Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

ҚТЖ ның еншілес компаниясы жүздеген миллион теңгеге премиум автокөліктерді сатылымға шығарды

ҚТЖ ның еншілес компаниясы жүздеген миллион теңгеге премиум автокөліктерді сатылымға шығарды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

"Қазақстан темір жолының" еншілес компаниясы KTZ Express бірнеше премиум санаттағы автокөлікті саудаға шығарды. Олардың бірі 164 миллион теңгеге бағаланған. Бұл көліктер компанияға қалай келді және неге оларды сату шешімі қабылданды – Tengrinews.kz тілшісінің материалынан оқыңыз.

164 миллион теңгелік Lexus: неге бағасы таңғалдырды?

Электрондық сауда порталында ҚТЖ-ның еншілес компаниясы KTZ Express үш автокөлікті сатылымға шығарды.

Оның екеуі Lexus премиум жол талғамайтын көліктері.

Бұл тізімдегі ең қымбаты 2019 жылғы ақ түсті Lexus LX570. Оны 164 817 000 теңгеге сатпақшы.

Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынан

Айта кетейік, бұл нарықтағы ұқсас көліктерден 114 миллион теңгеге қымбат.

Мысалы, қайталама нарықта дәл осындай пайдаланылған автокөлік 50 900 000 теңгеге бағаланған.

Хабарландыру kolesa.kz сайтынан алынды

Ал тәуелсіз бағалаушылар саудаға түсетін көлік құнын 50 миллион теңге деп белгіледі.

Автокөлікті бағалау деректері

Алайда автокөлікке арналған аукцион бағаны түсіру әдісімен жарияланған. Бұл лот құны біртіндеп төмендейтін сауда түрі. Тауарды ұсынылған бағаға сатып алуға бірінші болып келіскен қатысушы жеңімпаз атанады.

Ондаған миллион теңге айырмашылық: саудадағы екінші Lexus

Тізімдегі екінші көлік те – Lexus LX570, бірақ ол 2014 жылғы. Ол алдыңғы модельден айтарлықтай арзан: бағасы 88 350 000 теңге.

Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынан

Бірақ тәуелсіз сарапшылардың бағалауына сүйенсек, көлікті нарықтағы бағадан үш есе қымбатқа сатпақшы. Олардың дерегінше, бұл Lexus-тың бағасы 28 миллион теңге.

Автокөлікті бағалау деректері

Расында, бұл үлгідегі және параметрдегі көліктер қайталама нарықта осы баға аралығында сатылады.

Хабарландыру kolesa.kz сайтынан алынды

Бағасы ерекше Skoda

Үшінші лоттағы көлік премиум санатқа жатпайды – 2010 жылғы Skoda Super B6. Ол саудаға 17 100 000 теңгеге шығарылды. Бұл ретте оның нарықтағы бағасы (және ресми бағалаудағы құны) 5 есеге жуық арзан: небәрі 3,5 миллион теңге.

Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынан

KTZ Express-ке бұл көліктер қайдан келді және неге сатылып жатыр?

Tengrinews.kz редакциясы осы сұрақпен ҚТЖ-ға жүгінді. Компания көліктерді өз қажеттіліктері үшін сатып алмағанын хабарлады.

Жауаптан көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету шартын орындау кезінде мердігер талаптарды бұзғаны белгілі болды. Материалдар құқық қорғау органдарына беріліп, кейін қылмыстық іс қозғалған.

"Сот талқылауының қорытындысы бойынша жеткізуші "KTZ Express" АҚ-ға келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді. Сот шешіміне сәйкес, жеткізушінің мүлкі (соның ішінде автокөліктер, пәтерлер және басқа да мүлік) келтірілген залалды өтеу есебіне берілді", – деп түсіндірді ҚТЖ.

Бұл мүлік 29 шілдеде басталған электрондық сауда арқылы сатылып жатыр.

KTZ Express немен айналысады?

"KTZ Express" АҚ - Қазақстанның ұлттық логистикалық операторы. Компания "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның 100 пайыздық еншілес ұйымы. ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы мен магистральдық жолдарды басқарса, KTZ Express коммерциялық логистикаға, контейнерлеуге, транзитке және мультимодальді бағыттарға жауап береді.

Бұған дейін Tengrinews.kz ҚТЖ-ның еншілес компаниясы "ҚТЖ – Жүк тасымалы" мекемесіне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 1,42 миллиард теңге айыппұл салынғаны туралы жазған болатын.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, компания тасымалдау жоспарын бөлу кезінде үлестес құрылымдары – KTZ Express пен "КедентрансСервис"-ке басымдық берген. Бұған Қазақстан, Қырғызстан экспедиторлар қауымдастығы және көліктік-экспедиторлық компаниялар шағымданған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 18:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары