Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Энергетика егемендіктің күретамыры

Энергетика егемендіктің күретамыры

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Үкіметке 20 наурызға дейін көмір өндірісін дамытудың ұлттық жобасын бекітуді тапсырды.

Сурет: ales.kz/

Мемлекет басшысының ай­туынша, елімізде өндірілетін 123,1 млрд киловатт/сағат көлемін­де электр энергиясы біздің бар­лық жоспарымызды табысты орын­дауға жетпейді. «Мен бұл тура­лы Қауіпсіздік Кеңесінің жа­қында өткен отырысында нақ­ты айттым. Басқаша айтқанда, біз­дің еліміздің бәсекелестік ар­тық­шылықтары тиісті түрде іске асырылмаған. Қазақстанда көмірдің орасан зор қоры бар – шамамен 33 млрд тонна. Қазіргі тұтыну деңгейімен бұл көмір қоры 300 жылға жетеді. Жыл сайын­­ғы өндіру 110 миллион тон­­на­дан асады», деді Мемлекет басшысы.

Энергетикалық тәуелсіздік – егемендіктің күретамыры. Бү­гінде елімізде 37 ЖЭО бар, оның 18-і – мемлекеттік және ква­­зи­мемлекеттік, қалғаны – жеке­меншік. Өткен жылы олар 31,7 млн тонна көмір тұтынып, 41,6 млрд кВт/сағ электр энергиясын немесе жалпы өндірістің 35%-дан астамын өндірді. Біз электр энер­гиясының тапшылығын бас­тан кешіріп отырмыз: тұтыну да генерация сияқты өсіп, ең жоға­ры жүктемені импорт есебінен
жауып жүрміз.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінде елдегі энер­гетикалық көмірдің растал­ған қоры 33,6 млрд тоннаны құ­рай­ды. Бұл жағдайларда көмір ге­нерациясынан толық бас тар­ту жақын болашақта экономи­калық тұрғыдан тиімсіз. Күн тәр­тібіндегі басты мәселе – көмір ба­засын сақтау арқылы им­порт­­­қа қажеттілік азаяды және дәс­­түрлі ресурстар мен жаңа көз­­­дер арасындағы теңгерім сақ­та­лады. Сондықтан жаңа көмір стан­саларын салу, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, эколо­гиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетін, экологияға ең аз әсер ететін таза көмір технология­ларына негізделетіні айтылып жатыр.

Бізде экономикаға қызмет етіп жатқан энергетикалық жүйе­нің мүмкіндігі толыққанды зерде­ленбеген. Мұнай мен та­би­ғи газды, уранды пайдалану арқылы энергия өндіру – бұ­рын­нан қалыптасқан әдіс. Ағын судан, жел мен күннен, тіпті қал­дықтардан, ескі резеңке дөңге­лекті жағу арқылы да электр энер­гиясын өндіріп алуға болады. Бірақ мұның бәрі қаржыға келіп тіреледі. Еліміз­дің климаты салқын, өңір­леріміз газдандырылмаған, сон­дықтан көмірден мүлдем бас тарту біз­ге әзірге тиімсіз. Демек, бізге жұмыс істеп тұрған ЖЭО-ларды жаңғырту мен оны технологиямен интеграциялау әлдеқайда тиімді. Мұны көмір ке­ніш­­теріне көз тіккен инвесторлар есебінен де шешуге болады.

Қазір көмір энергетикасына басымдық беретін елдердің басым көпшілігі Қытайдағы ЖЭО-ның мүмкіндігіне назар аударып жатыр. Қытай өткен жылдары қуаты 94,5 ГВт көмір электр станса­ларының құрылысын бастады. Бірақ 2027 жылға қарай көмір энергиясын шығаруды екі есеге қысқарту бойынша кешенді жос­парды ұсынды. Жоспар көмірді биомассамен, жаңартылатын сутек­тен алынған «жасыл» аммиак­пен бірге жағуды, сондай-ақ көміртекті ұстау, пайдалану мен сақтау технологияларын (CCUS) енгізуді қамтиды. Мақсаты – көмір электр стансаларының шыға­рындыла­рын газ электр станса­ларының дең­гейіне дейін қысқарту. Қытай­дағы ЖЭО-ның негізгі қағидаты – көмір электр стансасынан қор­шаған ортаға түсетін жүктеме сол қуаттағы газ электр стансасынан жоғары бол­мауы тиіс. Қытайда бұл жаңа бу параметрлері мен жаңа сүзу жүйелерінің арқасында сақта­лады. Басқаша айтқанда, көмір­ден ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды су мен будың сүзіп алуға мүмкіндігі бар. Қытайда қолданылатын технологиялар қатты бөлшектердің 99,99 пайызын ұстауға мүмкіндік береді.

Технология дамып жатыр. Семей және Өскемен қалала­рын­да салынатын жаңа көмір ЖЭО, сондай-ақ Курчатов пен Екібастұз қалаларында ірі электр стансалары осындай технологияларды қолдана отырып салынады.

Бір ғана Екібастұз ЖЭО-ның қуаты екі бірдей АЭС-тің қуаты­мен бірдей. Ал жаңа ЖЭО құры­лыстарына жұмсалатын қаржы АЭС-пен салыстырғанда арзан. Екібастұздағы көмір қорының мүмкіндігі Қазақстанның бар­лық жылу электр орталығын көмір­мен қамтамасыз етуге де, экспортқа шығаруға да жетеді.

Қысқасы, Мемлекет басшысы энергетикалық дипломатияның құпиясы тек АЭС немесе жаңғыр­тыл­ған энергетика көздерін­де емес, көмірге байланыс­ты еке­­нін ескертті. Тапсырма бер­ді, энер­ге­тикалық дипломатия сырт­­қы сая­сат тұрғысынан мемле­кеттердің энергетикалық мүдде­лерін қорғау үдерісіндегі негізгі ойын ережесі екенін ес­керт­ті. Бұл ретте көмір геосаяси мүд­делер призмасы арқылы қарала­тын энергетикалық қауіп­сіздік пен ықпалды қамта­масыз етуге арналған негізгі ре­сурс­тардың бірі екені айтылды. Көмір отынның басқа да қазба түрлері сияқты энергетикалық қауіпсіздік пен елдер арасындағы бәсекелестік стратегияларының негізгі факторына айнала бастады.

Советхан НҰРПЕЙІСОВ,

Қазақстан электр техникалық қауымдастығының мүшесі 

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары