Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Бүгін Қозы Көрпеш Баян Сұлу күні

Бүгін Қозы Көрпеш Баян Сұлу күні

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Жыл сайын қазақстандықтар 15 сәуір күнін Ғашықтар күні ретінде тойлайды. Анығырақ айтқанда, бұл күн Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні деп аталып кеткен.

Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні қашан

Қазақ жастары жыл сайын 15 сәуірде мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтеді.

Еліміздің болмысы мен салт-дәстүріне жат "Әулие Валентин" күнінің орнына Қозы мен Баян күнін атап өтуді алғаш рет 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған.

2011 жылы Алматы әкімдігі 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты. Ал 2012 жылы елордадағы Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері махаббат күнін қазақтың ұлттық "Ақсүйек "ойынымен жаңғыртып, жастар ойын-сауығын ұйымдастырады. Дәл сол жылы Көкшетаудың ерікті жастары да Қозы мен Баян күнін Тәуелсіздік алаңында атап өтті. Содан бері қос ғашықтың кіршіксіз сезімін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге негізделген мерекені тойлайтын жастардың саны біртіндеп артып келеді.

Бұл күн ресми түрде бекітілмесе де, қыз-жігіттер арасында Ұлттық ғашықтар күні ретінде кеңінен аталып өтеді. Ғашықтар бір-бірін махаббат күнімен құттықтап, сыйлық тарту етеді, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар ұйымдастырады.

Қозы мен Баянның махаббаты

Қозы Көрпеш — Баян Сұлу эпосы – халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бір-біріне қосыла алмаған қос ғашықтың қайғылы махаббатын жырлайды. Лиро-эпостық жыр XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың орта тұсында қағазға түсірілді.

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құдаласуынан басталады. Олар Қозы мен Баянды күні бұрын атастырады. Алайда Сарыбай аң аулап жүріп қаза табады. Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кездері отарын жұттан құтқарған жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қозы мен Баян махаббат жолында түрлі қиыншылықты бастан кешеді. Қос ғашықтың арасына түскен Қодар айласын асырып, зұлымдықпен Қозыны өлтіреді. Сүйіктісінен айырылған Баян кек алуға көшеді. Ол Қодарды егер құдықтан су алып берсе, тұрмысқа шығатынын айтып алдайды. Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, қыз бұрымын кесіп тастайды. Сөйтіп Қодар көз жұмады. Ал Баян ғашығының моласына келіп, өзіне қол салады.

Қозы мен Баянның махаббат тарихы бір-біріне деген адалдығымен құнды.

Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазары

Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың мазары елдің шығысындағы Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жерде, Аягөз өзені бойында орналасқан. Жалпы биіктігі – 12 метрге жуық. Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде болып келеді. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Есігі күншығысқа қарап тұр. Ескерткіштің тұрғызылған уақыты туралы әртүрлі пікір бар. Бір зерттеушілер V-X ғасырда көтерілген десе, енді бірі X-XI ғасырда орнатылғаны туралы айтады.

1982 жылы қабір үстіндегі кесене тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынды.

2013 жылы Аягөз қаласында қос ғашықтың құрметіне ескерткіш орнатылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 09:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see141

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see137

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see135

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see132

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see125

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see123

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see121

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see115

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see114

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see113

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see113

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see111

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see111

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары