Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

ҚТЖ әлеуметтік саясаты: қызметкерлерді қолдау мен өңірлерді дамыту бағыты

ҚТЖ әлеуметтік саясаты: қызметкерлерді қолдау мен өңірлерді дамыту бағыты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Азаматтарға жұмыс орнын ұсынушы іргелі ұжымның бірі – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ. Ұлттық компанияның әлеуметтік саясаты ардагерлер мен жастарды қолдаудан бастап теміржолшы­лар тұратын сондай-ақ жұмыс істей­тін елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға де­йінгі бағыттардың кең ауқымын қамтиды. Өңірлерде өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен «Wabtec» компаниясымен бірлесіп Сексеуіл мен Шалқарда шығармашылық орта­лық пен өнер мектебін салу бағытында ауқымды жобалар іске асырылып отыр. Жаркент­те Алтынкөл – Жетіген темір жол учаскесін жаңғырту аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ облыс әкімдігімен бірлесіп және «Теміржол жөндеу» ЖШС көмегімен салған 140 орын­дық балабақша ашылды. Бұл нысандар жұмысшылар мен  отбасы­­ларының өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.  

Сала ардагерлерін қолдау маңызды бағыттың бірі. Бүгінде компания 45 мыңнан астам зейнеткерге медициналық көмек, санаторлы-курорттық емдеу және мерейтойлық төлемдерді қосқанда әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. ҚТЖ ардагерлер кеңесі мен Ардагерлердің консультативтік кеңесі арқы­лы ұрпақтар байланысы сақталу­да, ал ардагерлердің кәсіби тәжірибесі жас мамандарды даярлауда сұранысқа ие. Жұмыс­шылардың отбасыларына қолдау білдіру әрдайым назарда. Биыл ҚТЖ балаларды сауықтыру лагерьлеріне тегін жол жүруімен 7 372 жолдама сатып алды. Жалғызбасты ата-аналар­ға атаулы көмек көрсетіледі, мектеп түлектерінің ата-аналарына қосымша ақылы демалыс күндері беріледі. Дәстүрге айналған балаларды қорғау күні­не орай ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Биыл ҚТЖ басқарма төрағасының тапсырмасымен шалғай стансаларда тұратын теміржолшылардың көпбалалы отбасыларынан шыққан жүз бала зияткерлік және шығармашы­лық дамуға, сондай-ақ белсенді демалысқа ықпал ететін велосипедтер, LEGO конструкторлары және басқа да дамытушы жиынтықтар алды.

Елдің барлық өңірінде балалары оқуда, спортта және шығармашылықта елеулі нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлердің отбасыларын құттықтау ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақты қолдау кәсіп­тік бағдар беру жұмысын да қам­тиды. Компания мектеп оқушылары мен студенттерді теміржол мамандықтарымен таныстыра отырып, өндірістік нысандар мен салалық мұражайға экскурсиялар ұйымдастырады. Биыл ҚТЖ орталық музейіне 400-ден астам жоғары сынып оқушы­лары мен колледж студент­тері келді.  Балалардың шығармашы­лық және зияткерлік әлеуетін дамыту маңызды орын алады. Компанияда теміржол кәсіптерін танымал етуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал ететін «Теміржол балалар көзі­мен» тақырыбында бейне­кон­курс­тары мен шығармашылық бай­қау өткізіледі.  

Осы жылы ком­пания теміржол саласына қызығушылығы жоғары 6 жасар Әнуар Әбсаттаров пен 11 жасар Әмір Жанғалиевтің тілегін орындап, оларды локомотив кабинасында сапарлауға мүмкіндік жасады және деполарды аралатып экскурсиялар ұйымдастырды. Сонымен қатар ҚТЖ 100 жас спортшы-теміржолшы арасында шағын футболдан республикалық турнир өткізді. 

Жас кадрларды даярлау да маңызды. Жастар саясатының 2023–2026 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жас қызметкерлердің кәсіби және басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған жобаларды іске асырып жатыр. Олардың қатарында «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» жас мамандарды дамыту бағдарламасы, «Жас үздік маман» кәсіби шеберлік конкурсы, «Теміржол білгірлері» интеллектуалды лигасы, «Моя PROFессия» және «Zaman AI» конкурстары, сондай-ақ КВН корпоративтік қозғалысы және «ГалстукOFF» медиа жобасы бар. Бұқаралық спортты дамыту сонымен қатар компанияның әлеуметтік саясатының басым бағытының бірі. Биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында 9,2 мыңнан астам жұмысшы спорт секцияларында жаттығулармен  қамтылды. 7,1 мыңнан астам адамның қатысуымен 197 спорттық іс-шара өткізілді. Компания қызметкерлері халық­аралық жарыстарда ҚТЖ мен ел атынан оң нәтиже көрсетіп келеді. Сонымен қатар корпоративтік волонтер­лік белсенді дамып отыр. Темір­жолшылар қайырымдылық және экологиялық акцияларға қатысып, ардагерлер мен зейнеткерлерге жәрдемдеседі, әлеуметтік мекемелерге қолдау көрсетеді және өңірлік өзара көмек жобаларын жүзеге асырады. Өткізілген іс-шаралар­дың қатарында – Астанадағы Паралимпиадалық орталықты қолдау, Қарағандыда «Құстарға көмектесеміз» экологиялық акциясы, Рамазан айында ораза ұстаушыларға құрма мен су тарату, «Жүректен жүрекке» және «Жақсылық жасап жарысайық» өңірлік игі істер марафондары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету және ардагерлер мен зейнеткерлерге азық-түлік себеттерін тапсыру сынды игі іс бар.    

Тәжірибе көрсеткендей, бүгінде ірі жұмыс берушінің әлеу­меттік жауапкершілігі еңбек ұжымы алдындағы міндет­темелерді орындау шеңбері­нен асып түседі. Сөз адам капиталын дамытуға жағдай жасау, әлеуметтік тұрақтылықты нығай­ту және адамдардың өмір сүру сапасын арттыру туралы болып отыр. Сондықтан да ҚТЖ-ның  әлеуметтік жобалары корпоративтік саясаттың бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар елдің тұрақты дамуына қосқан үлесі саналады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 11:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары