Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Қостанай облысының диқандары ауа райы мен баға қысымында қалды

Қостанай облысының диқандары ауа райы мен баға қысымында қалды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ауа райының әлегі

29 қыркүйекте облыстың 17 ауданының сегізінде қар жауды. Табиғаттың бұл құбылысы тек қалалар мен аудандардың инфрақұрылымына ғана емес, ауыл шаруашылығы саласына да залал келтірді. Қар еріген соң шаруаларға бірнеше күн үзіліс жасауға тура келді, егін ору жұмыстары тек екі-үш күннен кейін қайта жалғасты.

— Жерге жатып қалған егістік алқаптарда егін жинау кезінде сабақ көтергіштер пайдаланылады. Шығын аз, сондықтан өнімділікке айтарлықтай әсер етпейді. Қар келесі күні еріп кеткендіктен, дәннің сапасы мен көлеміне әсер еткен жоқ. Әдетте ұзаққа созылған жауын-шашын өнім сапасына әсер етеді, — деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми сауалға берген жауабында.

Алайда фермерлердің өз пікірі бар. Кәсіпкерлер палатасында өткен жиында шаруалар жауын-шашынның дән сапасын төмендеткенін айтты.

— Биыл да ауыл шаруашылығына климаттың күрделі факторлары әсер етті. Соңғы жылдары мұндай жағдай жиі қайталануда. Бұған қоса, ағымдағы нарық конъюнктурасы да қолайсыз болып тұр: негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы төмендеу тенденциясын сақтап келеді. Мұның барлығы саланың рентабельділігін едәуір кемітті, — деді Ауыл шаруашылығы өндірушілері қауымдастығының өкілдері.

Фото: Қостанай облыстық кәсіпкерлік палатасы

Мұндай ауа райы құбылысын болжауға бола ма?

Қазақстанның Астық одағының сарапшылары мұндай ауа райы құбылыстарын алдын ала болжау мүмкін емес екенін айтады.

— Бұл - табиғи құбылыстар. Тек егін жинауды жеделдетіп, кептіру тиімділігін арттыру арқылы шығынды азайтуға тырысуға болады. Бірақ бәрі ауа райына байланысты. Сондай-ақ, ауа райы қолайсыз болған кезде сабақ көтергіштерді пайдалану қажет, бұл егін жинау жылдамдығын төмендетеді. Әрі дәннің сапасына да, санына да әсер етеді, — деді Астық одағының өкілі Евгений Карабанов.

Бақылау деректеріне сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы әдетте 19-25 қазан аралығында қалыптасады. Сондықтан шаруалар ерте қардың қайталанбауына үміт артып отыр, бірақ оны жоққа шығаруға болмайды.

Фото: Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасы

Дегенмен, барлық қиындықтарға қарамастан, егін жинау науқаны аяқталуға жақын. 16 қазанға дейін 4,1 млн гектардың 3,9 млн гектарынан астық жиналды, бұл жалпы егіс көлемінің 95,1%-ын құрайды.

Жанармай мен техника: күн райы дизельге де сын болды

Ауа райының күрт суытуы дизель отынын пайдалануға да қиындық туғызды. Кейбір аудандарда фермерлер дизельдің қатып қалғанын хабарлады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, зауыттардан жөнелтілген жанармай жазғы стандарттағы болған, сондықтан теріс температурада пайдалануға жарамсыз болып шыққан. Кейін бұл мәселе шешіліп, жұмыс тұрақтандырылған.

— Биыл егін жинауға 422,1 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Қостанай облысына 85,5 мың тонна бөлінді. Жеңілдетілген бағадағы отынның құны литріне - 254 теңге, яғни нарықтық бағадан 20-25% төмен. Қазан айына арналған бір бөлігі Атырау мұнай өңдеу зауытынан Павлодар зауытына жедел түрде қайта бағытталды, бұл солтүстік өңірлерге жеткізуді тұрақтандыруға мүмкіндік берді, — деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

Сонымен қатар, дәнді және майлы дақылдарды кептіруге қосымша 7,5 мың тонна жеңілдетілген дизель бөлінді, оған 62 кәсіпорын өтінім берген.

Бүгінде өңірде 34 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді, олардың жалпы сақтау сыйымдылығы - 3 млн тонна. Бұған қоса, шаруашылықтардың өз қоймаларының сыйымдылығы 5,3 млн тоннаны құрайды.

— Жалпы сақтау көлемі — 8,3 млн тонна. 16 қазандағы жағдай бойынша элеваторларда 1,27 млн тонна астық бар, бұл жалпы көлемнің 42%-ын құрайды. Облыста 415 кептіргіш агрегат жұмыс істейді, оның 96-сы — элеваторларда, 319-ы — фермерлерде. Өңір толық көлемде кептіру қуатымен қамтамасыз етілген, — делінген министрлік жауабында.

Төмен баға еңбектің өтеуін де кемітті

Қостанай облысында негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алу бағасы төмендеп, фермерлердің алаңдаушылығын тудырып отыр.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері қауымдастығының мәліметінше, ауыл еңбеккерлерінің еңбегі төмендетілген бағамен өлшеніп отыр. Бұған Азық-түлік корпорациясының алдын ала сатып алу бағаларын жарияламауы және нарықтағы белгісіздік әсер етуде.

— Негізгі дақылдардың бағасы күрт төмендеді. Арпаның тоннасы 107 мыңнан 75 мың теңгеге дейін (30%-ға төмендеу), жұмсақ бидай 115 мыңнан 85 мың теңгеге дейін (26%-ға төмендеу) арзандады. 4-сыныпты бидай ҚҚС-сыз бар болғаны 70 мың теңгеден сатылуда. Ал зығыр бағасы 2022 жылы 300 мың теңге болса, биыл 250 мың теңгеге түсті. Салыстыру үшін айтсақ, 2021 жылы экспорттық баға 523 еуроға жеткен, — делінді Кәсіпкерлер палатасында өткен жиында.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өз кезегінде Азық-түлік корпорациясы жыл сайын фермерлерден алдын ала төлем арқылы астықты форвардтық сатып алумен айналысатынын мәлімдеді.

— 2025 жылғы астықтың сатып алу бағасы нарық конъюнктурасы, экспорттық паритет, өзіндік құн, валюта бағамы және логистикалық шығындар ескеріле отырып белгіленді, — деп хабарлады ведомство.

Азық-түлік корпорациясы астықты тоннасына 70-115 мың теңге аралығында сатып алады (ҚҚС қоса есептегенде). Ең жоғары баға — 3-сыныпты бидайда, 115 мың теңгеге дейін. 4-сыныпты бидай 80-82 мың теңге, 5-сыныпты — 70 мың теңге, 2-сыныпты арпа 75 мың теңге деңгейінде белгіленді.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері қауымдастығының пікірінше, өндірісті ұлғайтудың мәні тек қосымша өнім көлемі табыс өсімін қамтамасыз еткен жағдайда ғана бар. Ал мұндай байланыс болмаған жағдайда өнімділікті арттыру мен инвестиция салуға деген ынта жойылады.

Тәуекелді азайту жолдары бар ма

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдан бастап агроөнеркәсіп кешенінде ерікті сақтандыру жүйесі енгізілгенін еске салды.

Мемлекет сақтандыру жарналарының 80%-ын субсидиялайды, бұл фермерлерге сақтандыруды қолжетімді әрі тиімді етеді. Бағдарлама өсімдік және мал шаруашылығындағы тәуекелдерді — өнімнің жоғалуынан бастап малдың қырылуына дейін сақтандыруға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы — «Аграрлық несие корпорациясы».

Қазіргі уақытта 16 сақтандыру өнімі бар: оның 7-еуі — өсімдік шаруашылығына, 9-ы мал шаруашылығына арналған. Барлық рәсімдер онлайн режимде Qalqan сервисі арқылы (Kezekte.kz платформасында) жүргізіледі.

2025 жылы сақтандыруға 2 млрд теңге бөлінді. 373 келісімшарт жасалып, субсидия сомасы 1,96 млрд теңгені құрады. Сақтандырумен 300 мың гектардан астам егістік пен шамамен 2,6 млн бас мал қамтылған.

Қостанай облысының ауыл шаруашылығы саласы биыл тағы да сындарлы кезеңнен өтті, ауа райының тосын мінезі мен баға қысымына тап болды. Сарапшылардың пікірінше, икемді субсидиялау саясаты, сақтандыру тетіктерін кеңейту және төлемдерді уақтылы жүргізу саланың тұрақтылығын күшейтіп, фермерлердің ауа райы мен нарық «құбылыстарына» тәуелділігін азайтады.

Айта кетейік, АШМ 2026 жылға астық экспорты шығынын субсидиялауға 30 млрд теңге қажет екенін мәлімдеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 12:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see145

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see144

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see142

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see141

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see140

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see139

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see139

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see139

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see137

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see135

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see134

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see132

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see127

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see123

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see119

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see119

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары