Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Қозы Көрпеш Баян сұлу күні: Ұлт тарихындағы ұлы ғашықтар ұлағаты

Қозы Көрпеш Баян сұлу күні: Ұлт тарихындағы ұлы ғашықтар ұлағаты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ұлттық ғашықтар күні қалай пайда болды? 

Қазақстанда 15 сәуірді ғашықтар күні ретінде атап өту бастамасы 2011 жылы көтерілді. Бұл ұсыныс Алматы қаласының мәдениет және жастар саясаты саласындағы мекемелердің бастамасымен жүзеге асып, ресми іс-шаралар күнтізбесіне енгізілді.

Мерекенің негізгі мақсаты – батыстан енген 14 ақпандағы Әулие Валентин күніне балама ретінде ұлттық дүниетанымға жақын, тарихи негізі бар күн қалыптастыру еді. Осы орайда таңдау қазақтың ең көрнекті лиро-эпостық жырларының бірі – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» шығармасына түсті.

Коллаж: Kazinform/ Nano Banana

Осылайша, ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге және рухани құндылықтарға негізделген жаңа мереке өмірге келіп, «Қозы көрпеш – Баян сұлу»» күні аталды. Бүгінде бұл күн жастар арасында ғана емес, жалпы қоғамда махаббатқа деген көзқарасты ұлттық тұрғыдан қайта пайымдауға мүмкіндік беретін маңызды датаға айналып келеді.

Қозы Көрпеш – Баян сұлу: мәңгілік махаббат символы

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің ең көрнекті махаббат дастандарының бірі. Ғалымдардың пікірінше, бұл туындының түп-тамыры XIII–XIV ғасырларға дейін барады.

Жырдың ерекшелігі – оның табиғи болмысын, дала өміріне тән шынайылығын сақтап қалуында. Көптеген әлемдік махаббат хикаялары уақыт өте өңделіп, өзгеріске ұшыраса, бұл жыр өзінің бастапқы сюжет желісін жоғалтпаған.

Фото: Коллаж: Kazinform / Nano Banana

Зерттеулерге сүйенсек, жырдың қазақ және орыс тілдеріндегі 30-дан астам нұсқасы бар. Оны алғаш зерттеп, жоғары бағалағандардың бірі – орыс ғалымы Григорий Потанин. Ол бұл туындыны «қазақ эпосының шоқтығы биік үлгісі» деп атаған.

Жыр сюжетінде бір күнде туған, атастырылған Қозы мен Баянның өсе келе бір-бірін іздеп табуы, олардың махаббатына әлеуметтік кедергілердің тосқауыл болуы және ақыры қос ғашықтың қайғылы тағдыры баяндалады.

Қозы – батыл, аңғал, махаббаты үшін күрескен жас жігіт образы болса, Баян – сұлулығы мен ақыл-парасаты үйлескен, жанқиярлыққа дайын қазақ қызының символы.

Осы қасиеттердің бәрі Қозы мен Баянды қазақ үшін мәңгілік махаббаттың ескерткішіне айналдырды.

Коллаж: Kazinform / Nano Banana

Қазақ тарихындағы аңызға айналған ғашықтар

Халық ауыз әдебиетінде ғашықтық әрдайым моральдық таңдаумен, рухани тазалықпен қатар жүреді. Сондықтан қазақы дүниетанымда махаббат – тәрбиелік мәні бар ұғым ретінде қарастырылады. Соның дәлелі ретінде ел жадында сақталған бірнеше ғашықтар хикаяларын атап өтуге болады.

Фото: Wikipedia.org

Еңлік – Кебек

Еңлік пен Кебек – руаралық тартыстың құрбаны болған қос ғашық. Олардың махаббаты жеке сезім мен қоғамдық заңның қақтығысын көрсетеді. Екі жас ел дәстүріне қарсы шыққаны үшін трагедияға ұшырайды. Бұл оқиға қазақ қоғамындағы қатал әдет-ғұрыптың адам тағдырына әсерін айқын бейнелейді.

Қыз Жібек пен Төлеген

«Қыз Жібек» жыры – қазақ эпосындағы ең көркем, ең поэтикалық махаббат туындыларының бірі. Төлегеннің Жібекке деген адал сезімі, оның жолындағы күресі, Бекежан қолынан қаза табуы – махаббат пен тағдыр тартысының көрінісі. Ал Жібек бейнесі – сұлулықтың, парасаттылықтың символы.

Сәлиха – Сәмен

Сезім жолындағы ұлы күрескерлікті суреттейтін сондай туындылардың бірі – Әсет Найманбаевтың «Салиха – Сәмен» дастаны.

Шексіз сұлулық иесі Сәлиха мен батыр Сәменнің арасындағы кіршіксіз сезім әлеуметтік кедергілерге ұшырап, қос ғашықтың тағдырын күрделі арнаға бұрады. Себебі, «хан сезіп, халық білсе мұндай сырды, ажалдан қыз бен жігіт қалмайды аман». Сонда да қос ғашық «өліспей беріспеуге» уағдаласады. Олардың сезім жолындағы күрескерлік жолдары басталып кетеді. «Бөрі етектен, жау жағадан алса да небір іске шыдаймыз» деп уәделеседі. Сәмен тау мен тасты аралап жүріп, астында шатқал өзен жатқанына қарамай, заңғар биік жартасты мекен етеді. Салиха ерінің соңынан еріп, ештеңеден қорықпай Жая тасында өмір сүруге бел байлайды.

Қандай қауіп-қатер болса да бірге болуға серттескен қос жүрек тау мен тасты паналап, қиындыққа қарсы тұрады. Жырда ғашықтардың ерлікке толы күресі, бір-біріне деген адалдығы мен трагедиялық тағдыры терең суреттеледі.

Қасен – Жәмила

Ал Қасен мен Жәмила хикаясы да – махаббат үшін күрескен жандар тағдырын арқау еткен әсерлі сюжеттердің бірі. Бұл оқиға Қытай қазақтары арасында кең тараған нұсқаларымен ерекшеленеді. Бір-бірін сүйген қос жастың бақытына әлеуметтік теңсіздік пен ата-ананың шешімі кедергі келтіреді. Соған қарамастан, Қасен сүйгенін алып қашып, тағдырға қарсы қадам жасайды. Тауды паналап, жырақта өмір сүрген қос ғашықтың өмірі махаббаттың тек сезім ғана емес, үлкен жауапкершілік пен тәуекел екенін айқын көрсетеді.

Фото: Baidu

Әлем елдерінде ғашықтар күні қалай аталып өтеді?

Әлем елдерінде Ғашықтар күні әртүрлі форматта аталып өтеді. Ең кең таралғаны – әулие Валентин күні. Бұл күн әсіресе АҚШ пен Еуропада кеңінен танылып, гүл мен сыйлық ұсыну дәстүрімен ерекшеленеді. Ал Жапонияда 14 ақпанда қыздар ер азаматтарға шоколад сыйласа, бір айдан кейін – 14 наурызда ерлер жауап ретінде сыйлық береді. Оңтүстік Кореяда әр айдың 14-і махаббатқа қатысты ерекше күн ретінде аталып өтсе, Францияда романтикалық кештер мен ұсыныстар жасау дәстүрге айналған.

Махаббат мерекесі әр елде өзіндік мәдени сипатқа ие. Мәселен, Испанияда Сан-Жорди күні (23 сәуір) раушан гүлі мен кітап сыйлау дәстүрімен ерекшеленеді. Бұл күн Мигель де Сервантес есімімен де байланысты. Ал Қытайда 20 мамыр (5/20) күні «мен сені сүйемін» мағынасын білдіретін символдық дата ретінде жастар арасында кең тараған.

Израиль халқының да өзіне тән Ғашықтар күні бар. Бұл мереке Ту бе-Ав деп аталады және жыл сайын еурей күнтізбесі бойынша 15 ав күні, шамамен шілде айының 23–24-іне сәйкес келеді. Дәстүрлі діни мерекелер қатарына толық енбегенімен, ғасырлар бойы еурей жастары бұл күнді махаббат пен бақыттың символы ретінде атап өтіп келеді. Мерекенің түп-тамыры ежелгі рулық дәстүрлермен байланысты. Ерте заманда еврей қауымдары ру-тайпа болып өмір сүріп, некеге тұру мәселесін ру басылары шешкен әрі көбіне тек өз руының ішінде үйленуге рұқсат етілген. Тек Ту бе-Ав күні ғана бұл шектеулер алынып тасталып, руаралық некеге жол ашылған. Сонымен қатар дәл осы мезгілде жүзім жинау науқаны басталып, ақ көйлек киген қыздар жүзім алқаптарында би билеп, бозбалалар өзіне жар таңдаған. Бұл дәстүр қазақтың «Ақсүйек» ойыны немесе «Бастаңғы» секілді жастар бас қосып, танысып-білісетін салттарымен үндес келетіні байқалады.

Жалпы, ғашықтар күні әр елде әртүрлі уақытта аталып өтеді. Мәселен, Словения 12 наурызда, Грузия 15 сәуірде, Чехия 1 мамырда, ал Грекия 3 шілдеде махаббат мерекесін атап өтеді. Әрқайсысының өзіндік тарихи негізі мен мәдени ерекшелігі бар.

Осылайша, махаббат мерекесін атап өтудегі әр елдің дәстүрі олардың ұлттық болмысы мен дүниетанымын айқын көрсетеді. Ал бұл үрдістердің барлығы махаббаттың адамзатқа ортақ, мәңгілік құндылық екенін аңғартады.

Фото: Wikipedia.org

Қазақ киносы мен әдебиетіндегі махаббат бейнесі

Қазақ өнерінде махаббат тақырыбы әдебиеттен бастау алып, кейін кино саласында да кеңінен көрініс тапты.

Соның жарқын мысалы – Қыз Жібек фильмі. Бұл туындыда махаббат тек жеке оқиға емес, ұлттық эстетика мен мәдениеттің көрінісі ретінде ұсынылған. Ал басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешова бейнесі халық жадында мәңгі сақталды.

Сондай-ақ Көшпенділер фильмінде махаббат тарихи оқиғалармен қатар өрілсе, Жаужүрек мың бала туындысында сезім мен патриотизм ұштасады.

Тәуелсіздік кезеңіндегі кино мен әдебиетте махаббат жаңа қырынан ашыла бастады. Ауыл мен қала жастары арасындағы сезім, әлеуметтік теңсіздік, жеке таңдау еркіндігі секілді тақырыптар кеңінен көрініс тауып келеді.

Қазіргі шығармаларда махаббат трагедия емес, тұлғалық даму, жауапкершілік және өмірлік таңдау ретінде қарастырылады.

Қоғамдағы қазіргі көзқарас: ұлттық мерекенің болашағы

Әлеуметтік желідегі қоғамдық көзқарасты бақылай отырып, 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні әлі қалыптасу кезеңінде екенін бағамдаймыз. Дегенмен, оның болашағы зор. Әсіресе жастар арасында ұлттық құндылықтарға қызығушылық артқан сайын, бұл мерекенің маңызы күшейе түседі. Әлеуметтік желілерде Қозы мен Баян бейнесі арқылы құттықтаулардың көбеюі – соның айғағы.

Ұлттық ғашықтар күні – тек мереке емес, ол қазақ халқының рухани мұрасын жаңғыртудың бір көрінісі. Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңлік – Кебек сынды мәңгілік хикаялар арқылы ұрпақ санасына адалдық, сүйіспеншілік және адамгершілік секілді құндылықтар сіңіріледі.

Қазақ киносы мен әдебиетіндегі махаббат бейнесі – ұлттың рухани айнасы. Уақыт өзгергенімен, махаббаттың мәні өзгермейді. Ал оның қазақ дүниетанымындағы көрінісі – мәңгілік құндылықтардың көркем шежіресі болып қала береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 08:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see123

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

13 Шілде 2026 09:14see120

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

12 Шілде 2026 16:58see118

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

12 Шілде 2026 22:09see117

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

13 Шілде 2026 09:02see116

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

13 Шілде 2026 12:23see116

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see115

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

12 Шілде 2026 17:59see114

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

13 Шілде 2026 11:47see114

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

12 Шілде 2026 20:32see113

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see113

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

13 Шілде 2026 12:30see113

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see111

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see111

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see110

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see110

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see109

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see108

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see108

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары