Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: Баян Сұлу жаңа жобаны іске қосты

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: Баян Сұлу жаңа жобаны іске қосты

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жоспарланған кеңейту жұмыстары мен қосымша өндірістік желілерді орнатуды ескергенде, жобаға салынатын инвестиция көлемі 14,6 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейін артады. Бұл өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтіп, облыстың тамақ өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін береді.

"Кондитерлік астана" жобасын жүзеге асыру Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындаудағы маңызды қадам. Облыс үшін жергілікті шикізатты барынша пайдалану, терең өңдеуді дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономикалық тиімділігі жоғары өнім өндіру аса маңызды. Мұндай жобалар өңір экономикасын нығайтып қана қоймай, оның өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, биыл Қостанай қаласында жылына 40 мың тоннадан астам макарон өнімдерін шығаратын зауыт пайдалануға беріледі. Лисаковск қаласында қуаты жылына 350 мың тонна болатын май экстракциялау зауытының құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта Рудный қаласында жылына 415 мың тонна астықты терең өңдейтін зауыт салу жоспарланған. Мұнда өндірілетін биоэтанол тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіруге арналған шикізат ретінде пайдаланылмақ. Сондай-ақ Бейімбет Майлин ауданында қуаты жылына 300 мың тонна болатын майлы дақылдарды сақтау және өңдеу кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде астықты өңдеу қуаты болашақта шамамен 1 млн тоннаға артып, жылына орта есеппен 3 млн тоннаға жетеді.

Майлы дақылдарды өңдеу көлемі де айтарлықтай ұлғаяды. Жаңа жобаларды ескергенде, өңірдегі майлы дақылдарды өңдеудің жиынтық қуаты жылына 650 мың тоннаға дейін жетеді.

Жалпы, аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде облыстың өңдеуші кәсіпорындарының өндірістік қуаты 50 пайызға артады.

"Баян Сұлу" АҚ-ның жаңа кешені кәсіпорынның жылдық өндірістік қуатын 16,6 мың тонна кондитерлік өнімге арттырады. Жоба толық қуатына шыққаннан кейін кәсіпорын жыл сайын 68 мың тоннаға дейін өнім өндіретін болады.

Осының нәтижесінде Қостанай облысы кондитерлік өнім өндіру көлемі бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің біріне айналады.

Кондитерлік өнімдер – жай ғана азық-түлік емес. Олар әрдайым адам өміріндегі қуанышты сәттермен байланысты. Дастарқанға тәтті тағам қойылғанда, онымен бірге ерекше көңіл-күй де келеді. Балалардың күлкісі, үлкендердің қуанышы, мерекелік көңіл-күй мен отбасылық жылылық қатар сезіледі.

"Жаңа "Кондитерлік астана" кешені сапалы әрі сұранысқа ие өнім өндіретін кәсіпорын ғана емес, Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі миллиондаған адамға қуаныш сыйлайтын өндіріс ошағына айналсын", – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Жаңа өндірісте бисквит өнімдері мен печенье шығаруға басымдық берілген. Бұл ретте кәсіпорын отандық ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көлемін арттырады. Мұның пайдасы тек өндіріс саласымен шектелмей, өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне де тиеді.

Отандық нарық үшін бұл бағыттың маңызы зор. Өйткені кондитерлік өнімдер нарығының едәуір бөлігін әлі де импорттық өнімдер құрайды. Өндірістік қуаттың артуы «Баян Сұлуға» отандық өнім көлемін ұлғайтып, ассортиментті кеңейтуге және қазақстандық өндірушілердің нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында 260 жаңа жұмыс орны ашылады. Алайда оның облыс экономикасына берер әсері мұнымен шектелмейді. Шикізатты өңдеу көлемінің артуы, жаңа іскерлік байланыстардың қалыптасуы, экспортты ұлғайту және өндіріс саласын одан әрі дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болады.

Жаңа өндірістік қуаттар экспорт көлемін арттыруға да жол ашады. Осылайша, бір инвестициялық жоба бірнеше маңызды міндетті қатар шешуге мүмкіндік береді. Олар – өндіріс көлемін ұлғайту, отандық шикізатты терең өңдеу, халықты жұмыспен қамту және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Кәсіпорын үшін жаңа кешен – дамудың кезекті кезеңі. "Баян Сұлу" АҚ Басқарма төрағасы – Президенті Тимур Садықов атап өткендей, өндірістік қуатты кеңейту – тек кәсіпорынға салынған инвестиция ғана емес, сонымен қатар компания брендін сапа мен дәстүрдің символы ретінде одан әрі нығайтуға бағытталған қадам.

"Біз тұтынушыларымыздың сүйікті тәттілерін бұрынғыдан да көп көлемде ұсынуға ұмтыламыз", – деді Тимур Садықов.

"Кондитерлік астананың" іске қосылуы – бір кәсіпорынның өндіріс көлемін ұлғайтумен шектелмейтін, өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған маңызды қадам. Қостанай облысы үшін бұл – жаңа өндірістік қуаттар, жұмыс орындары және отандық шикізатты терең өңдеу мүмкіндігі. Мұның барлығы өңір экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін нақты нәтижелер.

Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі қазірдің өзінде байқалады. Бүгінде Қостанай облысы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі бойынша елімізде бірінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 17:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары