Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Құнарлы өнімге сұраныс жоғары

Құнарлы өнімге сұраныс жоғары

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ертіс пен Үбінің тоғысқан тұсынан орын тепкен Шемонаиха – шаруашылығы шалқыған, мыс кені балқыған бақуатты аудан. Өндірісі мен өнімі асып-тасқан кең жазираның топырағы майлы, ел көңілі жайлы. Ауданды алға тартып келе жатқан іргелі өндіріс орындарының бірі – жем тарту комбинаты. Шекара шебіндегі бұл кәсіпорынның іргетасы 1999 жылы қаланып, сол кезеңнен бастап өңірдің агроөнеркәсіптік дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Келмеске кеткен ке­ңес­ өкі­­ме­ті құлап, ұжым­шар-кең­шар­лар тарап жатқан уақытта бұл комбинаттың жұмысы кері­сінше, құлашын кеңге жай­ған. «Қос қолға күрек» таппай қал­ғандардың бірқатары осы жақ­тың жұмысына бел шеше кіріс­кен. Қазірдің өзінде жем тарту комбинаты аудан тұрғындарын тұрақ­ты жұмыспен қамтып отыр. Оның қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапалы өңделуіне, аймақтың азық-түлік қауіпсіз­ді­гін нығайтуға, экономикалық тұрақтылықты сақтауға тікелей ықпал етеді. Өндіріс үдерісі ең алдымен сапалы шикізаттан басталады. Күн сайын бас элеватордан жеткізілетін астық арнайы қабылдау аймағына түсіп, алғашқы өңдеу кезеңінен өтеді. Арпа, бидай, жүгері мен рапс сынды дақылдар қойма­да сұрыпталып, өлшеніп, әрі қарай зертханаға жөнелтіледі. Барлығы талапқа сай болса, шикі­­зат технологиялық желіге бағыт­талады. Аудандағы айтулы кәсіпорынның тыныс-тірші­лігімен біз де таныстық.

– Айына 1800–1700 тонна ­жем шығарамыз. Оның ішінен ­­400–450 тонна Тәжікстан, Өз­бек­стан мемлекеттеріне жөнел­тіледі. 400 тоннасы Оңтүстік Қазақстанға, қалған 1 200 тонна ауданда қалады. Жергілікті шаруалар шикізатпен толық қамтылады. Былтыр 1 млрд теңге несие алып, шаруашылықтарға таратып бердік, – дейді «Шемо­наиха ұн тарту және құрама жем комбинаты» ЖШС дирек­торы­ның орынбасары Берік Ізбасаров.

Мұндағы жұмыс жүйелі жолға қойылған. Өлшенген шикізат екінші қабатта орна­ласқан миксерге жеткізіледі. Бар­лық компонент белгіленген технология бойынша мұқият араластырылады. Миксерден шыққан жем конвейер арқылы түйіршіктеу аппаратына бағыт­талады. Бұл жерде қоспа ұнтақ­талып, жоғары қысыммен өңде­леді. Байқағанымыздай, тер­миялық өңдеу жемнің ұнтақ кү­йінде шашырап кетпеуі үшін керек екен. Гранулаға айналған жем ары қарай салқындатуға жіберіліп, температурасы тө­мен­детіледі. Содан соң ғана қапта­лып, сақталады.

2013 жылы мемлекеттік бағ­дарлама бойынша несие алған серік­тестік басшылығы автомат­тандырылған, соңғы үлгіде жа­салған, жемнің бірнеше түрін өңдеуге қауқарлы құрылғы сатып алған. Былтыр құрылғыла­­рын жаңартып, өндіріс технология­­­сын оңтайландырған. Қазір кәсіп­орын 65 адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Былтыр кәсіпорын өнді­ріс­тік желілер мен логис­тика­лық инфра­құрылымды жаңар­­туға және қойма қуаттарын кеңей­туге бағытталған 1,5 млрд теңге­нің инвестициясын тартты. Бұл бағдарлама арқылы зауыт­тың технологиялық шығынын едәуір азайтып, құрама жем өндірі­сін арттыруға мүмкіндік берді. ­2025 жылдың қорытындысы бойын­ша өндіріс 11 660 тоннаны құра­ды, – дейді Шемонаиха аудан­дық кәсіпкерлік бөлімінің бас­шысы Мадина Шекеева.

Ал заманауи құрылғының тілін білетін түрік азаматы Юсуф Ақын жем тартып, оны тү­йіршіктеу жұмысының басы-қасында 10 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бала жастан ауыл ша­руашылығының қыр-сы­рын көріп өскен ол бұл саланы ұр­шықша иіріп әкеткен.

– Зауыттың монтажы мен барлық жабдығы Түркиядан әке­лінді. Жоба толықтай сол ел­дің технологиясына негіздел­­ген. Өзім бұл салада көп жылдан бері еңбек етіп келемін. Біздің өн­діріп отырған өнім­нің сапасы өте жоғары. Қазір зауыт тәулігіне 100 тонна жем шы­ғарады. Тапсы­рыс көп болған­дықтан алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді жос­парлап отырмыз. Елімізде жем өндіруге барлық мүмкіндік бар. Сондықтан да өндірілетін жем құнарлы, – дейді «Шемонаиха ұн тарту және ­құ­рама жем ком­бинаты» ЖШС бас технологі Юсуф Акын.

Тілін қатардағы маман түсіне бер­мейтін басқару бөлмесіне бас сұқтық. Жалт-жұлт еткен экран, түрлі-түсті түймеше. Кәсіп­орынның кәдімгі «миы» дерсіз. Мұнда шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі әр кезең алдын ала жоспарланып, нақты есепке алынады. Комбинаттың жұмыс схемасы көрсетілген сызбалар мен электронды басқару жүйелері өндірістің үздіксіз әрі дәл орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде қоректік көрсеткіштер, ақуыз бен энергия мөлшері, мал түрі­нің физиологиялық ерекшелік­тері ескеріліп, жеке технология­лық шешім қабылданады. Өн­дірістің автомат­тан­дырылған басқару жүйесі де осы кабинет­тен қадағаланады. Барлық рецеп­тура электронды түрде бекітіліп, жабдық­тар­дың жұмыс тәртібі қашықтан реттеледі.

– Қараңыз, әр бункерде қан­дай дән түрі салынғаны жазылып тұр. Бидай, арпа, сұлы, жүгері, тағы басқалары бар. Осы шикізаттардың негізінде біз әр тұтынушының сұранысы­на қарай жемнің құрамын жасаймыз. Яғни ақуыз мөлше­ріне, энергиясына және малдың тү­ріне қарай арнайы рецепт құрас­тыра­мыз. Рецепт компьютер­де ­бекі­тілгеннен кейін процесс толық­тай автоматты түрде іске қосыла­ды. Бұл бункерлер астында ар­найы өлшеуіш тұр. Ыдысқа салын­ған шикізат 1 тоннаға жеткенде автоматты түрде қақпағы ашы­лып, ұсақтағыш машина­ға салады. ­Ол жұмыс аяқтал­ған соң мик­серге келеді. Ол жерде дайындала­тын жем түріне қарай дәрумен­дер қоспасы салынып, 3-4 минут араластыра­ды. Ары қарай дайын болған өнім арнайы суытқыш камера­сына түсіріледі. Сол жерден қаптар­ға салу құрылғысына жіберіле­ді, – деп, Юсуф Ақын жұмыс­­тың жүйесімен таныстырды.

Мұнда қабылданған әр ше­шім жем сапасына, өндіріс кө­леміне және кәсіпорынның жалпы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Алда-жалда жарық сөніп қалса, қолмен басқарылатын құрылғы көмекке келеді.

Айта кетейік, жемді тұтыну­шының қалауына қарай 10 кг, ­25 кг, 40 кг, 50 кг немесе 100 кг ­деп сата береді. Ұзын саны 15 түрлі жем тартылады. Айырмашылығы сол, майлылығында, құнарында, иісінде... Дайын жем вагондармен де, жүк көліктерімен де жөнелтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы,

Шемонаиха ауданы

Соңғы жаңалықтар

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Digital • Бүгін, 10:59

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 10:45

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Банк • Бүгін, 10:32

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 13:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары