Полиция жауабы

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қонаев тұрғындарының арызы бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың қарындасымен “хайп“ жасады деген айыптауларға қатысты соттасты

12 мамыр 13:53 1

Олардың мәліметінше, 47 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Іс 2025 жылдан бері жалғасып келеді

Айта кетерлігі, зардап шеккендердің ата-аналарының сөзінше, тәрбиеленушілер бапкерінің үстінен полицияға алғашқы арызды 2025 жылы жаза бастаған, алайда ол осы уақытқа дейін бостандықта болып, секциядағы жұмысын жалғастырып келген.

Зардап шеккен қыздардың бірінің анасы іс бойынша кейбір мән-жайларды айтып берді. Оның сөзінше, ол болған оқиға туралы 2025 жылғы 29 тамызда білген.

"Келесі күні арыз жазылды. Сол кезде қызым 13 жаста болатын. Ол секцияға үш жыл бойы қатысып жүрді де, кейін жаттығудан бас тарта бастады. Қызымыз ештеңе айтпаған соң, біз мән-жайды түсінбедік, сондықтан әкесі оның бара беруін талап етті", - деді анасы.

Әйелдің айтуынша, кезекті рет сабақтан қалғаннан кейін ол қызымен тағы да сөйлесіп, оның секцияға барудан неге бас тартып жүргенін анықтауға тырысқан.

"Ол жылап жіберіп: "Анашым, оның бізге не істеп жүргенін білмейсіз ғой", деді. Қызым бұл жағдайдың үш жыл бойы, яғни 10 жасынан бері жалғасып келгенін айтты. Мен бұл туралы жазба жариялағаннан кейін, осы бапкер тиіскен тағы үш қыздың бар екені анықталды", – деп еске алады зардап шеккен қыздың анасы.

Әйел істің бастапқыда Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қозғалғанын хабарлады. Оның айтуынша, 2025 жылдың желтоқсанында іс жабылған.

"Бізге бұл туралы ешкім хабарлаған жоқ. Барлық заттай айғақ, атап айтқанда, тінту кезінде залдан табылған наркоз препараттары күдіктінің қолына берілген. Ешқандай сараптама жүргізілген жоқ", - дейді тәрбиеленушінің анасы.

Анасының мәліметінше, 8 қаңтарда іс қайта жанданды. Ол бұған дейін істің заңбұзушылықтармен жабылғанын айтады.

"Сол сәтте екі жәбірленушіге қатысты психологиялық сараптамалар әлі дайын болмаған еді. Наурызда іс 121-баптың 1-ескертпесіне қайта сараланды, бұл енді қылмыстық бап емес, теріс қылық. Қазіргі уақытта іс бөлінді – әр жәбірленуші бойынша іс жеке өндіріске бөлінді", - деді ол.

Әйелдің айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккендерге іс материалдарымен танысуға рұқсат берілмей отыр, ал сот ертең, 20 мамырға белгіленіп қойған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 19:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары