Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Келер жылы Қазақстанда өтетін «Болашақ ойындарының» бағдарламасына хоккей енуі мүмкін. Қазір әлемде бұл спортқа деген қызығушылық басым».

Халықаралық фиджитал қауымдастығының жетекшісі Нис Хат арнамызға берген сұхбатында осылай деді. Жаһандық құрылым жастардың киберспортқа тәуелділік мәселесін оңтайлы жолмен шешуді бастап кетті. Осы бағытта біздің елмен бірлесіп, бірқатар жаңашыл бастама қолға алынды. 

Дүниежүзілік фиджитал ойындары – виртуалды және шынайы спорттық бәсекелерді қамтиды. Екеуінің заманауи қосындысы іспеттес. Яғни, қатысушылар тек кибер кеңістікте ғана емес, арнайы алаңда бақ сынайды. Жалпы бағдарламаға 11 түрлі спорт енген. Солардың ішінде футбол, баскетбол, қала берді нағыз білек күші сыналатын жекпе-жектер де бар.

Кейінгі бір апта бойы Абу Дабиге әлемдік фиджитал кеңістігінің айрықша назары ауды. Әмірліктер астанасында екінші «Болашақ ойындары» өткізіліп, мыңдаған долларлық жүлде қоры сарапқа салынды. Жер-жерден жиналған командалар диджитал және физикалық форматта бақ сынады. «Фиджитал» сөзінің мәні де осында. Қос бағытты қатар қамтуды көздейді.

Нис Хат, «Phygytal International» ұйымының бас директоры:

- Бейнеойындарға қызығатын жас ұрпақ шынайы өмірде белсенді болғанын қалаймыз. Себебі дәстүрлі спорт қай кезде де пайдалы. Жарысқа кәсіби спортшылардың да қызығушылығы ауа бастады. Футболдағы мансабын аяқтаған бірнеше ойыншы фиджитал бәсекелерде өнер көрсетіп жатыр. Демек біздің бастама жастар және ересектерді ынталандыруда. 

Дүниежүзілік дода қазақстандық командалар үшін олжалы болды. Отандастарымыз негізінен футбол және баскетбол сынында өнер көрсетті. Бірі плей-офф кезеңіне дейін жетсе, екіншісі жартылай финалда тоқтады. Десе де елге қомақты жүлде қанжығалап, қайтатын болды.

Әсет Аменкелдинов, баскетболшы, «Games of the Future» жүлдегері:

- Біз бүгін үшінші орынға ойнадық. Сербиялық команданы жеңдік. Кәсіби түрде «Астана» баскетбол командасында ойнаймын. Қазан және желтоқсан айлары аралығында осы жарысқа қарқынды дайындалдық.

Жаңаша формат қалың көрерменнің көңілінен шықты. Киберспорт өкілдері фиджитал ойындарға жоғары баға берді. Енді олар келер жылы қазақ жерінде өтетін жарысқа дайындалады. Ол кезде бағдарламаға хоккей қосылып, бәсекелестік тағы қыза түсуі мүмкін. Әрі қатысушы командалар саны артады деген болжам бар.

Әлібек Хасенов Қазақстанда, «Болашақ ойындарын» ұйымдастыру және өткізу дирекциясының басшысы:

- Белгілі бір салада өз елін жоғары деңгейде танытқысы келетін азаматтар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Арнайы бағдарламасы икемді етіп жасалған. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан 2026 жылғы «Болашақ» ойындарын өткізеді. Сол жарысты ұйымдастыру дирекциясы Абу Дабиге арнайы келіп, Әмірліктегі әріптестеріміздің тәжірибесімен таныстық.

Қазір ұйымдастырушылар мұз үстіндегі ойынның компьютерлік нұсқасын жетілдіріп жатыр. Жалпы жүлде қорына келсек, биыл оның мөлшері 5 млн долларға жетіп жығылды. Технологиялық компаниялар бұл соманы одан әрі көбейтуге бейіл.

Нис Хат, «Phygytal International» ұйымының бас директоры:

- Хоккейді фиджитал спорт бағдарламасына енгізуді қарастырып жатырмыз. Ол әлемде өте танымал. Өз тарапымыздан бұл ойын нұсқасын жан-жақты сынауды бастадық. Қазақстандағы «Games of the Future» ойындарында оны көргіміз келеді.

Дерекке сай, осы күні диджитал ойындар дәстүрлі спорт түрлері секілді ауқымды аудитория жинайды. Солардың ішінде жастардың қарасы қалың. Негізгі мәселе – заманауи үрдістің тәуелділікке алып бармауын бақылау. Осы мақсатта халықаралық қауымдастық «Болашақ ойындарын» ойлап тауып, бірегей бағдарламасын әзірледі. Тәжірибе әлемдік сарапшылар тарапынан оң бағаланып отыр.

Авторы: Рауан Мыңбай

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары