Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астана Фукуок рейсінің жолаушылары 2 сағат бойы бортта отырған

Жасөспірімдерге TikTok пен Instagram ға тыйым салынбақ: ғалымдар эксперимент бастады

Ол өмір үшін күресіп жатыр: Жезқазғанда ауыр хәлдегі 2 жасар қыздың анасы шұғыл көмек сұрайды

Батыс Қазақстанда үш адам үсіп өлді

Атырауда мектептер мен колледждер онлайн форматқа көшті

Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды

Бүгінгінің Толағайы Бала Толағайда

Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

Ұлт оқитын 100 кітап : Астанада жаңа онлайн кітапхана платформасы таныстырылды

Әскерге кеткен ұлымның сүйегін қайтарды : қаза болған атыраулық сарбаздың анасы әділдік іздейді

Қазақстан бокстан ӘЧ ның медаль есебінде Өзбекстанды басып озып, екінші орын алды

Рамазан Оразов ресми түрде Елімай футбол клубының ойыншысы атанды

Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды

​Volkswagen Германиядағы зауытын жабады

Украина Ресейдегі маңызды нысандарға соққы берді

Лукашенко Трамптың өтінішімен 120 дан астам саяси тұтқынды босатты

Елордадағы құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты

Уиткофф Украина бойынша келіссөз өткізу үшін Берлинге барды БАҚ

Іске аспаған жүз жоба : AMANAT партиясы моноқалаларды дамыту мәселесін көтерді

Қытай көліктерінің қауіпсіздігін сынауға арналған құны 284 миллион доллар болатын орталық ашылды

Қуанышбек МҰҚАШ: Түскен қаражатты халық игілігіне жұмсау қадағаланады

Қуанышбек МҰҚАШ: Түскен қаражатты халық игілігіне жұмсау қадағаланады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елімізде заңсыз активтерді табу, қайтару және оларды қоғам мүддесіне бағыттап ел игіліне пайдалану кейінгі жылдары мемлекеттік саясаттың басым бағыттардың біріне айналды. 2023 жылы Бас прокуратура жанынан құрылған Активтерді қайтару комитеті осы саладағы жүйенің негізін қалап, Қаржы министрлігінің қарамағында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» (басқарушы компания) сияқты арнайы институттардың пайда болуына жол ашты. Осылайша, елімізде заңсыз активтерді қайтару және оларды басқару жүйесі біртіндеп ашық, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағыттағы механизмге айналып келеді. Нәтижесінде, мемлекет те, қоғам да қайтқан активтердің қайырым көре бастады. Осы ретте, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының бас директоры Қуанышбек Мұқашпен сұхбат құрып, активтерді басқару ісіндегі негізгі нәтижелер жайлы әңгімелестік.

– Қуанышбек Жақсыбекұлы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жол­дауында атап өткен цифрлан­дыру, ашықтық және инвес­торлардың құқықтарын қорғау ба­ғыттары сіздердің компа­нияның жұ­мысына қалай әсер етеді? Сондай-ақ Жолдауда қойылған міндеттер аясында қайтарылған активтерді тиімді пайдалану арқылы қоғам мен экономикаға нақты қандай пайда әкелу көзделіп отыр?

– Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің дамуындағы кезекті жаңа бағытты айқындап берді. Ол вектор цифр­ландыру мен ЖИ-ге, инновацияларға және инвестиция тартуға негізделіп отыр. Қайтарылған активтерді басқару және сатумен айналысатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС үшін Мемлекет басшысының инвесторлардың құқығын қорғауға және үдерістердің ашықтығын арттыруға ерекше назар аударуы біздің жұмысқа барынша серпін беріп, жүйе тетіктерін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

Активтерді қайтару комите­тінің орнына Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетін құру әділ әрі іскерлік ортаны қалыптастырудағы жұмыстың заңды жалғасы деуге болады. Активтерді қайтару тәжірибесі қазірдің өзінде нақты нәтиже беріп отыр. Бұл қайтарылған активтердің адам капиталын нығайтудың құралына айналғанын көрсетеді.

Президент әрбір ресурсты – қаржы қаражаты, цифрлық технологиялар немесе жер телімдері болсын тиімді пайдалану қажеттігін ерекше атап өтті. Осыған байланысты барлық қайтарылған жерді айналымға енгізу жөніндегі тап­сырманың мәні айрықша. Бұл міндет біздің қызметімізбен тікелей байланыс­ты, өйткені активтерді басқару қоғамға да, экономикаға да пайда әкелуге тиіс. Осы ретте басқарушы компанияның негізгі миссиясы қайтарылған активтерді басқару, олардың сақталуын қамтамасыз ету және сату екенін айта кеткім келеді.

Мәселен, бүгінде Алматы қаласында жалпы ауданы 11129,6495 га болатын 17 жер учаске­сі мемлекетке берілді. Олар тауар­лық ауыл шаруашылығын жүргізуге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және оқу мақсаттарына арналған.

Біз Қаржы министрлігі жүзеге асырып отырған, Президенттің тапсырма­ларын орындауға бағытталған «Digital Qazaqstan» бастамасы аясындағы жұмыс­қа белсенді атсалысуға және шынайы цифрлық экономиканы құруға өз тарапымыздан қомақты үлес қосуға да­йынбыз.

– Осы жерде «Қайтарылған актив­терді басқару компаниясы» ЖШС-нің алдына міндеттелген мақсаттары мен міндеттеріне қысқаша тоқтала кетсеңіз. Себебі бүгінде кей­бір азаматтар басқарушы ком­панияның қызметін проку­ратураның құзыре­тіндегі активтерді қайтару ісімен шатастырып жатады.

– Ең алдымен, «Қайтарылған актив­терді басқару компаниясы» ЖШС (басқарушы компания) активтерді қайтарумен айналыспайтынын атап өткен жөн. Бұл функция – өкілетті құ­қық қорғау органдарының, ең алды­мен Бас прокуратура жанындағы Актив­терді қайтару жөніндегі комитеттің құзырында.

Басқарушы компанияның негізгі міндеттері – қайтарылған активтерді басқару, олар­дың сақталуын қамтамасыз ету, ашық электрондық аукциондарда сату, әлеуметтік сұраныс болған жағдайда мемлекеттің меншігіне беру, сондай-ақ түскен қаражатты Арнау­лы мемлекеттік қорға аудару. Ал ақша түрінде қайтарылған активтер тікелей Арнаулы мемлекеттік қорға түседі.

– Компанияның құрыл­ғанына көп бола қоймаса да, атқарған жұмысының ауқымы аз емес екенін көріп отырмыз. Осы күнге дейін қанша актив сатылды, мемлекетке қанша пайда түсті?

– Қысқа мерзім ішінде-ақ басқару­шы компания тұрақты қарқын мен айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр. Биылғы 17 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 51,1 млрд теңге (ҚҚС-сыз) болатын 163 актив сатылды. Олардың қатарында жылжымайтын және жылжымалы мүлік, элиталық зергерлік бұйымдар, қол сағаттары, коллекциялық монеталар, шетелдік активтер бар.

Осы кезеңде Арнаулы мемлекеттік қорға 38,2 млрд теңге аударылды. Оның ішінде 37 млрд теңге – активтерді сатудан түскен түсім, 1,2 млрд теңге – ак­тивтерді басқарудан түскен кірістер (жалдау, сенімгерлік басқару, депозит пайыздары, дивидендтер). Бұл көрсеткіштер Атқарушы компания жұмысының мемлекетке нақты қаржылық пайда әкеліп отырғанын дәлелдейді.

– Сатылған активтердің ішіндегі ең қымбатын атап өт­сеңіз, ол қай қалада, қан­дай мүліктік санатқа жатады?

– Әрине, жүргізіліп жатқан жұмыс­тың табыстылығын айқын көрсететін бірне­ше мысалды келтіре аламыз. Мәселен, Алматы қаласындағы «Байтақ» шағын ауданында орналасқан жер учаскесі аукционға 176 млн теңгелік бағамен қойылып, 657 млн теңгеге сатылды. Бұл – бастапқы бағадан шамамен төрт есе жоғары көрсеткіш. Сол сияқты Алматы қаласындағы Байтұрсынұлы көшесі, 46 мекенжайындағы әкімшілік ғимараттың бастапқы құны 663 млн теңге болса, аукциондағы түпкілікті сату бағасы 732 млн теңгеге жетті. Бұдан бөлек, Астана қаласындағы Қ.Мұхамедханов көшесінде орналасқан үй-жай бағасы бастапқыда 84,6 млн теңгеге белгіленіп, аукцион нәтижесінде 96,8 млн теңгеге сатылды.

Сондай-ақ сәндік бұйымдар санатын­дағы активтерді де атап өткім келеді. Осы жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 243 млн теңге болатын 115 дана бұйым сатылды. Олардың ішіндегі Patek Philippe World Time Chronograph Green Mecca Edition қол сағаты (бастапқы бағасы 17 млн теңге) 36 млн теңгеге сатылды. 13 млн теңгеге бағаланған Cartier Ballon Bleu қол сағаты 17 млн теңгеге сатылды, Blancpain Villeret Ultra-Slim қол сағатының құны 1,8 млн теңгеден бас­талып, 2,9 млн теңгеге сатылса, Patek Philippe Nautilus қол сағаты 22 млн теңге­ге бағаланып, 26 млн теңгеге өтіп кетті.

Сонымен қатар мәдени-тари­хи құндылығы бар объек­ті­лерге де ерекше мән беріледі. Мәселен, сақ дәуірінің артефактілері мен коллекциялық монеталар Ұлттық музей қорына берілді.

– Заңсыз активтерді қайта­ру, оларды басқару ісі елімізде алғаш рет кең ауқымда қолға алынып отырғандықтан, бұл салаға әлі де тәжірибе керек екені белгілі. Бұл ретте қай ел­­дердің тәжіри­бесіне көбі­рек сүйенесіздер? Жалпы, осы ба­ғыттағы халықаралық ын­ты­­мақтастық мәсе­лесіне қанша­лықты мән беріп отырсыздар?

– Бұл сала елімізде жаңадан қалып­тасып келе жатқандықтан, біз үшін әлем­дік үздік тәжірибені зерделеу және бейімдеу аса маңызды. Осы мақсат­та біздің серіктестік халықаралық ынты­мақтастықты белсенді дамытып отыр. Басқарушы компания Дүниежүзілік банк, ЕҚЫҰ, Азия даму банкі (АДБ) сияқты жетекші ұйымдармен серіктестік орнатып, IPAF, BAMIN сияқты халықара­лық форумдарға қатысу арқы­лы үздік тәжірибелерді меңгеріп келеді. Бұл бізге үдерістерді жетілдіруге, стратегиялық ұстанымдарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Біздің бүгінгі жүйенің ерекшелігі – халықаралық үлгідегі озық тәжірибені алғанымызда. Бұл тек мемлекеттік органның жұмысы емес, сонымен қатар біздің компания сияқты заңды тұрғыда бизнес субъектісі әрекет етеді. Сондықтан қайтқан активті балансымызға алып, уақытша басқара аламыз, кейін сата аламыз. Бұл жүйе жұмысымыздың икем­ділігін қамтамасыз етеді. Өйткені кейде бізге дайын бизнес келеді. Оны бірден сатып жіберу мүмкін болмай жатады, сондықтан оны белгілі бір уақыт аралығында басқарып отырамыз. Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған.

Сонымен қатар біз халық­аралық компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз, тәжірибе алмасамыз. Шетелдік сарапшылар келеді, біз де барып үйренеміз.

– Активтер жайлы барлық ақпарат ашық айтылғанымен олардың кімге тиесілі екені мүлдем жарияланбайды. Бұл заңмен реттелген қағидат па, әлде оның басқа да себептері бар ма?

– Иә, бұл – ең алдымен заң­мен бекітіл­ген қағида. Қаржы министрлігінің қолдауымен заңның нақты бабында көрсе­тіл­ген. Мұның да өзіндік себебі, қисыны бар. Өйткені қай­тарылатын активтердің түрі әр­түрлі. Мәселен, бірде әлеу­меттік нысан болуы мүмкін, бірде бизнес нысан, кейде ком­панияның үлесі немесе акция­сы қайтарылады. Міне, сол актив­тердің бұрын кімге тиесілі болғанын ашып айтсақ, сатып алушыларға да, бізге де қиындық туғызуы мүмкін. Себебі адамдардың санасында түрлі сұрақтар, күдік-күмәндәр пайда болады. Ал ол сатудың тиімділігін төмендетеді.

Екіншіден, активтердің бұрын­ғы иелері қазір де ірі кәсіпкер болуы мүмкін. Айталық, олардың компанияларында мыңдаған азамат жұмыс істейді. Егер біз ол кісілердің атын атап, қай актив кімнен қайтарылғанын жария етсек, олардың бизнесіне, имиджіне де зиян келуі ықтимал. Тіпті сол арқылы еліміздегі жалпы бизнес климатқа да кері әсер етуі мүмкін. Яғни біз бір активті қайтарып аламыз да, екінші жағынан белсенді биз­несті жоғалтып алу қаупі туады.

Әрине, қоғам тарапынан «Бұл актив кімнен қайтарылды? Бұрынғы иесі кім?» деген сияқты сұрақ көп түседі. Бірақ біз оны заң бойынша жариялай алмаймыз. Себебі бізге ең бастысы – активтің кімнен қайтарылғаны емес, оны барынша тиімді бағамен сату, түскен қаражатпен ел игілігіне жұмыс істейтін арнайы қордың қоржынын толтыру.

Жасыратын несі бар, әу бас­та мұны жұрт­шылық жете түсін­беді. Тіпті «Қайт­қан малдан қайыр жоқ», «Бүлін­геннен бүлдіргі алма» деген сияқты неше түрлі керітартпа үгіттер де айтылып жатты. Бірақ уақыт өте келе біздің түсіндіру жұмысымыздың нәтижесінде қоғам да бұл мәселе­нің мәнін ұға бастады. Сондықтан айтарым, бұл жерде бас­ты саясат – активтердің бұрынғы иесін әшкерелеу емес. Ең бастысы – активтерді дұрыс пайдалану, олардан түсетін қара­жатты халықтың игілігіне жұмсау.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Жасұлан СЕЙІЛХАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астана Фукуок рейсінің жолаушылары 2 сағат бойы бортта отырған

14 Желтоқсан 2025 19:12see115

Жасөспірімдерге TikTok пен Instagram ға тыйым салынбақ: ғалымдар эксперимент бастады

14 Желтоқсан 2025 11:35see114

Ол өмір үшін күресіп жатыр: Жезқазғанда ауыр хәлдегі 2 жасар қыздың анасы шұғыл көмек сұрайды

14 Желтоқсан 2025 17:11see113

Батыс Қазақстанда үш адам үсіп өлді

15 Желтоқсан 2025 16:44see112

Атырауда мектептер мен колледждер онлайн форматқа көшті

14 Желтоқсан 2025 17:10see111

Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды

15 Желтоқсан 2025 15:41see108

Бүгінгінің Толағайы Бала Толағайда

16 Желтоқсан 2025 04:54see107

Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

15 Желтоқсан 2025 10:17see107

Ұлт оқитын 100 кітап : Астанада жаңа онлайн кітапхана платформасы таныстырылды

15 Желтоқсан 2025 21:42see107

Әскерге кеткен ұлымның сүйегін қайтарды : қаза болған атыраулық сарбаздың анасы әділдік іздейді

15 Желтоқсан 2025 14:29see106

Қазақстан бокстан ӘЧ ның медаль есебінде Өзбекстанды басып озып, екінші орын алды

14 Желтоқсан 2025 09:32see105

Рамазан Оразов ресми түрде Елімай футбол клубының ойыншысы атанды

14 Желтоқсан 2025 17:11see105

Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды

14 Желтоқсан 2025 12:22see105

​Volkswagen Германиядағы зауытын жабады

15 Желтоқсан 2025 16:29see105

Украина Ресейдегі маңызды нысандарға соққы берді

14 Желтоқсан 2025 18:52see105

Лукашенко Трамптың өтінішімен 120 дан астам саяси тұтқынды босатты

14 Желтоқсан 2025 11:15see103

Елордадағы құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты

15 Желтоқсан 2025 13:02see101

Уиткофф Украина бойынша келіссөз өткізу үшін Берлинге барды БАҚ

14 Желтоқсан 2025 21:59see100

Іске аспаған жүз жоба : AMANAT партиясы моноқалаларды дамыту мәселесін көтерді

15 Желтоқсан 2025 18:46see100

Қытай көліктерінің қауіпсіздігін сынауға арналған құны 284 миллион доллар болатын орталық ашылды

14 Желтоқсан 2025 15:04see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары