Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қалада 1000 жаңа бейнебақылау камерасы іске қосылып, бұған дейін орнатылған тағы 500-ге жуық камера жасанды интеллект элементтері бар бірыңғай зияткерлік платформаға біріктірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Барлық бейнеағындар тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін қалалық жаңа Жедел басқару орталығына шоғырландырылады. Орталық қоғамдық ахуалды тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.

Орталықтың жұмысымен Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысты.

Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Ішкі істер министрлігінің, Ақмола облысы әкімдігінің және Freedom компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов атап өткендей, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі элементі болып табылады.

«Бүгінде біз “Заң және Тәртіп” қағидатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз, мұнда технологиялар полицияның сенімді көмекшісіне айналуда. Зияткерлік бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға ғана емес, олардың алдын алуға да мүмкіндік береді. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігіне және қалада қолайлы ортаны қалыптастыруға қосылған нақты үлес. Осындай жедел басқару орталықтары облыстың барлық аудандарында бірдей стандарттар бойынша құрылып, жабдықталуы маңызды. Бұл құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде бірыңғай тәсілді қалыптастырып, кез келген оқиғаға жедел әрі пәрменді әрекетті етуге мүмкіндік береді», – деді министр.

Жедел басқару орталығы мониторинг пен әрекет етудің бірыңғай нүктесі ретінде қалыптастырылған. Мұнда полиция департаментінің қызметкерлері мен әкімдіктің коммуналдық қызметтері бірлесіп жұмыс атқарады. Орталық мамандары абаттандыру, жол инфрақұрылымы, коммуналдық желілер және қалалық шаруашылықтың өзге де бағыттары бойынша тұрғындардың өтініштерін жедел қабылдап, пысықтайды.

Жүйеге сондай-ақ азаматтардың жедел қызметтермен шұғыл байланысуына арналған екі SOS батырмасы, биік ғимараттарға орнатылған үш жоғары дәлдіктегі камера, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін сегіз мобильді патруль енгізілген. Олардың бірі жедел жәрдем көлігіне орналастырылған.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов цифрлық инфрақұрылымды дамыту халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Қосшы екі жобаны - “Заң және тәртіп” пен “Таза Қазақстанды” - 1,5 мың жасанды интеллекті бар камераны біріктіретін бірегей цифрлық платформа аясында тоғыстырған алғашқы қала болды. Бұл Қосшы тұрғындары үшін құқықтық тәртіп пен қолайлы ортаны қамтамасыз ететін орталық. Ішкі істер министрлігі мен облыс әкімдігінің бірлескен күш-жігері арқылы біз қауіпсіздік мәдениетін ғана емес, көшелерде де, адамдардың санасында да тазалық мәдениетін қалыптастыруымыз қажет», - деп атап өтті өңір басшысы.

Сонымен қатар Қосшы қаласының әкімдігі мен полициясы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді түрде пайдалануда. Дрондар жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, қоғамдық тәртіп саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, адамдардың көп шоғырланған орындарын бақылау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен аумақтардың санитарлық жағдайын мониторингтеу, ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру және түрлі жағдайларға жедел әрекет ету үшін қолданылады. Бұған қоса, ұшқышсыз ұшу аппараттары қалалық инфрақұрылымның жай-күйін бақылауға, рұқсатсыз қоқыс орындарын анықтауға және абаттандыру талаптарының бұзылуын тіркеуге пайдаланылады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:230
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Желтоқсан 2025 10:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары