Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша сарапшылар кездесуі өтті

Чехия премьер министрі: Қазақстан энергетика саласында аса үлкен орны бар ел

Қазақстан бойынша бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалды

Бурятиядағы кеніште қар көшкіні: қаза тапқан алты адамның мәйіті табылды

Ролан Гаррос турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады

“Сөз таңдаңыз“ Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

Астанада салмағы ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Германияда құтқарылған өркешті кит Тимми жаңа мекенге жол тартты

Алматыда медициналық жабдықты пайдалану кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды

Instagram дағы табысты бизнес бейне және Перизат Қайратпен байланысы. Мөлдір Сүйіншәлі туралы не белгілі?

Елордада биыл қандай көшелер салынатыны белгілі болды

Әзербайжан мен Өзбекстан бірлескен музыкалық жобаны іске асыруға келісті

Қазақстанда вебкам порностудиялары мен бала сатумен айналысқан қылмыскерлер ұсталды

Конституция елдіктің еңселі тірегі

Сенат жануарлар туралы резонансты заңды Мәжіліске қайтарды

KEDEN ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

Абай төсегін жинамаған . Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады

Татулықтың тамыры мәдениетте

Қазақстанда агроөндірістің жаңа моделі: фермерлер жасымық жеткізуге келісті

Қазақстанда жануарларды сатып алу және сату механизмі өзгереді

Құқық үстемдігі егемендіктің сара жолы

Құқық үстемдігі егемендіктің сара жолы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекеттік егемендік туралы декларация – аса маңызды елдік құжат. Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда әлемге танылған еліміздің тәуелсіздік негізі тап осы кезеңнен бастау алды. Декларация республикамыздың ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше айқындау, ресурстарға иелік ету, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыру құқығын алғаш рет заңды түрде бекітіп берді.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «ЕQ»

Декларацияның мемлекет және құқық үшін маңызын айтсақ, оны Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі 1990 жылы 25 қазанда қабылдағанын атап өткен жөн. Декларация республика Конститу­циясы мен заңдарының үстемдігін және ал­ғаш рет республикалық билік органдары­ның басымдығын белгіледі. Сондай-ақ өзінің ішкі әскер, мемлекеттік қауіпсіз­дік органдары, қаржы-несие және салық жүйелерін, азаматтық институты құқығын бекітті. Бұл еліміздің тәуелсіз­дік пен егемендікке жету жолындағы басты қадамы, оның мызғымас іргетасы болды.

Декларация жобасын Салық Зима­нов­тың басшылық етуімен еліміздің құқықтанушылар тобы дайындағаны белгілі. Декларацияда дербес мемле­кеттілік, елдің төл мәдениеті мен дәс­түрін, тілін жандандыру және дамыту, ұлттың қадір-қасиетін нығайту негіздері айшықталды. Декларация ережелері республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерге байланысты бір­қатар түйткілді дербес шешу қабілетін құқықтық тұрғыдан ресімдеп берді. Бұл сол уақыттағы аса маңызды қадам болды.

Осы тұрғыда республиканың заң­дық-құқықтық дербестігін бекіткен Декларацияның 8-тармағының маңы­зы ерекше. 1978 жылғы Қазақ КСР Консти­туциясында КСР Одағының заңдарына басымдық беріліп, ал республикалық актілер тек өкілеттік берілген шекте қолданылды. Аталған тармақ республика аумағында Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігін алғаш рет бекітіп берді. Бұл республика өз еркі­мен мойындаған бөлігінде ғана одақтық заңдардың қолданылатынын білдірді. Оның үстіне, егер одақтық актілер рес­публика Конституциясына қайшы келсе немесе оның егемендік құқықтарына нұқсан келтірсе, Республика олардың қолданылуын тоқтата тұру құқығына ие болды. Осылайша, ұлттық заңнаманы сыртқы араласудан қорғаудың құқық­тық тетігі жасалып, орталықтандырыл­ған ­модельден дербес құқықтық тәртіпке көшу ресімделді.

Құқықтық автономияға көшу мемле­кеттік билік органдарының біртұтас жүйесі: Парламентті, Үкіметті және сот жүйесін құруға ұласты. Осы құры­лымдар Декларация ережелерінің іс жүзінде қолданылуын қамтамасыз ете отырып, болашақ Конституция мен басқа да конституциялық акті­лер­дің қабылдануына негіз болды. Декла­рацияның мазмұны терең, әлеуеті мол және онда республиканың мемлекеттілікті дербес дамытуға және нығайтуға деген ұмтылысы айқын көрсетілді.

Құқықтық тұрғыдан алғанда Дек­ла­рация Қазақстанның тәуелсіз құқық­тық жүйесін қалыптастырудың негізгі іргетасына айналды. Тәуелсіздік таңы атқан жылдары еліміз одақтық норма­лардан тәуелсіз, жеке нормативтік база құрып бастады. Бір жылдан кейін «Қазақстан Республикасының мемлекет­­тік тәуелсіздігі туралы» Конституция­лық заң қабылданып, ол ұлттық егемендік негізін бекітіп, конституциялық құры­лыстың келешек құқықтық базасын құрды. Оның негізінде 1993 жылы егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. Ол заң үстемдігін, билікті бөлу қағидатын және бастысы – адамның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде бекітіп берді.

1995 жылғы 30 тамызда өткен рес­пуб­ликалық референдумда қабылданған жаңа Конституция мемлекетіміздің тұрақтылығы мен заманауи келбетін айқындады. Декларацияның 35 жылдығы Декларациядағы негізгі принциптер мен институттарды бекіткен және одан әрі дамытқан Негізгі заң – Конституцияның 30 жылдығымен сәйкес келіп отыр.

Елдің конституциялық үдерісі мен ­саяси жүйесінің дамуы қазіргі заманғы және тұрақты мемлекетті құруға, билік институттарын нығайтуға, олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арт­тыруға бағытталған бірқатар дәйекті реформаға ұласты.

Тәуелсіздік жылдары Конститу­ция­ға мемлекеттің саяси және институцио­налдық даму кезеңдерін бейнелейтін бірқатар түзету енгізілді. Түзетулердің әрбір блогі мемлекеттік басқарудың құрылымдық жүйесін дамытуды және демократиялық принциптерді айқындап берді. Ал 1998 жылғы өзгерістер билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін нығайтты. Кейіннен, яғни 2007 жылы сайлаудың пропорционалды-партиялық жүйесі енгізілді. Мұның өзі Парламенттің саяси жаңғыруы мен өкілеттіктерін кеңейту жолындағы маңызды қадам болды. Ал 2011 және 2017 жылдары іске асырылған реформалар тежемелік және тепе-теңдік жүйесін жетілдіре отырып, өкілді органдардың рөлін нығайтты және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін арт­­­тырды. Осы өзгерістер кейінгі жаңа­шыл­дықтарға негіз болды.

«Күшті Президент – ықпалды пар­ламент – есеп беретін Үкімет» форму­ласы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ­­2019–2022 жылдардағы реформалар ­демо­кратия­лық институттарға негіз­дел­ген әділ ­қо­ғам құрудың мағыналы жал­­­ғасы болды. Конституциялық рефор­­­малар Парламент пен жергі­лікті билік органдарының ­рөлін едәуір күшейтті. Осы реформалар­дың нәти­же­сінде азаматтардың құқық­тары ны­ғайып, құқық қорғау тетіктері күшей­тілді. Сондай-ақ қоғамды демо­кратия­ландыру және мемлекеттік инсти­туттардың ашықтығы қағидаттары енгі­зілді. Осы реформалардың нәтижесін­де біз егемендікті қазіргі заманғы мемлекеттіліктің ажырамас құндылығы ретінде танимыз.

2022 жылдан бері ұлттық мереке ретінде Республика күні мерекесі қайтадан 25 қазан атап өтілетін болды. Бұл қадам егемендіктің тарихи маңызы­на деген құрметті және ұлттық бірегей­лікті нығайтуды білдіреді. Мемлекет басшысы өз сөзінде атап өткендей, Республика күні – халықтың бірлігі мен ынтымақтастығының жарқын нышаны, сондай-ақ мемлекеттің бас­ты байлығы азаматтардың Әділетті Қазақстан құруды мақсат тұтқан күні.

Конституциялық сотты қайта құру, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл инс­титутын дамыту және прокуратура органдарын нығайту заңдылық және азаматтардың құқықтарының қор­ға­луын қамтамасыз ететін біртұтас жүйені қалыптастырды. Қазіргі жағдайда азаматтар өз құқықтарын тек сот арқылы ғана емес, конституциялық бақылау органы арқылы да қорғай алады, тіпті заң көмегін алады және қорғала алады. Конституциялық сот қазірдің өзінде азаматтардың мыңдаған өтініштерін қарады және заңнама мен құқық қол­дану практикасын жетілдіруде басты бағдар болған тұжырымдамалық құқықтық ұста­нымдарды әзірледі. Осылайша, конс­ти­туциялық бақылау органы іс жүзінде конституциялық құқықтар мен заңды­лықтың кепілі ретіндегі өз рөлін растады.

Сот төрелігінің қолжетімділігі мемле­кеттің кемелдену көрсеткіші, заңның қағаз жүзінде емес, адамға қызмет етудің шынайы көрінісі. Қазіргі таңда сот төрелігі мен процестік заңнама жүйесінде реформалар бірізді түрде жүзеге асырылып жатыр. Олардың басты мақ­саты – барлық азамат үшін қолжетімді әділ және тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз ету. Бұған кассациялық соттардың құрылуы дәлел бола алады. Кассациялық соттар осы жылдың 1 шілдесінен бас­тап өз жұмысына кірісіп, алдын ала іріктеусіз «үздіксіз» кассация қағидатын қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар еліміз өзін халық­аралық аренада бағыт-бағдары айқын және сенімді серіктес ретінде көр­сетті. Біз жүздеген екіжақты және көп­жақты келісімдер жасап, жаһандық инсти­тут­тардың толыққанды қатысушысы бол­дық. Бұл күн тәртібіндегі халықаралық өзек­ті мәселелерді беделді халықаралық ұйымдар деңгейінде талқылауға және шешуге жол ашып отыр.

Еліміз адам құқықтары туралы халық­аралық пактілерді және мем­лекеттердің міндеттемелерін адал орындау және егемендігін құрметтеу қағидаттарын бекітетін халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясын қоса алғанда, БҰҰ-ның негізгі шарттарының да тарабы бола білді. Елімізде адам құқықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың осал санаттарын қорғау және тағы да басқа саладағы халықаралық конвен­циялардың ережелері жоспарлы түрде іске асырылып келеді.

Бұл халықаралық міндеттемелерді сақтау бағыты ел тәуелсіздігінің құқық­тық негізінде, заңдылық пен әділеттілікті нығайтуға негізделген ішкі реформаларды мағыналы түрде толықтырады. Сондықтан мемлекеттік егемендіктің мәні өзгеріссіз қалады және бұл – Қазақстан халқының өз күшіне, заңның үстемдігіне, мемлекеттің тұрақтылығына деген сенімі.

Ел басшылығы бастамашылық еткен қазіргі заманғы реформалар Декла­ра­ция­да белгіленген құқық үстем­дігі, мемлекет­тің адам алдындағы жауап­кершілігі және билік инсти­туттары­ның ашық­тығы қағидаттарын дамы­тады. Бұл құқық­тың дамуы осы қасиеттерді тұрақты етеді және мемлекеттің беріктігі ұрандары­мен емес, заңның әрекетімен анықтылы­ғын растайды.

Саяси жүйенің дамуының заңды әрі толықтай түсінікті кезеңі ретінде жақын болашақта бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. Мемлекет басшысы парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы­ның бірінші отырысында сөйлеген сөзін­де атап өткендей, бұл реформа еліміз үшін мүлдем жаңа басқару моделін қалыптастырады.

Бұл үдерістер Мемлекеттік егемен­дік туралы декларация қабылданған­нан бергі және мемлекеттілікті, заң үстем­дігін, әділетті мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайтуға бағытталған реформаларды талқылауға дейінгі бағыттың сабақтастығын дәлелдейді.

Декларацияның 35 жылдығы – күн­тізбедегі жай ғана күн емес, бұл жетіс­тіктерімізді бағалап, одан әрі дамудың бағыттарын айқындайтын маңызды кезең. Бүгінде біз құқықтық жүйені нығайтып, цифрлық сервистерді дамытуды, сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуді және азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдік бере отырып, еркін, қуатты әрі әділетті Қазақстан құру жолын одан әрі жалғастыра береміз.

Ерлан СӘРСЕМБАЕВ,

Әділет министрі 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша сарапшылар кездесуі өтті

30 Сәуір 2026 02:43see118

Чехия премьер министрі: Қазақстан энергетика саласында аса үлкен орны бар ел

29 Сәуір 2026 19:43see113

Қазақстан бойынша бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалды

29 Сәуір 2026 21:26see112

Бурятиядағы кеніште қар көшкіні: қаза тапқан алты адамның мәйіті табылды

29 Сәуір 2026 02:56see112

Ролан Гаррос турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады

29 Сәуір 2026 23:40see110

“Сөз таңдаңыз“ Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

29 Сәуір 2026 18:51see110

Астанада салмағы ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

29 Сәуір 2026 19:44see109

Германияда құтқарылған өркешті кит Тимми жаңа мекенге жол тартты

29 Сәуір 2026 23:09see109

Алматыда медициналық жабдықты пайдалану кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды

30 Сәуір 2026 02:42see109

Instagram дағы табысты бизнес бейне және Перизат Қайратпен байланысы. Мөлдір Сүйіншәлі туралы не белгілі?

29 Сәуір 2026 18:52see108

Елордада биыл қандай көшелер салынатыны белгілі болды

29 Сәуір 2026 23:09see108

Әзербайжан мен Өзбекстан бірлескен музыкалық жобаны іске асыруға келісті

28 Сәуір 2026 23:36see108

Қазақстанда вебкам порностудиялары мен бала сатумен айналысқан қылмыскерлер ұсталды

29 Сәуір 2026 22:38see107

Конституция елдіктің еңселі тірегі

30 Сәуір 2026 06:45see107

Сенат жануарлар туралы резонансты заңды Мәжіліске қайтарды

30 Сәуір 2026 10:56see107

KEDEN ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

29 Сәуір 2026 10:54see106

Абай төсегін жинамаған . Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады

29 Сәуір 2026 10:54see106

Татулықтың тамыры мәдениетте

30 Сәуір 2026 06:44see106

Қазақстанда агроөндірістің жаңа моделі: фермерлер жасымық жеткізуге келісті

30 Сәуір 2026 12:04see105

Қазақстанда жануарларды сатып алу және сату механизмі өзгереді

30 Сәуір 2026 10:49see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары